Пәтуәлар

Алты негіз. Кімді әшғари деп санауға болады



Кіріспе

Әшғари мәзхабын жаулар тарапынан сынаудың бір әдісі – бұл Исламның кейбір ұлы ғалымдары, Шейхул Ислам əн-Науауи немес "Әмирул Муминин фил Хадис" Ибн Хажар әл-Асқаляни сияқты ғалымдардың «бірінші уәжіп» немесе әрбір мукалляфқа кәләм дәлелдерін білу міндеті мәселесі жөнінде пікірлерін келтіріп сол арқылы олардың әшғари мәзхабын ұстануына күмән тудыру болып табылады.

Мұндай «сынның» әдісі қарапайым: белгілі ғалымдардың дара мәселелердегі пікірлерін келтіріп, сосын барып былай дейді: «Міне, мына ұлы ғалым осы мәселеде әшғарилердің пікіріне қайшы келіп тұр, сол себептен оны әшғари деп атамау керек, өйткені ол әшғарилермен сұрақтардың жартысында ғана келісіп отыр». Адасқандарға қарсы ең күшті дәлелдердің бірі бұл Исламның ұлы ғұламалары әшғари-матуридилер деген факт болған және солай қала береді, сондықтан осы фактіні теріске шығару үшін олар бар күштерін салады.

Бұндай «дәлелдердің» жалғандығын түсіну үшін мына нәрсені ұғынып алу керек: кез-келген мәзхабтың негіздері бар, солардың біреуін болсын терістеу адамды сол мәзхабқа ерушілердің қатарынан шығарады, сонымен қатар мәзхаб ішінде талас болған екінші дәрежедегі мәселелер бар және осы мәселелер бойынша көпшіліктің пікірінен бөлек пікір айту адамды мәзхаб шеңберінен шығармайды. Біз бұл мақалада әшғариді әшғари ететін негіздерді және әрбірінен кейін сол негізде әшғарилерге қайшы келетіндерді атап өтуге тырысамыз. Осы негіздердің біреуін болсын мойындамау адамды әшғари мәзхабынан шығарып жібереді.

 Алты негіз және олардың түсіндірмесі

1) Алла Тағала уақыт пен кеңістіктен тыс, мекен алмайды және Ол бір бағытта емес, ешқандай шектеулермен немесе бағыттармен шектеулі емес.

Бұл негіз мушаббиха мен мужассималардың барлық түрлерін жоққа шығарады. Және олар жаратылысқа ұқсаған, жаратылыстарға белгісіз немесе «Алланың ұлылығына жараса» мекен мен шектеуді бекітеді ме, бұл маңызды емес.

Сондай ақ бұл негіз «уахдатул `ужуд» мәзхабын жоққа шығарады, оның жақтастары Алла Тағала затымен барлық жерде болуына сенімде, бұл «Алла болмысымен барлық жерде» деген тұжырымында айтылған.

 فائدة (пайдалы ескертпе)

Егер біз «Алла барлық жерде» дегенді «болмыс» сөзін қоспай кездестірсек, онда мұндай сөздерді «барлық жерді білуші» немесе «барлық жерді басқарушы» деп түсінуге болады. Дегенмен мұндай сөздерден аулақ болу керек, өйткені Әһлис-Сунна: «Алла мекен мен бағыттан тыс» дейді, ал «барлық жерде» - бұл мекен және бағыт болып табылады.

Сондай-ақ «уахдатул-ужуд» ақидасы мен «һулул» ақидасын айырып алу керек. «Уахдат» ақидасы бұл шын мәнінде тек қана Алла бар, ал қалған барлық болмыстардың объективті табиғаты жоқ және бұл (иллюзия) көлеңке мен кескін сурет тәріздес дейді, ал «һулул» ақидасы бұл — «Илəһ пен жаратылыстың» қосылуы жайында айтады. Осы екі адасушылық негізінде күпірлік болып табылады.

2) Алла кемелдігі мен санында шегі жоқ болған, ұлы кемел сипаттармен сипатталған. Бұл сипаттар болмыстың өзі болып табылмайды, алайда болмыстан тыс та емес, ал олардың Аллада қалай болатынын біз білмейміз, өйткені Алланың болмысы және сипаттарының мәні танылмайды. Сондай-ақ, аспан мен жер Жаратушысының сипаттары өзгермейді.

Бұл негізбен муғтазила мәзхабы және ужудилер мәзхабы жоққа шығарылады. Олардың сенімі бойынша, сипат және болмыс өздігінен екеуі бір нәрсе. Яғни, оларда Ілім сипаты бұл Алла білуші дегенді білдіреді және бұл мәселеде «ілім» сипатының бекітуі жоқ, әйтпесе (олардың айтуынша) бұл бірнеше әуелден барды бекіту болады, яғни әуелден бар болған Алла, әуелден бар ілім, әуелден бар күш ж.с.с

Егер білу – бұл Білуші, ал күш - бұл Құдіретті деп қабылдасақ, онда Білу мен Күш екеуі бір нәрсе болып шығады, ал бұдан сипаттарды жоққа шығару (тағтыль) пайда болады.

 فائدة

Сипаттарды жоққа шығару мәзхабы әһли сунна бойынша, Алла Тағаланың әуелден бар Күш, Білім, Қалау, Кәләм ж.т.б сипаттарының болу фактісін мұғтазилалар сияқты терістейді, ал «йəд» мағынасы бізге белгісіз деген тұжырымда сипаттарды жоққа шығару жоқ, өйткені мағынаны білмеу сипаттың жоқ екенін білдірмейді.

Ал мужассимдерде сипаттарды жоққа шығару – бұл олардың дене емес табиғатын бекіту, себебі, жисм - тек дене және кеңістікпен бағытта ғана бар бола алады. Әһли Сунна - Алла дене емес, мекенсіз, бағыттары жоқ дегенде, мужассимге бұл объетивті нақтылықта бола алмайтын дерексіз түсінікті бекіту болып табылады, өйткені (оларда) барлық дене болмаған және материя емес нәрсе бар бола алмайды, себебі «танзих» ақидасы олар үшін жоққа шығару, және (олардың пайымдауы бойынша) әшғари матуридилердің табынатын Құдайы , — бұл «Болмыссыздық» (әл-`Адам).

Және де сипаттардың өзгермеу негізі Ибн Таймияның мәзхабын терістейді, ол Алланың сипаттары өзгереді деп санаған. Бұған мысал оның Алла қалауы бұл әуелден бар және өзгермейтін сипат емес, бұл үздіксіз «қалаулар» тізбегі және әрқайсысының бастауы мен аяғы жоқ деген сенімі. Ал Әһли Сунна ақидасы бойынша, Алланың болмысы да, Оның сипаттары да өзгермейді. Өйткені Ол - абсолютті кемел, өзгеріссіз.

Әшғарилерге белсенді тағылатын жаланың бір мысалы, бұл әшғарилер Аллаға тек 7, 8, 11, 13 немесе 20 сипатты ғана бекітеді, ал қалғанын жоққа шығарады деген сөз. Және бұған дәлел ретінде олар сипаттар атап өтілген әшғари мәтіндерді келтіреді, бірақ сонымен ешкім әшғарилердің анық «Алла тек осы сипаттармен ғана сипатталған, осыдан басқасымен сипатталмаған» деген сөздерін келтіре алмады. Кейбір сипаттардың санын белгілеудің мағынасы, бұл, егер мукәлләф осы сипаттардың біреуін білмесе немесе міндеттілігінде күмәнданса, ол өз Раббысын танымайды деген сөз. Алла Тағланың кемелдігі шексіз, ал сипаттар – бұл Құдайдың кемелдігінің сипаттауы, сондықтан олар шексіз, бірақ мукалляф шексізді және Құран мен Сүннетте келген барлық сипаттарды тануға міндетті бола алмайды, сондықтан ақида ғалымдары қалған сипаттардың негізгі мағыналарын қамтитын бірқатар сипаттарды белгіледі.

3) Үкім Аллаға ғана тән. Бүкіл əмірлер жəне тиымдар жер мен көктің Раббысынан ғана беріле алады, ал пенделердің бір-біріне əлденені тиым салуға немесе міндетті етуге құқығы жоқ.

Бұл негіз секуляризмнің діннің құлшылыққа жататын бөлігі жəне биліктің "діннен өзге", пенделік ақыл-оймен шектелген, үкімі саяси-қоғамдық жағдайларға байланысты шығарылатын сияқты барлық түрлерін жоққа шығарады.

 فائدة

Егер адам өзін демократтарға, либералдарға, социалистерге немесе басқа идеологиялар қатарына жатқызса, онда мұндай адамның такфирімен асықпау керек, өйткені бұл жиі болатындай, адам сол түсініктердің не мағына беретінін білмеуі мүмкін, немесе соған өз түсінігін салуы мүмкін. Мысалы, мұсылмандар қатарынан болған кейбір әууәмдар «коммунизм» түсінігіне «топтар күресі», «пролетариат диктатурасы» және «ғылыми материализм» идеалогисын емес, оған әлеуметтік теңдік мағынасын береді. Сондай-ақ өздерін «демократ» санайтын адамдар, қоғам мен халық заңдарды бекітіп және ойлап табуға құқығы бар, сол заңдарға негізделе олар өмір сүріп дамиды деген түсінікте емес, көбінде, олардың түсінігінде бұл жалпылама адам құқығы немесе адам бостандығы.

4) Алла Тағала Кәләм сипатымен сипатталған және Оның Кәләмі дыбыс та әріп те емес, басы және соңы жоқ, бірақ бұл басы не соңы жоқ болған әрекет емес.

Бұл негіз муғтазила мәзхабын жоққа шығарады, олар кәләм бұл – Алланың болмысынан тыс болған жаратылған әріппен және дыбыстан тұратын әрекет деп санаған. Олар адамның сөзі бұл дыбыс пен әріптен тұрады, және бұл әрекетті білдіреді, сондықтан Алла Тағала болмысы Кәләммен сипаттала алмайды деген. Бірақ «сөйлеу» сипатының әуелгі түсінуінде олар қателескен, өйткені адамға тән сөйлеудің мағынасын олар Аллаға қатыстырды да, кейін оны жоққа шығарды.

 فائدة

Муғтазила мен мужассима мәзхабында ұқсас негіз бар: иләһи сипаттарды жоққа шығаруда немесе бекітуде олар жаратылыстардың мағыналарына сүйенеді. Муғтазилилер де, мужассимдер де кәләм тек дыбыспен және әріппен ғана болатынында бір және егер бірнәрсені көруге болса, онда ол міндетті түрде дене болу керек екенінде олар ортақ. Бірақ, олар бұдан шыққан тұжырымдарда бөлінді: муғтазилилер Алланың болмысын сипаттайтын кәләмді жоққа шығарады, және (Алланы) көруді жоққа шығарады, өйткені бұдан жаратылысқа (ташбих) ұқсау туындайды деп біледі, ал мужассима осы барлық жаратылыстарға тән мағыналарды бекітеді, бірақ олардың кейбіреулері «Алланың ұлылығына жараса» деп қосып айтады.

5) Алла барлық жаратылыстарды және олардың амалдарын жаратты, ал адамда тек амалдарды иелену (кәсб) ғана бар.

Тағдыр бұл адамдардан жасырын болған сыр, бірақ біз бекітуге міндетті болған бірқатар негіздер бар: тек Алла ғана жаратушы болып табылады және бұл сипатты ешбір саласында Алламен қатар жаратылыстардан ешкім ортақтаспайды. «Жаратылыс» түсінігі бұл алдын болмаған кейін жаратылғанды білдіреді, және бұл құдірет тек Аллаға ғана тән, ал адамда Алла Тағала жаратқан (ихтияр) таңдау және амалдарды (кәсб) иелену мүмкіндігі бар.

Бұл негіз амалдардың жаратылуын адамның өзіне жатқызатын қадарилер мәзхабы және таңдау еркі мен адамның шешімдер үшін жауапкершілігін толықтай жоққа шығаратын жәббарилер мәзхабының арасындағы орта жол болып табылады.

6) Алла және Оның сипаттарынан басқаның барлығы алдын болмай тұрып кейін пайда болған, демек жаратылған болып табылады. 

 Бұл Әһли Суннаның таймиттермен (ибн Таймия ізбасарлары) келіспейтін маңызды бір негізі. Әһли сунна сенімінде кез-келген өзгеру және кейін пайда болу жаратылыстың сипатынан болып табылады және араларында айырмашылық жоқ. Бұл ереженің нәтижесінен, Алла Тағаланың болмысы және Оның сипаттары жаратылыстарға тән қасиеттермен және белгілермен сипатталмайды, өйткені сипаттармен белгілердің ұқсастығы болмыстың ұқсастығын білдіреді. Мысалы, егер Алла және Оның жаратылыстары арасында жаңа бір қасиет пайда болуда, орын ауыстыруда, кеңістікте мекен алуда ж.т.б. өзгеру түрлерінде ұқсастық болса, онда бұл болмыстың ұқсастығын білдіреді, Алла жаратылыстар тәрізді болады, ал бұның мүмкін еместігі айқын. 

Ибн Таймия өзгеруді Алланың болмысындағы және болмысынан тыс деп бөлді. Өзгерудің бірінші түрін ол жаратылмаған, ал екіншісін жаратылған деп санаған. Алайда бұндай бөлудің тілде де, шариғатта да негізі жоқ. 

Сондықтан таймиитер Аллаға қатысты шектеуді, бағытты, қимылды және басқада өзгеру қасиеттерін бекітуде еш әбестік көрмейді, өйткені бұл «Алланың ұлылығына жараса өзгеруі» деп біледі. 

Ал Әһли Сунна Алла Тағаланың болмысы және Оның сипаттары бұл абсолютті кемелділік деп санайды. Тіпті ақыл тұрғысынан да бұл өзгере алмайды, өйткені кемел болғанды кемелдендіру мүмкін емес. 

Әшғари ақидасының негізгі сенімдері осы алты негізден тұрады, егер қандай да бір ғалым осы алты негіздің біреуін немесе тұтастай мойындамаса, онда ол әшғари болып саналмайды. Ал егер барлығын мойындаса, онда саналады, тіпті мукаллид үкімі, «бірінші уәжіп», кәләм ілімін үйрену міндеті сияқты басқа мәселелерде көпшілік әшғарилерден бөлек пікірді ұстанса да. 

Автор: Әбу Әли әл-Әшғари әл-Ханафи

Дереккөз: darulfikr.ru
Аударған: darulahnaf.com


Сөз соңында: Әшғари мен Матуриди Әһли Сунна уәл Жамағаттың кәләм мәзхабының екі мектебі, екі мектеп те негіздерде бір біріне қайшы келмейді, тек екінші дәрежелі мәселелердегі сәл айырмашылық бар, олардың көбі терминдердің қолдануымен байлынысты. Имам Әшғари өмір сүрген уақытта халифаттың басқа бөлігінде тағы бір ұлы имам болған. Осы екі имамның замандас болуы таңқаларлық. Имам Әбу Мансұр әл-Матуриди хиджра жыл санағы бойынша 333 жылда дүниеден өтті. Осы екі имам бір-бірімен ешқашан кездеспеген және де бірін-бірі жайлы білмеген, бұған қарамастан олардың ақидалары бірдей болған. Кейін олардың шәкірттері және шәкірттерінің шәкірттері кездесіп ақидаға байланысты мәселерін салыстырған кезде бұл бір мәзхаб деген қорытындыға келіпті. Әбу Мансұр Матуридині Имам Ағзам Әбу Ханифаның жолында дейді, себебі ол өзінің мәзхабының негізіне өзіне дейін жеткен Имам Әбу Ханифаның кітаптарын алған. Дәл солай Имам Әшғари өзінің мәзхабының негізіне Имам Шафиидің кітаптарын салды. Сонымен, Имам Матуриди - ханафи, ал Имам Әшғари - шафиғи мәзхабында болған. Ең басынан әшғари мен матуридилер - ол бір топ, бір мәзхаб. Бұның барлығы Әһли-с-Сунна Уал-Жама'аның ұлы ғұламалары. 

Шейх Саид Фуда.