Пәтуәлар

Жаман халде өлуге себеп болатын күнәлар


Имам әл-Қуртуби әл-Мəлики, Алла оны рақым етсін, Алла Тағаланың: «Сондай-ақ қарсы болғандар үшін дайындалған оттан қорқыңдар» (3/131 аят) сөздерінің тәпсірінде былай деді:

 قَالَ كَثِير مِنْ الْمُفَسِّرِينَ : وَهَذَا الْوَعِيد لِمَنْ اِسْتَحَلَّ الرِّبَا , وَمَنْ اِسْتَحَلَّ الرِّبَا فَإِنَّ يَكْفُر وَيُكَفَّر . وَقِيلَ : مَعْنَاهُ اِتَّقُوا الْعَمَل الَّذِي يَنْزِع مِنْكُمْ الْإِيمَان فَتَسْتَوْجِبُونَ النَّار ; لِأَنَّ مِنْ الذُّنُوب مَا يَسْتَوْجِب بِهِ صَاحِبه نَزْع الْإِيمَان وَيُخَاف عَلَيْهِ ; مِنْ ذَلِكَ عُقُوق الْوَالِدَيْنِ . وَقَدْ جَاءَ فِي ذَلِكَ أَثَرُ أَنَّ رَجُلًا كَانَ عَاقًّا لِوَالِدَيْهِ يُقَال لَهُ عَلْقَمَة ; فَقِيلَ لَهُ عَنْ الْمَوْت : قُلْ لَا إِلَه إِلَّا اللَّه , فَلَمْ يَقْدِر عَلَى ذَلِكَ حَتَّى جَاءَتْهُ أُمّه فَرَضِيَتْ عَنْهُ . وَمِنْ ذَلِكَ قَطِيعَة الرَّحِم وَأَكْل الرِّبَا وَالْخِيَانَة فِي الْأَمَانَة وَذَكَرَ أَبُو بَكْر الْوَرَّاق عَنْ أَبِي حَنِيفَة أَنَّهُ قَالَ : أَكْثَر مَا يُنْزَع الْإِيمَان مِنْ الْعَبْد عِنْد الْمَوْت . ثُمَّ قَالَ أَبُو بَكْر : فَنَظَرْنَا فِي الذُّنُوب الَّتِي تَنْزِع الْإِيمَان فَلَمْ نَجِد شَيْئًا أَسْرَعَ نَزْعًا لِلْإِيمَانِ مِنْ ظُلْم الْعِبَاد .  




«Тәпсіршілердің көбі айтты: «Бұл ескерту өсім алуды адал еткендерге қатысты. Өйткені кім рибаны/өсімді адалға шығарса, ол күпірге түседі және такфирге лайық болады». 

Жәнеде басқа ғұламалар айтты: «Жүректеріңнен иманды жұлып алатын амалдарды жасаудан қорқыңдар және соның себебінен тозақ отына лайық боласыңдар». 

Соның ішінде, сондай күнәлар қатарына ата-ананы тыңдамау немесе оларға құрметсіздік таныту (укукул уаалидайн) жатады. 

Бір асарда Əлқама есімді бір кісінің өз əке-шешесіне құрметсіздік танытқанын жариялағаны жеткізіледі. Ал ол өлім аузында жатқанда, адамдар оған: «“Лə илəһə иллəллаһ”, – деп айт дейді». Бірақ күнəсінің себебімен ол шахаданы айтуға күші жеткен жоқ. Тек анасы келіп ризалығын білдірген соң айта алды. 

Бұл күнəларға (өлім аузында «риддаға» себеп болатын) туған-туыстармен қарым-қатынасты үзуді, пайызға қарыз алуға-беруге жəне аманатқа қиянат жасауды жатқызуға болады.  

Əбу Бəкір əл-Уəрроқ, имам Əбу Ханифадан былай дегенін жеткізеді: «Адамдардың көбі өлім ауызында жатқанда иманын жоғалтады». Сосын Əбу Бəкір айтты: «Біз бұл күнəларға назар аударғанымызда, бұл күнəлардың ішінен мұсылмандардың бір-біріне зұлымдық етуінен артық (өлім аузындағы күпірлікке) себеп болатын күнəні таппадық», – деген. 

[Дереккөз: Əл-Қуртуби, «Əл-Жəми' ли əхкəм əл-Қур'əн», Имаран сүресі 3/7 аят тәпсірі.]



Дереккөз: al-fatava.com
Аударған: darulahnaf.com