Пәтуәлар

Шейх Мұхаммед `Әли ас-Сабуни әл-Ханафи



Қысқаша өмірбаяны. 

Қазіргі заманның тәпсір, хадис және фиқһ саласындағы ұлы ғалымдардың бірі Шейх Мұхаммед `Әли ас-Сабуни (хафизахулла), 1930 жылы Сирияның Алеппо (Халәб) қаласында ғалымдар отбасында дүниеге келген. Шейхтың әкесі Хәләбтың ең атақты ғұламаларының бірі болған. Жас шағында Құранды толық жаттаған. Шариғи ілімдерінің, араб тілі және басқа ілімдердің негізін ол өз әкесінен Шейх Жамилден алған.

Шейхтың ең танымал ұстаздары:

Шейх Мухаммад Наджиб Сираджуддин
Шейх Мухаммад Саид әл-Идлиби
Шейх Мухаммад Раджиб әл-Таббах
Шейх Мухаммад Наджиб Хайат
Шейх Ахмад әл-Шама`

Бұдан тыс ол басқада атақты ғалымдардан ілім талап еткен. Орта мектепті тәмәмдағаннан соң ол әл-Тиджария медресесіне түсіп бір жылдай оқиды. Бұл медреседе оқушыларды риба бар келісімдерге үйрететін, сол себеппен ол үздік нәтижелерді көрсеткеніне қарамастан шығып кеттеді. Оның орнына Хәләбтағы атақты Хасрауия Шариғат мектебіне түседі, бұл жерде шариғи ілімдермен қатар дүнияуи ілімдерді үйренеді. 1949 жылы Хасрауияны үздік нәтижемен тәмәмдап Уақып Министірлігі оны атақты әл-Азғар Университетіне жіберді. 1952 жылы шейх Шариғат Кафедрасын кейін 1954 жылы өз мамандығы бойынша курстарды аяқтап шыққан.

Оқуын бітірген соң ол Хәләбқа оралып 1955-1962 жылдар аралығында түрлі оқу орындарда ұстаздық қылған. Ол Умм әл-Қурра университінің Шариғат Кафедрасының және Абдул Азиз Королі атындағы Университетің Ислам ағарту Кафедрасының лекторы болып тағайындалады, екі оқу орында Мекке қаласында орналасқан, шейх ол жерде 28 жыл ілім үйретті.

Шейхтың кейбір танымал еңбектері: 

Тәпсір және Құран ілімі 

1. «Сафуат әт-Тафасир» (3-томдық)
2. «Рауаи' әл-Баян фи Тафсир аят әл-Ахкам» (2-том)
3. «ат-Тафсир әл-Уадых әл-Муяссар»
4. «Кабас мин нур әл-Қуран» (8 том)
5. «Мухтасар тафсир ат-Табари» (2-том)
6. «Тануир әл-Азхан мин тафсир Рух әл-баян» (4-том)
7. «Ма'ани әл-Қуран әл-Карим ли Әби Жа'фар ан-Нахас» (5 том)
8. «Иджаз әл-Баян фи Мақасид сур әл-Қуран»
9. «Тибьян фи улюм әл-Қуран»
10. «Мухтасар тафсир ибн Касир»

 Хадис 

1. «Шарх Сахих әл-Бухари»
2. «Шарх Рияд ас-Салихин»
3. «Мин Кунуз ас-Сунна» (40 хадиске шарх)
4. «ан-Нубувва уәл-Анбия»

 Фиқһ 

1. «әл-Фиқһ аш-Шар'и әл-Муяссар» (ғибадат) (4-том)
2. «әл-Фиқһ аш-Шар'и әл-Муяссар» (муамалят) (4-том)
3. «әл-Мауарис фи аш-Шари'а әл-Ислямия»
4. «аз-Зиуадж әл-Ислями әл-Мубаккир»

2007 жылы Дүниежүздік Қасиетті Құран Премиясының Дубайлық Ұйымдастыру Комиссиясы Шейх Мұхаммед `Әли ас-Сабуни әл-Ханафиді (хафизахулла) оның Исламға қосқан үлесі үшін оны ислам әлемінің аса көрнекті тұлғасы ретінде көптеген номинаттар ішінен таңдап алды және Шейх Мұхаммед ибн Рашид әл-Мактум оны Дубай әмірінің орынбасары ретінде бекітті.


Дайындаған: darulahnaf.com