Пәтуәлар

Сәлденің қандай түсі Сүннет болып табылады?



Сұрақ:

Сәлденің қандай түстері Сүннет болып табылады? Менің естігенім қызыл, қара, қоңыр, сары түсті сәлделер Сүннетке сай. Әр түске дәлел келтіре аласыздар ма? Джазкаллаһу хайран. (АҚШ) 

Жауап:

Аса қамқор ерекше Мейірімді Алланың атымен!

Ассаляму Алейкум уә Рахматуллаһи уә Баракатуһ!

Қара түс 

Джабир ибн Абдулла, Алла оған разы болсын, былай деп айтты: «Нәби, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қара сәлдеде бола тұра, Меккеге Фатх етіп кірді»
[Қр. Муслим, Әбу Дауд, Тирмизи, Насаи, Ибн Маджа.] 

Сары түс

Ибн Омар, Алла оған разы болсын, былай деп айтты: «Нәби, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің бар киімдерін сары түспен бояды, тіпті сәлдесінде де»
[Қр. Сунан Әбу Дауд.] 

Қызыл түс

Анас ибн Мәлік, Алла оған разы болсын, былай деп айтты: «Нәби, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, дәрет алған кезінде, оның басында қызыл түсті сәлдесі болғанын көрген едім». [Қр. Сунан Әбу Дауд, Мустрадак әл-Хаким.] 

Ақ түс

Ибн Омар, Алла оған разы болсын, былай деп айтты: «Нәби, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Абдуррахман бин Ауфқа, Алла оған разы болсын, ақ сәлде орағанын көргенмін». [Қр. Мустрадак әл-Хаким.] 

Жасыл түс

«Нәби, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ешқашан жасыл түсті сәлде тақпаған». [Қр. Шаабиба әл-Гамама фий Тахқиқ Масала әл-Имама, 59-бет. Басаир.] 

«Дегенмен кейбір сахабалар, Алла оларға разы болсын, жасыл сәлде таққан»
[Қр. Мусаннаф ибн Әби Шайбах.] 

Алла Тағала дұрысын білуші
Уассалам

Муфти Ибрагим Десаи Ханафи
Дар ул-Ифта, Игамийя медресесі 

Дереккөз: askimam.ru
Аударған: darulahnaf.com