Пәтуәлар

Пайыздық несиенің баламалы таңдауы бар ма?



Сұрақ: 

Банк маған жеңілдікті несие ұсынып отыр. Яғни, мен мысалға 36 айға 150 доллар алсам десек, онда ай сайын 5 доллардан төлеп бере аламын. Осылайша мен несині толық 6 айда төлеп беруіме үміттенем. Бұндай келісім рұқсат па? Төлем мерзімін өзгертсе болады ма? Қандай кеңес бере аласыз?

Жауап: 

Аса Қамқор, Ерекше Рақымды Алланың атымен!

Әссәләму ғәлейкум уә рахматуллахи уә баракатух!

Бұндай келісімге рұқсат жоқ, өйткені төленетін ақша мөлшері алынғаннан асып тұр. Тіпті бір тиынға арту келісімді исламмен тиым салынған өсімқорлық (риба) дәрежесіне апарады.

Егер сізге қаражат қажет болса сіз қаржы мекемесінен «мурабаха», мекеме сіздің сатып алуыңыздан пайда көре алатын келісім жасауын сұрай аласыз. Мурабаха келесі шарттардан тұрады:

 – мекеме өз қаражатына сізге қажет болған нәрсені сатып алады, және сәйкесінше соның иесі болады;

 одан кейін бұл мекеме тауарды меншіктенуші ретінде сізге өздеріңіз келіскен жоғарырақ бағамен сата алады, сонымен бірге сіз құнын бөліп төлемақы жасай аласыз.

Ал Алла жақсырақ білуші.

Уəссəлəм.

Муфти Сухайл Тармахомед Ханафи 
Жамиат-ул Уләма, Дар ул-Ифта 
Ғалымдар кеңесінің пәтуа бөлімі (Квазулу-Натал, ОАР) 

Дереккөз: askimam.ru 
Аударған: darulahnaf.com