Пәтуәлар

Алла Тағаланы іс-қимылмен сипаттауға болама? «Нузуль», «Маджи’», «Итйан»



بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيم
الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاةُ وَالسَّلامُ عَلَي أَشْرَفِ الْمُرْسَلِين وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِين 

 Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен Барша мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың ардақтысы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай! 

Бүгінгі таңда айтылуға және талқылануға тиісті болған тақырыптар қатарына Аллаға іс-қимыл немесе кеңестікте өзгеріс/орын ауыстыру тағайындау лайық емес. Қазіргі таңда осы сұрақтарға қатысты әр түрлі студенттердің надандығымен және түрлі күмәндәрі үшін, бұл сұрақтарды ежелгі ғалымдардың түсінігі бойынша талқылау қажет. 

Мысалы, Алла тағаланы кейбір захир хадистерді және нузуль, Қиямет күні маджи’ түсумен келген аяттармен сипаттауға бола ма? 

Алла Тағаланы «іс-қимылмен», кеңістікте «ауысумен» және т.б. есептеулерінде, қысқаша айтып қарастырғанда, ғалымдардың бұл мәселеде пікірілері қандай?  

Әһлу Сунна имамы Әбул-Хасан әл-Әшғари (260-324 һ.ж./874-936 м.ж.), оған Алла рақым етсін, өзінің «Рисалятун илә Әһлис Сағир» кітабында, сәләфтардың пікірі келтірілген, ол былай деп айтқан:

 وأجمَعوا على أنّه عز وجل يجيءُ يومَ القيامة والملك صفاً صفاً لعرْض الأُمَم وحسابِها وعقابِها وثوابِها ، فيغفِر لمن يشاء مِن المُذنِبين ، ويعذِّب منهم مَن يشاء كما قال وليس مجيئُه حركةً ولا زوالاً ، وإنما يكون المجيء حركةً وزوالاً إذا كان الجائي جسماً أو جَوْهراً ، فإذا ثبَت أنّه عز وجل ليس بجسمٍ ولا جَوْهر لم يجِب أنْ يكونَ مجيئُه نُقلةً أو حرَكةً ألا ترى أنّهم لا يريدون بقولهم : «جاءتْ زيداً الحُمّى » أنها تنقّلت إليه ، أو تحرّكت مِن مكان كانت فيه إذ لم تكن جسماً ولا جوهراً ، وإنما مجيئها إليه وجودها به وأنه عز وجل ينزِل إلى السّماء الدّنيا كما روي عن النبي صلى الله عليه وسلم ، وليس نزوله نُقلة ، لأنه ليس بجِسم ولا جَوْهر , وقد نزَّل الوحيَ عند مَن خالفَنا 

«(Сәләфтар) бірауыздан Алла, `азза уә джаллә Қиямет күні келетінін, және періштелер топ-топпен адамдарды есепке тарту үшін, оларды жазалау немесе сауаптарын беру үшін, Ол айтқандай күнәхарларды кешіру әлде кімді қаласа жазалау үшін келеді. Және Оның (Алланың) келуі «іс-қимылды/харакат» немесе «орын ауыстыруды» білдірмейді. Келу «іс-қимыл» немесе «орын ауыстыру» болады егер келетін нәрсе дене немесе материя [1] болатын болса, ал Ол (Алла) азза уа джаллә дене немесе материя емес, сол үшін Оның келуі «іс-қимыл» немесе «орын ауыстыру» болуы міндетті емес. Сен олар (арабтар) «қызу Зейдке келді» деген сөздермен (қызу) бір орыннан оған орын ауыстырды немесе ол (қызу) бір жерден екінші жерге ауысты дегенді түсінбейсің, ол материя немесе дене емес сол себепті шындығында оның келуі, яғни оның Зейдте болғанын білдіретінін көрмейсің бе. Және шындығында, Ол (Алла) `азза уә джаллә Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, айтқандай төменгі аспанға келеді, және Оның (Алланың) келуі орын ауыстыру емес, себебі Ол (Алла) не «дене» емес, не «материя» емес. Біздің қарсыластарымыздың ойы бойынша Ол уахиын (нәззәлін) түсіреді». 
[Дереккөз: Әбул-Хасан әл-Әшғари, «Рисалятун илә Әһлис Са`ғир», 227-229 бет. Мәдина: Мактубатул Улюми уәл Хикам баспасы, 1422/2002.] 

[1] — материя – адам санасынан тыс және одан тәуелсіз өмір сүретін объективті дүние. 

Шафи`и мәзхабының ғалымы Абдул Қахир әл-Бағдади (д.ө.ж. 429 һ.ж./1037 м.ж.), оған Алла рақым етсін, өзінің «Әл-Фарқ Бәйн әл-Фирақ» кітабында былай деп айтқан:

 وأجمَعوا على نفي الآفاتِ والغُموم والآلام واللّذات عنه , وعلى نفيِ الحَرَكة والسُّكون عنه خلافَ قولِ الهِشامِيّة مِن الرّافضة في قولها بجواز الحركة عليه 

«Әхлу-Сунна ғалымдары бірауыздан Алла Тағаланың “ауруға”, “рахаттануға”, “қайғыға” және сондай нәрселерге қатысты абсолютті түрде қатысы жоқ екендігін қабылдады. Сонымен қатар бірауыздан (Аллаға қатысты) «іс-қимылды/әл-харакә» және «тыныштықты/әс-сукун» жоққа шығарды. Бұл «Әл Хишамия» тобынан болған Алланы «іс-қимылмен» сипаттайтын Рафидилерге толығымен қарама-қайшылықты білдіреді». 
[Дереккөз: Абдул Қахир әл-Бағдади, «Әл-Фарқ Байн әл-Фирақ», 333. Каир: Матба`атул Мадани баспасы.] 

Шафи`и мәзхабының ғалымы, хафиз Әбу Бәкір әл-Байхақи (384-458 һ.ж./994-1066 м.ж.), оған Алла рақым етсін, өзінің «Әл-И`тиқад» кітабында, былай деп айтады:

 وَأنَّ إتْيانَه ليس بإتيانٍ مِن مكانٍ إلى مكانٍ , وأنَّ مَجيئَه ليس بحركةٍ , وأنَّ نُزولَه ليس بنُقْلةٍ , وأنَّ نفْسَه ليس بِجسمٍ , وأنَّ وجهَه ليس بصورةٍ , وأنَّ يدَه ليستْ بجارحةٍ , وأنَّ عينَه ليست بحَدَقةٍ وإنَّما هذه أوصافٌ جاء بها التَّوقيفُ فقُلْنَا بها ونفيْنَا عنْها التَّكييفَ 

«Сонымен қатар Оның келуі «ауысу/итйан» бір жерден екінші жерге келу емес, және Оның келуі «іс-қимыл/маджи’» емес, және Оның «түсуі/нузуль» орын ауыстыру емес, және Оның болмысы дене емес, және Оның «уәджхы» бейне емес, және Оның «йады» мүше емес, және Оның «айны» қарашық емес екенін білу қажет. Бұл Алладан келген сипаттар және біз оларды жаратылысқа ұқсатпай растадық». 
[Дереккөз: хафиз Әбу Бәкір әл-Байхақи, «Әл-И`тиқад», 123 бет. Рияд: Дарул Фадилә баспасы, 1420/1999.] 

Ежелгі Ханафи мазхабының ғалымы Әл-Хаким әс-Самарқанди (д.ө.ж. 345 һ.ж./956 м.ж.), оған Алла рақым етсін, «Әс-сауәдул `Азам әля-Мазхабил Имамил `Азам» кітабында, Алла Тағалаға орын бекіткендер жайында, былай деп айтқан:

 أنه ينبغِي له ألا يُثبِتَ له تعالى مكاناً ولا مجيئاً ولا ذَهاباً ولا صفةً كصفةِ المخلوقين , لأنَّ تمامَ الإيمانِ أن يَعرِفَ اللهَ تعالى ولا يشتغِلَ بكيفيَّتِه 


«Мүминге Алла Тағалаға не «орын», не «келуді», не «кетуді» және жаратылысқа тын сипаттарды беруге болмайды, себебі толық иман – бұл ол Алланы танып және Оның сипаттарына кірмеуі (яғни, тереңдеп кірмеу)». 

[Дереккөз: Әл-Хаким әс-Самарқанди, «Әс-сауәдул `Азам әля-Мазхабил Имамил `Азам», 66-бет. Стамбул: Мактабату Ясин баспасы, 2011.] 

Шафи`и мазхабының ғалымы Ибн Хажар әл-Асқалани (773-852 һ.ж./1372-1449 м.ж.), оған Алла рақым етсін, «түсу/нузульге» қатысты хадисті айтқанда сәләфтар мен хәләфтардың сенімдерін келтіреді:

 فمعتقَدُ سلفِ الأئمة وعلماءِ السنة مِن الخلف أنَّ اللهَ منزهٌ عن الحركة والتحوُّل والحلول 


«Сәләфтардан және хәләфтардан болған сүнни ғалымдары Алла Тағаланы «іс-қимылдардан», «орын ауыстырудан» және бір нәрсемен «қосылудан» пәк екендігіне иман келтірген». 

[Дереккөз: Ибн Хажар әл-Асқалани, «Фатхул Бәри», 8/505. Рияд: Дару Тайба баспасы, 1426/2005.]  

Сәләфтардан болған танымал мұхаддис ғалым Ибн Хиббан әл-Бусти (д.ө.ж. 270-354 һ.д./883-965 м.ж.), оған Алла рақым етсін, Алланың «түсуінде/нузулінде» не «іс-қимыл», не «орын ауыстыру» жоқ деп айтқан:

 كذلك ينزِل بلا آلةٍ , ولا تحرُّكٍ , ولا انتقالٍ مِن مكانٍ إلى مكانٍ 

«Сонымен қатар еш нәрсенің көмегінсіз, «іс-қимылсыз» және еш «орын ауыстырусыз» түседі». 
[Дереккөз: Ибн Хиббан, «Сахих Ибн Хиббан», 3/201. Бейрут: Муассасатур Рисаля баспасы, 1414/1993.]  

Сахих әл-Бұхари шархын жазған автор, ханафи мазхабының ғалымы Бадруддин әл-А`йни (772-855 һ.ж./1361-1451 м.ж.), оған Алла рақым етсін, өзінің «Умдатул Қ`ари Шарху Сахихул Бухари» кітабында, былай деп айтады:

 احتج به قومٌ على إثبات الجهة للهِ تعالى ، وقالوا : هي جهة العلوِّ ، وممن قال بذلك: ابن قتيبةَ وابن عبد البر، وحكي أيضا عن أبي محمد بن أبي زيد القيْرواني ، وأنكَر ذلك جمهورُ العلماء , لأنَّ القولَ بالجهة يؤدي إلى تحيُّزٍ وإحاطةٍ ، وقد تعالى الله عن ذلك 


«Белгісіз бір топ бұл хадисті («түсу/нузуль» жайлы) Алла Тағаланың алты жақты қамтуы туралы дәлел деп келтірген. Олар айтты: Бұл «`улюв» жоғарылау, көтерілу жағы. Осыны айтқандар қатарында: Ибн Қутейба, Ибн Абдил-Барр. Сонымен қатар бұл Әбу Мұхаммед бин Әби Зайд әл-Қайрауаниден келеді. Бірақ ғалымдардың көбісі оны жоққа шығарды, себебі «жақтың» болуы кеңестікте орынды қамтуды меңзейді. Алла одан аса Пәк». 
[Дереккөз: Бадруддин әл-А`йни, «Умдатул Қари Шарху Сахихул Бухари», 7/290. Бейрут: Дарул Кутубил Ильмийя баспасы, 1421/2001.] 

Шафи`и ғалымы Ибнул Ирақи деген есіммен белгілі болған Әбу Зура Уалийюддин әл-Ирақи (762-826 һ.ж./1361-1423 м.ж.), оған Алла рақым етсін, өзіне қойылған «сипаттарға қатысты қандай дұрыс қатынас болу керек?» деген сұраққа былай жауап берді:

 أن لأهلِ العلم في آياتِ الصفاتِ وأحاديثِ الصفاتِ قولينِ مشهورينِ : أحدهما — وهو مذهبُ السلفِ — أنه لا يُتكلَّم في معناها , بل يجب علينا أن نؤمنَ بها , ونعتقِدَ لها معنى يلِيق بجلالِ الله سبحانه وتعالى مع اعتقادنا الجازمِ أنَّ اللهَ سبحانه وتعالى ليس كمثلِه شيءٌ , وأنه منزهٌ عن الأجسامِ والانتقالِ والتحيُّزِ في جهةٍ , وعن سائر صفاتِ المخلوقين , ليس كمثله شيءٌ وهو السميع البصير , وقد ذهَب إلى هذا جماعةٌ مِن المتكلمين أيضاً , وهو أسلمُ وأقلُّ خَطَراً والقوْل الثّاني — وهو مّذهب أكثرِ المُتكلّمينَ أنّها تُتُأوَّل عَلى ما يليق بِها على حسَبِ مَواقِعها 

«Білім иелерінде сипаттарға қатысты аяттармен хадистерге қатысты екі танымал көзқарас бар: Бірінші: бұл пікір мазхаб сәләфтардың – олар оның (сипаттардың) мағынасы жайлы сөз қозғамайды. Керісінше біз оларға сенуге міндеттіміз, және бұл сипаттардың мағынасы Аллаға лайықты түрде болуына, Алла Субхана уә Тағалаға еш нәрсе ұқсамайды деген сенімде болуға да тиіспіз. Сонымен қатар, Ол (Алла) «денеден», «орын ауыстырудан» және «кеңестікте мекені болудан» және басқа да жаратылысқа тән сипаттардан аса Пәк, «Еш нәрсе Оған ұқсас емес. Ол Алла, әр нәрсені естуші, толық білуші». Бұл сонымен қатар мутакаллимдердің бір тобының пікірі. Және бұл ең қауіпсіз жол». Екінші: бұл пікір мазхаб мутакаллимдердің көбісі – қолданысқа байланысты «астарлап талқылау/т`ауил» жасау қажет». 
[Дереккөз: Уалийюддин әл-Ирақи, «Әл-Әджибатул Мардийя әнил Асилятил Маккия», 17-20. Мактубат Мауилятул Исламийя.] 

Ханафи мазхабының ғалымы Әбул Муин ан-Насафи (418-508 һ.ж./1027-1115 м.ж.), оған Алла рақым етсін, былай деп айтады:

 ولا يجوز أنْ يوصَفَ الله تعالى بالمَجيء والذَّهاب , لأنَّ المَجيءَ والذَّهابَ مِن صفاتِ المخلوقين وأمَارات المُحدَثين , وهما صفتان منفيّتان عن الله تعالى , ألا ترى أنَّ إبراهيمَ عليه السلام كيف استدلّ بالمُنتقِل مِن مكان إلى مكان أنّه ليس برب حيث قال : { فَلَمَّا أَفَلَ قَالَ لا أُحِبُّ الْآفِلِينَ } , ومعنى قولِه تعالى : { وَجَاءَ رَبُّكَ وَالْمَلَكُ صَفّاً صَفّاً } أي أمرُ ربِّك 

«Алла Тағала «келумен» және «кетумен» сипатталуы тыйым салынған, себебі «кету» мен «келу» жаратылған жаратылыстың сипаттарынан болып табылады (яғни, басталуы барлардың). Және бұл екі сипат Аллаға қатысты жоққа шығарылған. Сен Ибраһим, Алланың оған сәлемі болсын, қалайша жұлдыздың бір жерден екінші жерге орын ауыстырғандықтан Құдай бола алмайтындығын айтқанын көрмейсің бе. Ол айтқан кезде: «Ол батқан кезде, ол айтты, мен бататындарды жақсы көрмеймін» (Әл-Ан`ам 6/76 аят). Және Алланың «Және сенің Раббың келеді және періштелер топ-топпен болады» сөздері, яғни Оның бұйрығы келеді». 
[Дереккөз: Әбул Муин ән-Насафи «Бахрул-Калям», 110. Мактабату Дарил Фарфур, 1421/2000.]  

Шафи`и ғалымы имам Әбул-Хасан әл-Әш`ари (260-324 һ.ж./874-936 м.ж.), оған Алла рақым етсін, Кәләм ілімін жоққа шығарушыларға арналған өзінің кішігірім «Рисалятун фи Истихсанил Хауди фи Илмил-Кәлям» деген жолдауында былай дейді:

 فأمّا الحركة والسّكون والكَلام فِيهما فأصْلهُمَا موْجود في القُرءان وهما يدُلان على التوحيد ، وكذلك الاجْتِماع والافْتِراق قال الله تعالى مخبِرا عن خليله إبراهيمَ صلوات الله عليه وسلامُه في قِصّة أُفُولِ الكَوْكَبِ والشمسِ والقمرِ وتحريكِها مِن مكان إلى مكانٍ ما دلّ على أنّ ربَّه عز وجل لا يجوز عليه شيءٌ مِن ذلك , وإنّ ما جاز عليه الأُفول والانتقال مِن مكان إلى مكان فليس بإله 

«Тыныштық пен сөйлеуге қатысты, ол екеуінің негізі Құранда орналасқан, және ол екеуі Алланың жалғыздығына меңзейді, солар секілді «жиналу/иджтима» және «бөліну/ифтирақ» та. Алла өзінің досы Ибраһим, Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын, жайлы айтқан уақытта, жұлдыздың, куннің және айдың батуы жайлы. Олардың бір жерден екінші жерге орын ауыстыруы олардың Құдай емес екендіктеріне дәлел болып табылады. Шын мәнінде, кімге «бату» және бір жерден екінші жерге «орын ауыстыру» жүрсе, ол құдай бола алмайды». 
[Дереккөз: Әбул-Хасан әл-Әш`ари, «Рисалятун фи Истихсанил Хавди фи Илмил Калям», 91. Бейрут: Дарул Кутубил Ильмийя баспасы, 1433/2012.] 

Муфассир Низамуддин ан-Найсабури (д.ө.ж. 850 һ.ж./1446 м.ж.), оған Алла рақым етсін, «Ғараибул Құран уа Рағаибул Фурқан» атты тафсирінде, Бақара сүресінің 2/210 аятын аятының тәпсірінде, былай деп айтқан:

 وأمّا إتْيان اللهِ فقدْ أجمَع المفسِّرون على أنّه سبحانَه منَزّهٌ عن المَجيء والذَّهاب لأنَّ هذا مِن شأن المُحدَثات والمُرَكّبات وأنّه تعالى أزليّ فَرْد في ذاته وصفاته فذكَروا في الآية وجهَيْن الأول — وهوَ مذهَب السّلف الصالح — : السّكوت في مِثل هذه الألفاظ عن التّأويل وتفْويضُه إلى مُراد الله تعالى , كما يُروى عن ابنِ عبّاس أنّه قال : نزَل القرآن على أربَعة أوجُهٍ : وجْهٌ لا يُعذَر أحدٌ بجهالته ، ووجه يعرِفه العُلماءُ ويفسِّرونه ، ووجه يُعرف مِن قِبَل العَربِيّة فقَط ، ووجه لا يعلَمه إلا الله الثاني : وهو قولُ جمهور المتكلِّمين : أنّه لا بُدّ مِن التأويل على سَبيل التَّفصيل 

«Алланың келуіне келетін болсақ, Құран тәпсіршілерінің бұған қатысты иджм`асы бар, ол бойынша Алла Тағала «келу» мен «кетуден» аса Пәк, себебі бұл жаратылыстардан және мүшелерден тұратындарға тән сипат, ал Алла Тағала Болмысы және сипаттарында ежелгі және жалғыз. Осы аятты түсінуде (ғалымдар) екі мазхабқа бөлініп кетті: Бірінші – бұл сәләфу солихтардың мазхабы: (және бұл) бұған ұқсас сөздерді талқыламай оны Алла Тағаланың қалауына қалдырып (яғни, оларға Ол меңзеген және қалаған хәлде сену), Ибн Аббастан жеткендей, ол былай деді: Құран төрт түрде түсірілген: 1 – Ешкімге білмеуге рұқсат етілмеген түрі 2 – Терең ілімі бар ғалымдар түсінетін түрі 3 – Араб тілін білетіндер түсіне алатын түрі 4 – Алла Тағала ғана білетін түрі Екінші – бұл мутакалиммдердің көбісі түсінетін пікірі: Міндетті түрде терең түрдегі «т`ауил» жасау». 
[Дереккөз: Низамуддин ән-Найсабури, «Ғараибул Қур`ан уә Рағайбул Фурқ`ан», 1/579. Бейрут: Дарул Кутубил Ильмийя баспасы, 1416.] 

Үлкен муфассирлердің бірі Әбу Абдуллах әл-Қуртуби әл-Малики(600-671 һ.ж./1204-1274 м.ж.), оған Алла рақым етсін, әл-Мәида сүресінің 24 аятын тәпсірлегенде былай деді:

 ثم جهِلوا صفةَ الرَّبِ تبارك وتعالى فقالوا { فَاذْهَبْ أَنْتَ وَرَبُّكَ } , وصَفوه بالذَّهاب والانتقالِ ، والله متعالٍ عن ذلك . وهذا يدلُّ على أنهم كانوا مشبِّهةً ؛ وهو معنى قولِ الحسن ؛ لأنه قال : هو كفرٌ منهم بالله 

«Кейін олар (Исраил ұрпақтары) Алланың сипатына қатысты надандық танытып, былай деп айтты: «Сен және сенің Раббың барсын» (Мәида 5/24 аят). Олар Оны (Алланы) «кетумен» және «орын ауыстырумен» сипаттады, ал Алла одан аса Пәк. Бұл олардың (яһудилердің) мушаббих болғанына меңзейді. Және бұл әл-Хасан сөздерінің мағынасына сәйкес келеді: «Бұл олардың Алла Тағалаға қатысты сенбеуі (күпірлігі) болып табылады».
[Дереккөз: Имам әл-Қуртуби, «Әл-Джамили Ахкамил Қур`ан», 7/399. Бейрут: Әр Рисалә баспасы, 1427/2007.] 

Мәлики мәзхабының ғалымы Ибн Абдил Баар (368-463 һ.ж./978-1071 м.ж.), оған Алла рақым етсін, «Әл-Истизкар» кітабында «түсу/нузуль» хадисіне қатысты пікірлерді топтағанда былай деп айтты:

 وقد قالتْ فِرقةٌ منتسبةٌ إلى السنة : إنه ينزِل بذاته ، وهذا قولٌ مهجورٌ , لأنه تعالى ذكْرُه ليس بمحَلٍّ للحرَكاتِ ولا فيه شيءٌ مِن علاماتِ المخلوقاتِ 

«Өздерін сунниттерге жатқызатын бір топ Алла Тағаланы өзінің болмысымен түсетінін айтқан болатын. Бұл сөздер алынбайды, себебі Алла Тағалаға «іс-қимыл» тән емес, және Онда жаратылысқа тән нәрсенің ешбірі жоқ». 
[Дереккөз: Ибн Абдил Баар, «Әл-Истизкар», 8/153.] 

 Ибн Абдил Барр, оған Алла рақым етсін, «әт-Тамхид» деген басқа кітабында былай дейді:

 وقد قال الله عزّ وجلّ : وجاء ربُّك والملَكُ صفاً صفاً وليس مجيئُه حركةً ولا زوالاً ولا انتقالاً , لأنَّ ذلك إنما يكون إذا كان الجائي جسماً أو جوهراً , فلما ثبَت أنه ليس بجسْمِ ولا جوْهرٍ لم يجبْ أنْ يكونَ مجيئُه حركةً ولا نُقلةً ولو اعتبرتَ ذلك بقولهم جاءتْ فلاناً قيامتُه وجاءَه الموتُ وجاءَه المرَض وشبْهُ ذلك مما هو موجودٌ نازلٌ به ولا مجيءَ لبان لك 

«Алла `азза уа джәллә былай деді: «Және сенің Раббың келеді және періштелер топ-тобымен келеді» (Фәжр 89/22 аят). Оның келуі «іс-қимыл», «бату» және «орын ауыстыру» емес, себебі, бұлай тек денеге немесе субстанцияға айтуға болады. Алла Тағала дене және субстанция емес екендігі анықталғаннан кейін, онда Оның келуі «іс-қимыл» және «орын ауыстыру» болуы міндетті емес. Егер «осындайдың соңы келді», «оған өлім келді», «оған сырқат келді» және соған ұқсас сөздердің мағынасында ойланатын болсақ, онда саған бұл сұрақ түсінікті болады. Себебі бұл айтылған заттар шын мәнінде Оған келген емес, керісінше Онда болды». 
[Дереккөз: Ибн Абдил Баар, «Әт-Тамхид», 7/137. Визаратул Ауқаф баспасы, 1387/1967.] 

Сонымен қатар осы кітаптың басқа бір жерінде ол былай дейді:

 وقال نعيمٌ : ينزِل بذاته وهو على كرسيِّه — قال أبو عمرَ : ليس هذا بشيءٍ عند أهل الفهْم من أهل السنة , لأن هذا كيفيةٌ وهم يفزَعون منها , لأنها لا تصلُح إلا فيما يُحاط به عياناً 

«Ну`айм айтты: «Өз болмысымен Өзінің `Аршысында болып түседі». Әбу Омар (Ибн Әбдил Барр) айтты: Бұл пікір ештеңе емес (яғни, дұрыс емес) Әхлу-Суннаның түсінетін адамдарының арасында, себебі бұл жаратылысқа ұқсату. Ал олар (Әхлу-Сунна) одан қорқады (жаратылысқа ұқсатудан), себебі бұл тек көзбен көруге болатын заттарға ғана тән». 
[Дереккөз: Ибн Абдил Баар, «Әт-Тамхид», 7/144-145. Визаратул Авқаф баспасы, 1387/1967.] 

Мәлики ғалымы Әбул-Хасан Ибнул-Қаттан (562-628 һ.ж./1167-1230 м.ж.), оған Алла рақым етсін, иджм`аға байланысты сұрақтарға қатысты жиналған кітабында «Әл-Иқна фи-Масаилил Иджма’», былай дейді:

 وأجمعوا أنه تعالى يجئ يومَ القيامةِ والملَكُ صفاً صفاً لعرْض الأمَمِ وحسابِها وعِقابِها وثوابِها , فيغفِر لمن يشاء مِن المؤمنين , ويعذِّب منهم مَن يشاء كما قال , وليس مجيئُه بحركةٍ ولا انتقالٍ «92 

сұрақ: Және олар (ғалымдар) бірауыздан шешті, Ол – Алла Тағала Қиямет күні келеді және періштелер топ-тобымен адамдарды есепке тарту үшін, жазалау және сауап беру үшін жиналады. Және Ол қалаған иман келтіргендерді кешіріп және Өзі айтқандай қалағандарын жазалайды. Және Оның келуі «іс-қимыл», «орын ауыстыру» – емес!». 
[Дереккөз: Ибнул Қаттан, «Әл-Иқна фи-Масаилил Иджма’», 1/144. Әл-Фаруқул Хадиса баспасы, 1424/2004.] 

Ханбали мәзхабының фақиһы Әбул-Фарадж Ибнул-Жәузи (508-597 һ.ж./ 1114-1201 м.ж.), оған Алла рақым етсін, өзінің «Задул Масир» тәпсір кітабында, Бақара сүресінің 2/210 аят тәпсірінде «… бұлттың көлеңкесінде Алла және періштелер келіп … », былай деп айтады:

 كان جماعةٌ مِن السّلف يُمسِكون عن الكلام في مثلِ هذا , وقد ذكَر القاضي أبو يعلى عن أحمدَ أنّه قال : «المُراد به قدرتُه وأمره» قال وقد بيّنَه في قولِه تعالى : أو يأتي أمر ربك 

«Сәләфтардан болған жамағат ондай заттар жайындағы әңгімелерден аулақ болған, және Қади Әбу Я`ла Ахмадтан келген сөзін айтады: «Оның құдыреті мен бұйрығы меңзелген дейді». Және ол (Имам Ахмад) айтты, Ол Алла Тағала өзінің сөзінде оны түсіндіріп кетті: «… әлде сенің Раббыңның бұйрығы келе ме?» (Нахл 16/33 аят)». 
[Дереккөз: Әбул-Фарадж Ибнул-Жәузи, «Задул Масир», 1/225. Әл-Мактубатул Ислами баспасы, 1404/1984.] 

Шафи`и мәзхабының ғалымы Ибн Касир (701-774 һ.ж./1302-1373 м.ж.), оған Алла рақым етсін, өзінің «Әл-Бидая уә ан-Нихая» атты кітабында былай дейді:

 روى البيهقي عن الحاكم عن أبي عمرو بن السماك عن حنبل عن أحمد بن حنبل تأول قول الله تعالى {وجاء ربك} أنه جاء ثوابه , ثم قال البيهقي : وهذا إسناد لا غبار عليه 

«Әл-Байхақи әл-Хакимнан, Әбу `Амр Ибн әс-Симмакадан, Ханбалядан (Ибн Исхақ әш-Шайбани, Ахмад ибн Ханбалдің анасынан болған ағасы), Ахмад ибн Ханбалдан Алла Тағаланың «Және сенің Раббың келеді» деген сөздеріне «т`ауиль» жеткізген, яғни, «оның сауабы келеді». Әл-Байхақи айтты: «Бұл иснад – онда ешқандай шаң тозаңы да жоқ». 
[Дереккөз: Ибн Касир, «Әл-Бидая уә ан-Нихая», 1616. Байтул Афкарид Даулийя баспасы.]

Шафи`и мәзхабының ғалымы Мұхиддин ан-Нәуәуи (631-676 һ.ж./ 1233-1277 м.ж.), оған Алла рақым етсін, имам Муслимнің шархында «түсу/нузуль» сипатына қатысты былай деп айтты:

 هذا الحديث مِن أحاديثِ الصّفاتِ وفيه مذهَبانِ مشهورانِ للعُلماء سبَق إيضاحُهما في كِتاب الإيمانِ ، ومختصَرهما أنّ أحدَهما وهوَ مذهَب جمهورِ السّلفِ وبعضِ المُتكلِّمين أنّه يؤمَن بأنّها حقّ على ما يليق بالله تعالى ، وأنّ ظاهرَها المتعارِف في حقِّنا غيرُ مرادٍ , ولا يُتكلَّم في تأويلِها مع اعتقاد تنزيه الله تعالى عن صفاتِ المخلوقِ وعن الانتِقال والحَركاتِ وسائرِ سِماتِ الخلق والثّاني : مذهب أكثرِ المُتكلِّمين وجماعاتٍ مِن السّلف وهوَ مَحكِيّ هنا عن مالكٍ والأوزاعِي أنّها تُتأوَّل على ما يليق بها بحسَب مواطِنها، فعلى هذا تأوَّلوا هذا الحديث تأويليْن : أحدُهما : تأويل مالكِ بن أنسٍ وغيره معناه «تنزِل رحمتُه وأمرُه وملائكتُه ، كما يقال : فعل السّلطان كذا إذا فعله أتباعُه بأمرِه . والثاني : أنّه على الاستِعارة , ومعناه الإقبالُ على الدّاعينَ بالإجابةِ واللُّطف , والله أعلم 

«Бұл хадис Алла Тағаланың сипаттарына қатысты хадистерге жатады. Бұндай хадистерді түсінуде ғалымдарда екі мазхаб (пікір) бар. Бұл «Китабул-Иманда» түсіндірілген болатын. Егер қысқаша айтатын болсақ, онда бұл былай: Бірінші. Бұл көптеген сәләфтар мен кейбір мутакалиммдердің мазхабы. Және бұлардың шындық екеніне сену, Аллаға лайықты түрде сену, және хадистің сыртқы мағынасы бізге (жаратылысқа) түсінікті түрде болған күйде, шын мәніндегі нәрсені меңземейді. Және оны Алла Тағаланы жаратылысқа тән «орын ауыстыру» және «іс-қимыл» сияқты сипаттармен түсіндірмейді. Екінші. Бұл көптеген мутакаллимдердің және кейбір сәләфтардың мазхабы. Бұл пікір Мәлик пен Әуз`аидан жеткен. Және оларды Аллаға лайықты түрде мәнмәтінімен (контекстке) [2] сәйкес талқылау қажет. Осыған негізделе келе (бұндай тәсілге), олар бұл хадисті екі жолмен талқылады: 1. Мәлик бин Анәстың және басқалардың талқылауы: «Оның мейірімі түседі, және Оның бұйрығы және Оның періштелері», – «Патша осылай істеді», деген сияқты, – яғни, оның қолбасшылары Оның бұйрығымен жасады. 2. Ауыспалы мағынада түсініледі, сұраушылардың сұрауын беру және оларға мейірім төгу мағынасында түсініледі. Және Алла жақсырақ білуші». 
[Дереккөз: Мұхиддин ан-Нәуәуи «Сахиху Муслим би Шархин Нәуәуи», 6/54. Муассатул Қуртуба баспасы, 1414/1994.] 

[2] – мәнмәтінімен/контекстке сөйлемнің құрамына кіретін жекелеген сөздің не сөз тіркесінің мағынасын анықтау үшін қажет тұрлаулы мәндегі үзінді. 

Алтыншы ғасырдағы ханафи фақиһы Мұхаммед бин Әби Бәкір ар-Рази, оған Алла рақым етсін, белгілі болған «Бадул-`Амали» қасыдасында күпірлік сөзін үшке категорияға бөледі: бірауыздан келісілген күпірлік; келіспеушілігі бар күпірлік және қауіптілігі бар күпірлік. Бірауыздан келісілген күпірлік туралы кейін былай дейді:

 أو قال : اللهُ تعالى قامَ أو نزَل أو جلَس للإنْصاف 

 «Немесе адам былай десе: Алла Тағала мейірімділік үшін «тұрды» немесе «түсті» немесе «отырды» (бұл – бірауыздан болған күпірлікке жатады)». 
[Дереккөз: Мұхаммед бин Әби Бәкір ар-Рази, «Шарху Бадил `Амал – Хидая минәл Итиқад», 331. Бейрут: Дарул Кутубил Ильмийя, 1422/2001.] 


Дереккөз: al-fatava.com
Даударған: darulahnaf.com