Пәтуәлар

Намазды жамағатпен оқудың артықшылығы




Ислам мұсылмандардың бірігіп, жамағат болуына ерекше мән береді. Себебі, жақсылығымен бөлісіп, қиыншылықта қол ұшын беру мұсылманшылықтың белгісі. Алла Тағала осыған қатысты Хужурат сүресінің 10-11 аяттарында: «Шын мәнінде мүминдер туыс қой. Сондықтан екі туыстарыңның арасын жарастырыңдар! Ей мүминдер! Бір ел екінші елді әжуә етпесін, бәлкім олар бұлардан жақсы шығар. Сондай-ақ әйелдер де әйелдерді кемсітпесін, мүмкін олар бұлардан артық болар. Бір-біріңді мінемеңдер, жаман ат тақпаңдар. Иманнан кейін жаман ат қандай жаман. Кім тәубе қылмаса, солар залымдар», – деп айтқан.

Құлшылықта жамағтпен орындау Ислам дінінің ерекше қажеті. Сол себепті, Ислам адамдарды бірлестіріуші дін болып табылады. Алдымен жалпы намаздардың артықшылығы, кейін жамағат намазының артықшылығы, сосын жамағат намазға себепсізден қатыспағандар жайында бірнеше хадистер келтірейік: 

Фаджр (бамдат) және Аср намаздарының артықшылығы

Сахаба Әбу Мұса, Алла оған разы болсын: «Таңертеңгі және аср намазын оқыған адам жәннатқа кіреді». [Қр. Бұхари және Муслим.]

Әбу Зуһайр, Алла оған разы болсын, айтты: «Күн шығардан бұрын Фаджр намазын және күн батудан бұрын Аср намазын оқыған кісі ешқашан жәһаннамға кірмейді». [Қр. Муслим.]

Бурайда, Алла оған разы болсын. Ол: «Аср намазын оқымаған адамның амалдары күйеді (яғни, бекерге шығарады)». [Қр. Бұхари.]

Ибн Омардан, Алла оған разы болсын: «Аср намазы қаза болған адам – отбасы және мал-мүлкінен айырылғанмен тең». [Қр. Тирмизи.]

Әбу Хурайра, Алла оған разы болсын, айтты: «Фаджр (таңғы) және Аср намазы уақытында сендердің араларыңда тәуліктің түн және күндізгі мезгілдерінде болатын періштелер кездеседі. Түні бойы сендердің араларыңда болған періштелер аспанға көтерілген уақытта, пенделерінің ісінен хабардар болған Алла Тағала олардан: “Сендер көтерілгенде пенделерім не істеп жатқан еді?”, – деп сұрағанда, періштелер: “Көтерілгенімізде және қайта түскенімізде олар намаз оқып тұрған еді”, – деп жауап береді». [Қр. Бұхари және Муслим.]

Түсініктеме: “ ... періштелер кездеседі”,яғни, Фаджр және Аср намаздарының уақыты адамдардың арасында жүретін періштелердің ауысатын мезгілі. Оның бір тобы аспанға көтерілсе, екінші тобы аспаннан түседі.

Намазды жамағатпен оқудың артықшылығы 

Әбу Хурайра, Алла оған разы болсын. Ол: «Алла елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: “Кісінің жамағатпен оқыған намазы оның өз үйінде оқыған намазынан және базарда оқыған намазынан жиырмадан астам дәреже артық. Бұл егер кімде-кім жақсылап дәрет алып, оны намаз ғана жетелеп, намаз оқуды ғана қалап мешітке келсе, мешітке кіргенше басқан әрбір қадамы арқылы оның дәрежесі көтеріледі әрі ол арқылы оның күнәсі өшіріледі. Мешітке кірсе, қашан оны намаз ұстап тұрған жағдайда намазда (тұрғандай) болады. Намаз оқыған орында қалған әрбіріңе қашан ол (басқаларды) мазаламайынша және дәреті бұзылмайынша періштелер дұға жасап: «Уа, Алла! Оған рақым ет! Уа, Алла! Оны кешір. Уа, Алла! Оның тәубесін қабыл ал», – деп айтады”, – деген». [Қр. Муслим «Сахих», 649/272.] 

Ибн Омар, Алла оған разы болсын, айтқан: «Жамағат намазы жеке кісінің намазынан жиырма жеті есе артық». [Қр. Бұхари және Муслим.]

Әбу Мұса, Алла оған разы болсын, былай деген: «Адамдардың арасында намаз оқып ең көп сауапқа ие болатыны – намазға алыс жерден келетіні. Намаздың болуын күтіп, оны имаммен бірге оқыған кісінің сауабы, намазын жеке оқып, кейін жатып ұйықтаған кісінің сауабынан артық». [Қр. Бұхари және Муслим.] 

Әбу Хурайра, Алла оған разы болсын. Ол: «Мешітке тек намаз оқу үшін барған адамның намазы, оның үйінде немесе базарда оқыған намазынан жиырма бес есе артық. Мұндай адам дәретін кемшіліксіз алып, мешітке тек намазын оқу үшін бара жатқан уақытта, оның әр қадамы бір күнәсін кетіріп, дәрежесін бір сатыға көтереді. Ол намаз оқып тұрған уақытта періштелер: “Уа, Тәңіріміз! Бұл пендеңе игілігіңді нәсіп етіп, рахметіңе бөлей гөр!” – деп дұға етеді. Ол адам ерте келіп намаздың басталуын күткен уақытта да намаз оқыған сауабын алады». [Қр. Бұхари.] 

Әбу Дарда, Алла оған разы болсын. Ол: «Мен Расуллахтың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: “Ауыл нмесе шөл далада тұратын кезкелген үш адам жамағат болып намаз қымаса, оларды шайтан басынып алады. Намазды жамағат болып оқыңдар. Себебі, бөлінген қойды бөрі жейді”, – деп айтқанын естідім». [Қр. Әбу Дауд.] 

 Фаджр (таң) және `Иша (құптан) намаздарын жамағатпен оқудың артықшылығы 

Осман ибн Аффан, Алла оған разы болсын, былай деген: «Құптан намазын жамағатпен оқыған адам түннің жартысын оқығанмен тең болады (яғни, сауабын алады). Таңғы намазды жамағапен оқыған адам түні бойы намаз оқығанның сауабын алады». [Қр. Муслим.]

Осман ибн Аффан, Алла оған разы болсын, айтты: «Құптан намазын жамағатпен оқыған адам түннің жартысын оқығанмен тең болады (яғни, сауабын алады). Құптан және Таңғы намазды жамағапен оқыған адам түні бойы намаз оқығанның сауабын алады». [Қр. Тирмизи.]

Намазды мешітте оқудың артықшылығы 

Әбу Хурайра, Алла оған разы болсын, былай деген: «Кім үйінде дәрет алып, парыз намазын өтеу үшін мешіттердің біріне барса, оның бір қадамы күнәсін кетірсе, екінші қадамы бір дәрежеге көтереді». [Қр. Муслим.] 

Әбу Хурайра, Алла оған разы болсын, айтқан: «Намазға қомат айтылып жатса асығып – аптықпаңыздар! Керсінше байыпты жүріспен, асықпай келіңіздер. Жеткен жерінен оқыңыз, қалып қойған жерін толықтырыңыз». [Қр. Тирмизи.] 

Әбу Са`ид әл-Худри, Алла оған разы болсын. Ол: «Мешітке баруды әдетке айналдырған кісіні көрсеңіздер, оның иманды екеніне куәлік беріңдер. Алла Тағала: “Аллаға және Ақырет күніне иман келтірген пенделер ғана мешіттерді көркейтеді”, – деді». [Қр. Тирмизи.] 

Әбу Хурайра, Алла оған разы болсын. Ол: «Пенде мешітке барған немесе қайтқан уақытта, Алла Тағала ол үшін жәннаттан бір үй әзірлеп қояды». [Қр. Бұхари және Муслим.] 

Убайа ибн Ка`аб, Алла оған разы болсын: «Ансарлардың арасында бір кісі бар еді. Мен мешіттен одан алыс тұратын адамды білмейтінмін. Осыған қарамастан, ол жамағат намаздың бірінен де қалмайтын. Бірде оған: “Күннің ыстығы мен түннің қараңғысында мешітке мініп баратын бір есек сатып алмайсыз ба?”, – деп айтылғанда, ол: “менің үйім мешіттің жанында болса, бұл жағдай мені қуандырмас еді. Өйткені, мен мешітке жаяу келіп қайтқанымның жазылуын қалаймын”, – деп жауап берді. Сол кезде Расулуллах, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: “Алла Тағала саған айтқаныңның барлығын нәсіп етті”, – деді». [Қр. Муслим.] 

Әбу Мұса, Алла оған разы болсын, былай деген: «Адамдардың арасында намаз оқып сауапқа ең көп ие болатыны – намазға алыс жерден келетіні. Намаздың болуын күтіп, оны имаммен бірге оқыған кісінің сауабы, намазын жеке оқып, кейін жатып ұйықтаған кісінің сауабынан артық». [Қр. Бұхари және Муслим.] 

 Бурайдадан, Алла оған разы блсын, айтты: «Тунде мешітке барушыларды Қиямет күні оларға нәсіп болатын нұрмен сүйіншілеңдер». [Қр. Әбу Дауд және Тирмизи.] 

Әбу Хурайра, Алла оған разы болсын, былай деген: «Расулуллах, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларынан: “Алла Тағала күнәларды кетіріп пенделерінің дәрежелерін көтеретін нәрсені сендерге айтайын ба?”, – деп сұрағанда, олар: “Я, Расулуллах! Әрине, айтыңыз!”, – деді. Сондай Ол, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: “Ұнамсыз уақытта суыққа сабыр етіп дәретті толық, кемшіліксіз алу. Құлшылық ету үшін мешітке көп бару. Бір намаздан кейін екінші намазды күту (яғни, келесі намазға алаң боп жүру). Аттың басын соған тіреңдер!”». [Қр. Муслим.] 

Түсініктеме: “ұнамсыз уақытта ... ”, – мәселен, қыста таңсәріде ұйқыдан тұрғанда. 

Айша анамыз, Алла оған разы болсын. Ол: «Алла Тағала және Оның періштелері саптың оң жағындағыларға салауат айтады, яғни игілік тілейді». [Қр. Әбу Дауд.] 

Жамағат намазына қатыспай жүргендерге ескерту! 

Абдуллах ибн Масғудтан, Алла оған разы болсын, айтқан: «Расынде, мен бізден екіжүзділігі танылған мұнафықтан не науқас (адамнан) басқа (жамағат) намазына қатыспай қалған (ешкімді) көрмедім. (Тіпті) науқас болса да, намазға қатысу үшін екі кісінің (сүйемелдеуімен) келетін». Ол: «Расында, Алла елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бізге (Алла нұсқаған) туралық сүннеттерін үйретті, ал туралық сүннеттерінің бірі – оған азан шақырылатын намазды мешітте оқу», –деп айтқан. [Қр. Муслим «Сахих», 645/256.] 

Әбу Хурайра, Алла оған разы болсын, айтты: «Расулуллах, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: “Мұнафықтар үшін ең ауыр намаз – құптан намазы мен таң намазы. Егер де олар ол екеуінде нендей (сауап) барын білгенде, (мешітке) ол екеуіне еңбектеп болса да келер еді. Расында, мен намазға бұйырып, қамат айтылуын, сосын бір кісіге бұйырып, оның адамдарға (имам болып) намаз оқуын, содан кейін (қолдарында) отын бумалары бар кісілермен бірге намазға қатыспаған адамдарға барып, олардың үйлеріне от қойып, өртеп жіберуді қалар едім ((басқа) бір риуаятта: «Егер де олардың бірі майлы сүйек табарын білгенде, оған (құптан намазына) міндетті түрде қатысар еді)», – деп айтты”, – деген». [Қр. Муслим «Сахих», 651/252.] 

Әбу Хурайра, Алла оған разы болсын, айтты: «Мұнафықтар (екіжүзділер) үшін таң және құптан намзынан ауыр намаз жоқ. Егер олар бұл екі намаздың сауаптылығын білсе, оған еңбектеседе жетер еді». [Қр. Бұхари және Муслим.] 

Мужәһид, Алла оған разы болсын, айтты: «Ибн Аббас, Алла оған разы болсын, күндіз ораза ұстап, түнде намаз оқитын, бірақ жұма және жамағат намаздарына келмейтін адам жайында сұралды. Ибн Аббас, Алла оған разы болсын. Ол: “Ол – тозақы!”, – деп жауап берді». [Қр. Тирмизи.] 


Дайындаған: darulahnaf.com