Пәтуәлар

Діннен шығу жайында



Сұрақ: 


Такфирге шығаруға қатысты (мұсылмандарды күпірлікте айыптау) шариғаттың қандай ережелері бар? Күпірлікте айыптау барлық мұсылмандардың құқығы ма, әлде бұл тек ғұламалар мен қазылардың құқығы ма? 

Жауап: 
1. Жалпы мынандай негіз, сәйкесінше дəлел болмайынша мұсылман Исламнан шықпайды. Себебі Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын, айтты: «Кім біздің намазымызды орындап, біздің құбыламызға жүзін бұрса, біздің құрбандыққа шалынған малымызды жесе, ол мұсылман, бізге не тиесілі болса, оған да сол, бізге не міндетті болса, оған да дәл солай». [Қр. «Сахих» Бұхари.] 

2. Күпірлікте айыптамас бұрын, анықтап алу керек, қандай сөз айтты жəне қандай іс жасады, себебі əрбір сөз жəне іс Исламнан шығаратындай болып қаралмайды. 

3. Қарапайым халық бұл мәселеде (күпірлікте айыптаудан) үлкен қауіп болғандықтан, одан сақтанып, шамасы келгенше аулақ болуға тырысып, бұл істі ғұламаларға қалдыру керек. Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын, айтты: «Кімде- кім өз бауырына: “Ей, кəпір...”, - десе, бұл екеуінің біреуіне қайтады». [Қр. «Сахих» Əл-Бұхари жəне «Сахих» Мүслім.] 

4. Күмəнге негізделе шешім шығарылмайды. Шындығында, мұсылманды Исламнан шығаратыны – оны мұсылман ететін істерді мойындамау. Егер Исламның бары белгіленген болса, ол күмəн себепті тоқтатылмайды. Егер такфирге қандай да себептер болса жəне де такфир жасамауға бір себеп болса, пəтуа беруші адам үлкен қауіп болудағы себебінен жəне мұсылман турасында жақсы ойда болу (хусну занн) керектігін ескере келе, осы себепке басымдылық бергені абзал. Күмəн мен болжамдарда нақтылық жоқ. 

5. Мұсылманды күпірлікте айыптауда бірнеше шарттар қаралады: адам мукалляф болуы (балиғатқа толған, ақыл есі дұрыс) жəне ол Исламнан шығаратын істі өз еркімен жасауы. Сол себепті күпірлікте баланы, есі ауысқанды, ұйықтап жатқанды, есін жоғалтқанды айыптауға болмайды, таклифтің болмауынан (яғни оларға шариғаттың міндеттерінің жүктелуінің болмағанынан), олардың сөздері қабылданбайды. 

Сол секілді жүрегі иманға толы адамды мәжбүрлеп діннен шығарса, оны айыптауға болмайды. Алла Тағала айтты: «біреудің мәжбүрлеуіне ұшырап / тілімен бас тартып / бірақ жүрегі иманға орнықты болғандар бұған кірмейді». [Қр. Нəхл 16/106 аят.] 

Мас адамның такфирі жайлы: 

6. Ғұламалар бірауыздан айтты, егер адам өз қалауынсыз мас болып, сол халде Исламнан шығаратын бір нəрсе істесе, онда оның күпірлігі саналмайды. Өз қалауымен мас болған адам жайлы хиляф бар. 

7. Исламнан шығаратын себептер: 

а) Сенім 

Ғұламалар бірауыздан өзінің күпірлігін жасыратын адам кəпір болып саналатынын айтқан, бірақ оның күпірлігі анықталмайынша, оған діннен шығушының үкімдері қолданылмайды. Кім болашақта муртадд боламын десе (яғни, діннен шығам десе) немесе күмəнданатын болса, онда ол сол мезетте діннен шығатын болады, себебі ол өзінің болашақта кəпір болуға ниеттенген шешімі үшін тасдиқтен бас тартуда (яғни, мұсылман сенуге міндеттіні растау). 

б) Сөздер 

Ғұламалардың тұжырымы бойынша, кім діннен шығаратын сөздер айтса, ол қалжыңдап етіп (ойнап) айтты ма, əдейі айтты ма немесе сеніміне сай айтты ма, оның күпірлігі бірауыздан келісілген, Алла Тағала айтқандай: «Егер олардан сұрасаң, олар әлбетте: «Біз бар болғаны бос нәрселерге беріліп, ойнадық», – дейді. Оларға: «Алланы, Оның аяттарын және Оның Елшісін келеке еттіңдер ме?! Ақталмай-ақ қойыңдар! Сендер иман келтіргеннен кейін күпірлік еттіңдер. Егер Біз сендерден бір топты кешірсек, бір топты қылмыскер болғандары үшін азаптаймыз», – деп айт». [Қр. әт-Тәуба 9/65-66 аяттар.] 

Байқаусыз, ойланбастан, мысалы, қатты қуаныштан немесе таңырқаудан жəне т.б. байланысты күпір сөздер айтқан адамға қатысты, мысалы: Уа Алла, сен (адамға қарата) менің Құдайымсың, ал мен сенің құлыңмын немесе сен менің құлымсың, мен сенің Құдайыңмын деп айтса, Əнас ибн Мəликтен жеткен хадисте келгендей, бұл жағдайларда адам діннен шықпайды, мəжбүрленген адам сияқты, Алланың сөзіне негізделе, «біреудің мәжбүрлеуіне ұшырап / тілімен бас тартып / бірақ жүрегі иманға орнықты болғандар бұған кірмейді». [Қр. Нəхл 16/106 аят] Жəне Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын: «Шындығында, Алла бұл үмметтен қателесіп, ұмытып жəне мəжбүрлетіп жасағандарды кешірді». [Қр. Ибн Мəжа, əл-Байхақи.] 

8. Алланы балағаттайтындар туралы: 

Ғұламалар Алланың Затын балағаттайтындар туралы, кемшілік тағайындайтындар жайлы бірауыздан күпірлікте деді (яғни, діннен шығады). Себебі, Алла Тағала айтты: «Егер олардан сұрасаң, олар әлбетте: «Біз бар болғаны бос нәрселерге беріліп, ойнадық», – дейді. Оларға: «Алланы, Оның аяттарын және Оның Елшісін келеке еттіңдер ме?!». [Қр. Тəубе 9/65 аят.] Мұндай адамдардың тəубесі қабылданады деген пікірде хиляф бар, бірақ көпшіліктің айтуынша, тəубесі қабылданады. 

9. Пайғамбарларды, Алланың оларға сəлемі болсын, балағаттайтындар туралы: 

Кез келген пайғамбарларды, оларға Алланың сəлемі болсын, балағаттайтын, дəрежесін түсіретін, кемшілік тағайындайтын, оны лайықсыз, рұқсат етілмейтіндей сипаттаса, мысалы: жалған сөйлеу, адамдарға ақиқатты жеткізуді жоққа шығарған болса, ол ғұламалардың пікірінше кəпір саналады. Ханафи мен Шафиғи мазхабның ғұламалары мұны кəпір санайды, оны тəубеге шақырады, егер ол қарсыласса, оны өлім жазасына кеседі. 

10. Сахабаларды күпірлікте айыптайтындар жайлы: 

Кімде-кім барлық сахабаларды күпірлікте айыптайтын болса, оның діннен шығатындығы жайлы ғалымдардың бірауызды шешімі бар. Себебі, ол діннен анық белгіліні мойындамай, Алла мен Оның Елшісіне, оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын, қарсы келуде. Айша анамызды, Алла оған разы болсын, Алла Тағала ақтаған ісінде жала жабатындар мен Әбу Бәкірдің, Алла оған разы болсын, сахаба болғанын мойындамайтындардың күпірлігінде де ғалымдар бірауызды шешімге келген, себебі ол Құранның анық аяттарына қарсы келуде. 

Ал кейбір сахабаларды күпірлікте айыптайтындар жайлы ханафилік және маликилік ғалымдардың пікірі, имам Ахмадтың екі бір пікірінің біріне сәйкес ондай адам күпірлікке түспейді. Ал шафиғилік және ханбалиттердің пікірі бойынша, кейбір хадистанушылар, маликилік Сухнун ғалым ондай адамды діннен шығушы деп біліп, оған сәйкесінше шешімдер қолданылатынын айтқан. Әли ибн Сүлеймен әл-Мардауи «әл-Инсаф» кітабында былай жазады: «бұл – дұрыс». Ал «әл-фауаких ад-Диуани» кітабында кім әділетті төрт халифаны күпірлікте айыптаса, діннен шығады деген пікір келтірілген. 

11. Ижмағты (ғалымдардың бірауызды шешімін) мойындамайтынға қатысты: 

Дінде анық белгілі шешімдерді (парыз болған намаз, зекеттің міндеттілігі сияқты және т.б.) мойындамайтынның діннен шығатындығы жайлы барлық ғалымдар бірауызадан, еш ихтиляфсыз шешімге келген. Ал кім анық діннен болған шешімнің, бірақ қарапайым халық арасында белгілі болмаған шешімдерді мойындамайтын діннен шықпайтындығын айтқан (мысалы, мұрагерліктің кейбір нақты шешімдері секілді). 

12. Кімде-кім діннен шығаратын бір іс жасаса, оған қатысты қазыға жүгінуге міндетті болып табылады. Қазы барлық дәлелдер мен куәгерліктерді қарастырып, ол адамға қатысты үкім шығаруы үшін. 

Автор: Шейх Абдул-Ғаффар аш-Шариф 
Кувейттік шариғи колледжінің профессоры 

Дереккөз: islamshariat.ru
Аударған: darulahnaf.com