Пәтуәлар

Ислами білім алу жайындағы құндылықтар



Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен 

Адам баласына білмеген нәрсесін үйреткен, Алла Субхана уә Тағалаға сансыз мақтаулар болсын. Және барлық адамзат баласына ұстаз қылып жіберген, Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын. Сондай-ақ, оның от басы және сахабалары, адамзат баласына жарықтық нұр болған, олардың соңынан ілесіп тура жол тапқандарға Алланың сәлемі болсын. 

Мұсылманға ислами білім алып үйренбеген үлкен бақытсыздық болар. Және сол бақытсыздықтың ішіндегі ең қасіреті – надандық. Дегенмен қазіргі күннің мұсылмандары сол надандықтарына разы. 

Ислам – бұл жол, Алла Тағаланың біздерге нұсқаған. Бұл адам баласын екі дүниенің бақытына да, жеткізетін жалғыз жол. Ал білім – бұл Исламның рухы. Дене – рухсыз іріп-шірейтін болса, дәл солай Исламда – білімсіз құлдырайды. Хадисте айтылғандай: «Білім – бұл Исламның рухы және діннің тірегі». [Қр. Әбу Шайх риуаят етті.]

Алла Тағала Құранда былай деп айтты: 

««Уа, Раббым! Білімімді арттыра гөр!» — деп айт» [Таһа 20/114 аят] «Оларға: «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?» — деп айт» [Зумәр 39/9 аят]

«Алла Тағала сендердің араларыңнан иман келтіргендердің, сондай-ақ, өздеріне ілім нәсіп болғандардың дәрежесін көтеріп, мерейін өсіреді» [Мужәдәлә 58/11 аят] 

«Расында, Алланың құлдарының ішінен ғалымдар ғана шынайы түрде қорқады» [Фатыр 35/28 аят] 


Бір істі істеуден және сөйлеуден бұрын ілім үйрену туралы 

Алла Тағала аят кәрімінде: «Шын мәнінде, Алладан басқа ешбір тәңір жоқ» [Құран 47/19 аят], – деген сөзін «біл», – деген сөз арқылы бастаған. Ғалымдар Пайғамбарлардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мирасқорлары, олар ілім-білімді Пайғамбарлардан мирас етіп алды. «Кімде-кім ілімді үйренген болса, Пайғамбардан, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, толық мирасқорлық алған», – деген хадисте де ілімді үйрену керектігі айтылған. Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бір хадисінде: «Кімде-кім ілімді қалап қадам басса, Алла тағала оған жәннаттың жолын жеңіл етеді», – деп айтылады. Алла Тағала аят кәрімінде: «Шын мәнінде, құлдарынан ғалымдары Алладан қорқады» [Құран 35/28 аят], – десе, және бір аятта: «Міне осы мысалдарды адамдар үшін келтіреміз. Бірақ оларды білгендер ғана түсінеді» [Құран 29/43 аят], – делінген. Ал, мына бір аятта: «Тозақтықтар: «Егер біз тыңдаған немесе ақылға салған болсақ еді, бұл жалындаған тозақтықтардың ішінде болмас едік» [Құран 67/10 аят], – деседі, және бір аятта: «Білгендер мен білмегендер тең бола ма?» [Құран 39/9 аят], – делінген. Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: «Кімде-кімге Алла Тағала жақсылық етсе, оны дін ілімінің ғалымы етер, ілімге тек қана ілім алудың жолыменен жетеді», – деген. Сахаба Әбу Зар, Алла оған разы болсын, айтты: «Егерде қылышты менің мойныма қойсандар, мойнымды кеспестен бұрын мен Пайғамбарымыздан, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, естіген сөздерімнің біразын айтып үлгеруімнің мүмкіншілігін білсем, айтып өлер едім», – деген екен. Ибн Аббас: «Куну раббанина!», – яғни «Раббаний бол!», – деген Алланың бұйрығын: «Жұмсақ фиқшы бол!», – деп аударды. Имам Бұхарий: «Раббаний», – деген адамдарды үлкен ілім берерден бұрын кіші іліммен тәрбиелеуші кісі», – деді. [Қр. «Сахих» Бұхари.] 

Алла тағала кімге жақсылық қаласа, соны дін ілімінің ғалымы етер 

Муғауия, Алла оған разы болсын, хұтпада тұрып мына сөзді Пайғамбарымыздан, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, естігенмін деп айтты: «Алла Тағала кімге жақсылықты нәсіп етсе, оны дін ілімінің ғалымы етер. Ант етіп айтамын, Ислам үмбеті Хақ діннің жолында Алла Тағаланың әмірімен жүрсе, Алла Тағаланың өзі қаламайынша, оларға дұшпандық етіп қарсы тұратындардың еш зияны тимейді», – деді. [Қр. «Сахих» Бұхари.] 

Хазреті Омар, Алла оған разы болсын, айтты: «Басшы болмастан бұрын бірінші білімді терең оқып үйрен! Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Сахабалары жастары ұлғайған кездерінде де ілім үйренген болатын». [Қр. «Сахих» Бұхари.] 

Абдулла ибн Масғуд, Алла оған разы болсын, риуаят етті: «Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, айтты: «Екі нәрседе ғана қызғаныш бар: оның біріншісі – Алла Тағала бір кісіге халалдан мал-дүние берсе, ол оны хақ жолында жұмсап жатқан болса, екіншісі - бір кісіге Алла Тағала ілім-ғылымды нәсіп етсе, ол хүкім сұрап жатқан адамдарға білгенін үйретіп жатқан болса», – деді. [Қр. «Сахих» Бұхари.] 

Әбу Мұса, Алла оған разы болсын, риуаят етті: «Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, айтты: «Алла Тағаланың маған жіберген тура жолы сияқты ілім көп жауған жауынға ұқсайды. Кейбір жер саф, құнарлы болып, жауған жаңбырды өзіне сіңіріп алып, сан алуан өсімдіктер мен көк шөптерді өсіреді. Ал, кейбір жер құрғақ, қатты болып, суды өзіне сіңірмей, көлшік қылып бетіне жинайды. Оны Алла Тағала пенделеріне пайдаландырады. Адамдар ол судан ішер, малдарын, егіндерін суғаруға пайдаланар. Ал, енді кейбір жерлер тегіс болып, суды өзінде ұстап қалмайды, ешнәрсе өспейді, көгалдарды да көгертпейді. Бұны төмендегіше түсіндірсе болады: Бір кісі Алла Тағаланың ілімін (Исламды) терең оқып үйренеді, терең түсінеді және оны пайдаланады. Алла Тағаланың жіберген ілімін өзі үйреніп басқаларға да үйретеді. Екінші бір кісі ілімді үйреніп адамдарға да үйретер, бірақ өзі амал етпейді. Кейбіреу өркөкіректік етіп, өзі де үйренбейді, өзгеге де үйретпейді». [Қр. «Сахих» Бұхари.] 

 Білімнің артықшылығы 

Әбу Хурайрадан, Алла оған разы болсын. Ол: «Кімде-кім білім іздеу жолына түссе, Алла Тағала оған сол арқылы жәннатқа бару жолын жеңілдетеді». [Қр. «Сахих» Муслим.] 

Әбу әд-Дарда, Алла оған разы болсын. Ол: «Кімде-кім білім іздеу жолына түссе Алла Тағала оған жәннатқа бару жолын жеңілдетеді. Періштелер ғылым ізденушінің талабына разы болып, оның аяғының астына қанаттарын жаяды. Шын мәнінде, көктегілер мен жердегілер, тіпті судағы балықтарға дейін жарылқау тілейді. Қарапайым мұсылманнан ғалымның артықшылығы, айдың басқа жұлдыздардан артықшылығындай. Әлбетте, ғалымдар – Пайғамбарлардың мұрагерлері. Пайғамбарлар мұраға динар немесе дирхам қалдырған жоқ, ғылымды мұраға қалдырды. Кімде-кім Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мирасын алса, мол үлесті алған болады». [Қр. Имам Тирмизи және имам Әбу Дауд риуаят етті.] 

Әнас ибн Мәлик, Алла оған разы болсын. Ол: «Білім талабымен жолға шыққан адам, қайта оралғанға дейін Алла Тағала жолында әрекет еткен болады». [Қр. Имам Тирмизи риуаят етті.]

Әбу Умама, Алла оған разы болсын. Ол: «Ғалымның қарапайым мұсылманнан артықшылығы, Менің сендердің ең төменгі дәрежедегіден болған артықшылығындай. Шын мәнінде Алла Тағала және Оның періштелері, аспан мен жердегілер, тіпті ұясындағы құмырсақа мен теңіздегі балықтар адамдарға жақсылық үйретушіге салауат айтады (яғни, Алланың игілігін тілейді)». [Қр. Имам Тирмизи риуаят етті.] 

Ибн Масғуд, Алла оған разы болсын. Ол: «Дүниеде қызығушылық тек екі нәрседе. Бірі: Алла Тағала бір кісіге дәулет беріп оны (шариғат бұйырған, яғни зекет, садақа, т.с.с.) жолға жұмсаса. Екіншісі: Алла Тағала бір кісіге даналық беріп, ол кісі сол арқылы дұрыс төрелік етсе және оны басқаларға үйретсе». [Қр. «Сахих» Бұхари және «Сахих» Муслим.] 

Ибн Омардан, Алла оған разы болсын. Ол: «Дүниеде қызығушылық тек екі нәрседе. Бірі: Алла Тағала бір кісіге Құранды нәсіп етіп (яғни, Ақырет білімін) ол онымен күндіз-түні амал етсе. Екіншісі: Алла Тағала бір кісіге дәулет беріп оны (шариғат бұйырған, яғни зекет, садақа, т.с.с.) жолға жұмсаса». [Қр. «Сахих» Бұхари және «Сахих» Муслим.] 

Муьауия, Алла оған разы болсын. Ол: «Алла Тағала игілік тілеген пендесін дін ғылымынан ғұлама етеді». [Қр. «Сахих» Бұхари және «Сахих» Муслим.] 

Абдуллах ибн Аббас, Алла оған разы болсын. Ол: «Бір фақиһ (шариғат үйренуші ғалым) шайтанға мың (`аббид) қарапайым мұсылманнан қорқыныштырақ». [Қр. Имам Тирмизи және Ибн Мажәһ риуаят етті.] 

Әбу Хурайра, Алла оған разы болсын. Ол: «Адам баласы өлсе оның үш нәрседен басқа амалдары тоқтайды: жария садақа (ел игілігіне мешіт, жол, мектеп салу), көпке пайдасы тиетін білім, артынан дұға ететін игі ұрпақ». [Қр. «Сахих» Муслим.] 

Әбу Зәрр, Алла оған разы болсын. Ол: «Алла елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: «Ей, Әбу Зәрр! Егер сен таңертең тұрып Алла Тағаланың кітабынан (Қасиетті Құран Кәримнен) бір аят үйренгенің сен үшін жүз рәкәғат нәфіл намаз оқығаныңнан артық. Ал ерте тұрып, амал етілетін немесе амал етілмейтін білім үйренгенің сен үшін мың рәкәғат нәфіл намаз оқығаныңнан артық», – деді». [Қр. Ибн Мажәһ риуаят етті.] 

Әбу Хурайра, Алла оған разы болсын. Ол: «Садақаның абзалы – бір мұсылманың білім үйреніп, оны басқа мұсылман бауырына үйреткені». [Қр. Ибн Мажәһ риуаят етті.] 

Әбу Хурайра, Алла оған разы болсын. Ол: «Кімде-кім Менің мешітіме жақсылық үйрену немесе оны үйрету үшін ғана келсе, ол Алла Тағала жолындағы күрескермен тең болады. Кім басқа мақсатта келсе, ол бар болғаны біреудің дүниесін көруге келген адаммен тең болады». [Қр. Ибн Мажәһ риуаят етті.] 

Сәһл ибн Саъд, Алла оған разы болсын. Ол: «Алла Тағаламен ант етемін! Алла Тағала сенің себебіңнен бір адамды туралыққа бастағаны сен үшін қызыл түйелердің иесі болуыңнан артық». [Қр. «Сахих» Бұхари және «Сахих» Муслим.] 

Түсініктеме: « ... қызыл түйелердің иесі болуыңнан артық», – қай кезде болмасын қызыл түйе арабтар үшін қазынаның бірі болып есептелген. 

Әбу Хурайра, Алла оған разы болсын. Ол: «Дұрыс жолға шақырған, соның себебінен дұрыс жолға түскендердің сауабын алып, одан дұрыс жолға түскендердің сауабы кемсітілмейді (яғни, дұрыс жолға шақырушы да, дұрыс жолға түсуші де өздеріне тиісті сауабын алады). Адасушылыққа шақырған өзіне сол жолға түскендердің күнәсін алып, одан адасқандардың күнәсі кемсітілмейді (яғни, адасушылыққа шақырушы да, оған еріп адасқан да тиісті азабын көреді)». [Қр. «Сахих» Муслим.] 

Әбу Хурайра, Алла оған разы болсын. Ол: «Дүниеде Алла Тағаланы еске алу мен Оның әміріне мойынсыну, ғалым мен үйренушіден тын нәрсе, тіпті дүниенің өзі де лағынеті». [Қр. Имам Тирмизи риуаят етті.] 

«Уа, адамдар! (Ислами) Білімге – оған ұмытылу арқылы нәтижесін табады». [Қр. Табарани.] 

Яғни, білім иесі болу үшін оған ұмытылып, тырысу керек. «Егер (Ислами) білім талап етуші адам білім іздену жолында ажалын кездестірсе, онда ол шахид болып өледі». [Қр. Табарани. Баззар.] 

«Періштелер: “Қош келдің білім ізденуші” – деген сөздермен, білім ізденуге шыққан адамды періштелер айнала қоршап алады да, кейін періштелер бір-бірлерінің үстіне тұрып, солайынан жақын беттегі аспанға жетіп, білім алуға ұмытылғанға өздерінің білімге деген махаббатарын білдіреді». [Қр. Хадисті имам Ахмад, Табарани, Хаким, Ибн Мәджа және т.б. келтіреді.] 

«Кім білім іздену жолында өлетін болса, ол Алламен сондай дәрежеде кездеседі, оның және пайғамбарлардың арасы бір саты болады». [Қр. Табарани «Аусат».] 

«Ешкім (Ислами) білімнен басқа құнды нәрсе таппады, сондай-ақ ол адамды тура жолға бастайды және оны (барлық) зияннан қорғайды». [Қр. Табарани.] 

«Алла Тағаланың құзырында білімге ұмытылу – намаз, ораза, қажылық және Алла жолындағы жиһадтан да құндырақ». [Қр. Табарани. Ибну Абдул Баар.] 

«Не ғалым, не шәкірт, не тыңдаушы немесе бұларды жақсы көретін адам болыңдар. Әйтпесе құрисыңдар». [Қр. Байхақи.] «Бір сағат ілім үйрену, түннен таңға дейін ғибадат етуден құндырақ. Бір күн ілім үйрену, үш ай ораза ұстаудан құндырақ». [Қр. Әбу Нуайм.] 

«Аллаһу та’аладан пайдалы ілім сұраңдар және пайдасыз ілімнен Аллаһу та’алаға сыйыныңдар!». [Қр. Ибн Мажәһ.] 

«Ілімді ғалымдармен жарысу, жаһилдермен (сауатсыздармен) сөз таластырып өшіру және адамдар арасында абыройға қол жеткізу үшін үйренген адам жаһаннамға түседі». [Қр. Тирмизи.] 

«Ілімін (білгенін) жасырған адамға теңіздегі балықтан, аспандағы құсқа дейін барлық нәрсе лағынет айтады» [Қр. Дарими.] 

«Ілімнің пайдалысы, ғибадаттарды дұрыс және жақсы орындау арқылы байқалады. Харамдардан сақтандырмайтын, тақуалықты арттырмайтын ілім, тек Аллаһу та’аланың ашуын арттырады». «Ілімі көбейгенімен мінез-құлқы түзелмеген адам Аллаһу та’аладан алыстайды» [Қр. Дәйләми.] 

«Жақсылап біліп алыңдар, іліммен жасалған аз амал құнды болады. Ал жаһилдікпен (білмей) жасалған көп амал пайдасыз болады». [Қр. Ибн Абдил-бар.] 

«Қиямет күні ең көп қайғыланатын, (Ислами) білім алуға мүмкіндігі бола тұра, алмаған (адам)». [Қр. Ибну Асакир.] 

«Надандар арасында білім алуға ұмытылған, өлілер арасында тіріге ұқсас». [Қр. Ибну Асакир.]  
«Ғалымның дәрежесі `абидттің дәрежесінен жетпіс саты жоғары, және сол екі сатының арасы аспан мен жердей». [Қр. Дәйләми.] 

«Кім білімді іздесе (не білім ізденуге жолға шықса) оны жәннат іздейді, ал кім Аллаға бойсынбауға ұмытылса, оны тозақ іздейді». [Қр. Ибну Наджар.] 

Білімді үйренудегі адал ниеттің маңыздылығы 

Әбу Хурайра, Алла оған разы болсын. Ол: «Алла Тағаланың разылығына лайық болу үшін үйренетін білімді бар болғаны дүниені иелену үшін үйренген адам Қиямет күні жәннаттың иісін де сезбейді». [Қр. имам Әбу Дауд риуаят етті.] 

Білімді жасырудың жазасы 

Әбу Хурайра, Алла оған разы болсын. Ол: «Білім жайында сұралған уақытта, оны жасырған Қиямет күні тозақ отынан ауыздық салынады». [Қр. имам Әбу Дауд және имам Тирмизи риуаят етті.] 

Білімнің жоғалуы 

Абдуллах ибн `Амр ибн әл-`Ас, Алла оған разы болсын. Ол: «Алла Тағала адамдарды дін білімінен қараптан-қарап тұрып айырмайды. Алла Тағала дін білімінен ғалымдарды опат етумен айырады. Ғалымның барлығын опат еткеннен кейін, адамдар араларындағы надандарды басшы етіп, олардан пәтуа (мәселенің шешімін) сұрайтын болады. Сонда, олардың дін білімінен ешбір хабары жоқ басшылары пәтуа айтатын болады. Нәтижесінде, олардың өздері адасып, қол астындағыларды да адастырады». [Қр. «Сахих» Бұхари және «Сахих» Муслим.]

Дайындаған: darulahnaf.com