Пәтуәлар

Имам Әбу Ханифаның пәтуаларымен жүрген ұлы мухаддистер


Өз заманындағы хадис ғылымының хафиздерінің хафизі және «жарх уа та’дил» ғылымының шейхы – Яһия ибн Саид әл-Каттан (120-198 һ.ж.), Имам Әбу Ханифа мәзхабы бойынша пәтуа берген. 

Хафиз аз-Захаби аш-Шафии (673-748 һ.ж.), айтты:

 كان يحى القطان يفتي بقول أبي حنيفة 


«Яһия әл-Каттан, Имам Әбу Ханифаның сөзі бойынша пәтуа беретін еді».
[Дереккөз: аз-Захаби «Тазкират әл-Хуффаз» 1/224.]

Хафиз Әбул-Хаджаж әл-Миззи (654-742 һ.ж.), айтты:

 قال : سمعت يَحْيَى بن معين ، يَقُولُ : سمعت يَحْيَى بن سعيد القطان ، يَقُولُ : لا نكذب الله ما سمعنا أحسن من رأي أبي حنيفة ، وقد أخذنا بأكثر أقواله ، قال يَحْيَى بن معين : وكَانَ يَحْيَى بن سعيد يذهب فِي الفتوى إِلَى قول الكوفيين ، ويختار قوله من أقوالهم ، ويتبع رأيه من بين أصحابه 


«Яһия ибн Маиндан риуаят етіледі, ол Яһия әл-Каттанның былай деп айтқанын естіген: «Біз Алланың алдында жалған айтпаймыз, біз Әбу Ханифаның пікірлерінен жақсырақ сөздерді естіген емеспіз, және ақиқатында біз оның көптеген пікірлерін алдық». Яһия ибн Маин айтты: «Және Яһия ибн Саид өзінің пәтуаларында куфалықтардың сөздеріне жүгінген, және олардың сөздерінің арасынан оның Әбу Ханифаның сөзін таңдап алған, және оның пікірлерін ұстанған».
[Дереккөз: Әл-Миззи «Тахзиб әл-Камал» 29/433; Хафиз Асқаляни «Тахзиб ат-Тахзиб», 10/450; Хафиз Захаби «Сияр `алям ан-Нубаля» 6/402.] 


Жәнеде бұл ұлы мухаддис Уаки’ ибн әл-Жарах (129-197 һ.ж.), ол жайында Имам Ахмад былай деп айтқан:

 حفظنا تكلف وحفظ وكيع طبع 

«Біздің оқығанымыз бізге зорға түсетін, ал Уаки’ге бұл жеңіл келетін».

Хафиз аз-Захаби және басқалар айтты:
كان يفتي برأي أبي حنيفة 

«[Уаки'] пәтуаларды Әбу Ханифаның пікірлері бойынша беретін».
[Дереккөз: Захаби «Сияр»; Ибн Асакир «Тарих Димашк».] 

Және бұл Имам Әбу Ханифа хадис пен фиқһта әлсіз болған дейтіндерге айқын дәлел. Сондай-ақ, бұларды осыған алып келген – көре алмаушылық. 

Хафиз Ибн Абдил-Барр әл-Мәлики (368-463 һ.ж.), өзінің «Жам`и баян әл-`ильми уә фадзлихи», (3/393) кітабында Имам Әбу Ханифа жайында былай деген:


 لإمامته.. يحسد وينسب إليه ما ليس فيه ويختلق عليه ما لا يليق به وقد أثنى عليه جماعة من العلماء وفضلوه 

«Оны көре алмайды, оған қатысы жоқ нәрселерді және ол айтпаған сөздерді қосып жала жабады. Ғұламалар оның (Әбу Ханифа) мақтаулы қасиеттері жайында сөз айтты және оған кұрмет танытты».

Шейх Сайф ибн Әли әл-Әсри әл-Әшғари хафизахулла


Дайындаған: darulahnaf.com