Пәтуәлар

Әрбір мұсылманға міндетті болған ілімдер жайында



Имам ибн Абидин, Алла оны рақым етсін, Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, немересі имам Хусейн ибн `Әлидің ұлы `Әли Зайнул-`Әбидиннің ұрпағынан. Ханафилер Сұлтаны және Ханафи мәзхабының соңғы сөзі атанған Шейх Мұхаммед Әмин бин Омар `Абидин әл-Матуриди әл-Ханафи (һ.ж. 1238-1307), Алла оны рақым етсін, «Әд-Дурр әл-Мухтар Шарху Тануирил-Абсар» кітабының ескертпесінде былай дейді: 

 قال العَلامِي في فصُوله : مِن فرائضِ الإسلام تعلّمُه ما يَحتاجُ إليه العبدُ في إقامةِ دينهِ وإخلاصِ عَمَلِه للهِ تعالى ومعاشرةِ عِبادهِ . وفرضٌ على كلِّ مكلّفٍ ومكلّفةٍ بعدَ تعلّمِه علمَ الدينِ والهدايةِ تعلّمُ علْمِ الوضوءِ والغُسْلِ والصلاةِ والصوْمِ ، وعلْمِ الزكاةِ لمن له نِصابٌ ، والحجِّ لمن وجَب عليه , والبُيُوع على التجّارِ ليَحتَرِزوا عن الشُبُهاتِ والمكروهاتِ في سائر المعامَلاتِ . وكذا أهلُ الحِرَفِ ، وكلُ مَن اشتَغلَ بشيءٍ يُفرَضُ عليه عِلْمُه وحكْمُه ليمتنِعَ عن الحرامِ فيه 

«Әл-Әләми өзінің «Әл-Фусул» кітабында былай деп айтты: «Адам өзінің дініне сай өмір сүру үшін керек болған ілімді, Алла Тағалаға ықыласпен амалдар жасауға, және Алланың басқа құлдарымен дұрыс қоғамдық қатынас құру үшін, ілім алу Исламның парыздарынан болады.

Діни ілімдерімен ақидасын үйреніп болғаннан кейін, дәрет алу жайлы, ғұсыл, намаз, ораза және нисаб көлеміне жеткен қаржысы бар кісіге зекет беру және жағдайы келген кісіге қажылығын өтеу жайлы ілім алу әр-бір балиғат жасына толған (муқалләф) ер кісі мен әйел кісіге парыз болады. 

Саудалық қарым-қатынастар кезінде жағымсыз және күмәнді істерден аулақ болулары үшін, сатушыларға сауда-саттық жайлы ілім алу міндет. Бұл ереже қандай-да болсын жұмыс саласымен айналысатын адамға да қатысты. 

Әр адамға – өзінің кәсібі жайлы толық ізденіп және жұмысында харамнан сақтану үшін, оған қатысты үкімдерді үйрену міндеті жатыр». 

 وفي تبيينِ المَحارمِ : لا شكَّ في فرْضيّةِ علْم الفرائضِ الخمْسِ وعلْمِ الإخلاصِ ؛ لأنَّ صِحّةَ العملِ موقوفةٌ عليه , وعلْمِ الحلالِ والحرامِ وعلْمِ الرِياءِ ؛ لأنَّ العابدَ محرومٌ مِن ثوابِ عملِه بالرياءِ ، وعلْمِ الحَسَدِ والعُجْبِ , إذ هما يأكُلان العملَ كما تأكلُ النارُ الحَطَبَ ، وعلمِ البيْعِ والشِراءِ والنكاحِ والطلاقِ لمن أرادَ الدخولَ في هذهِ الأشياءِ , وعلمِ الألفاظِ المحرَّمة أو المكفِّرة ، و لَعَمْري هذا مِن أهمِّ المهمّاتِ في هذا الزَّمانِ ؛ لأنك تسمَع كثيرًا مِن العوّامِ يتكلّمون بما يكفِّر وهم عنها غافلونَ ، والاحتياطُ أن يجدِّدَ الجاهلُ إيمانَه كلَّ يومٍ ويجدِّدَ نكاحَ امرأتِه عند شاهديْنِ في كلِّ شهرٍ مرةً أو مرّتينِ ، إذْ الخطأ وإنْ لم يصدُرْ مِن الرجلِ فهو مِن النساءِ كثيرٌ 

««Табйинул Махарим» кітабында былай деп айтылған: «Бес парыз бен ықластың міндеттілігінде күмән жоқ. Өйткені амалдардың игілігі осымен байланысты. 

Жәнеде халал мен харам жайлы хабардар болу – парыз `айн болып табылады. Көзбояушылық (рия) жайлы білу де парыз `айн. Өйткені рияның кесерінен ғибадат етуші сауаптардан айырылады. 

Дәл солай қызғаныш (хасад) және өзін-өзі сүюшілік (уджб) жайлы білу де – парыз `айн болады. Себебі бұл екі нәрсе от отынды жалмағандай амалдарды жояды. 

Сондай-ақ, сауда, неке, талақ жайлы білу осы істерге кіріскісі келген адамға – парыз `айн болып табылады. 

Жәнеде тиым салынған сөздер жайлы және адам күпірге түсуі мүмкін болған мәселелер (ридда) туралы білім алу – парыз `айн . 

Өз өміріммен ант етейін, біздің қазіргі заманда барлық мәселелердің ішінде бұл мәселе ең маңыздысы болып табылады. Өйткені сен қарапайым (аууам) халықтың көбісі, тіпті өздері білместен діннен шығаратын сөздердің айтуын ести аласын. 

Сондықтан, білімсіз адамдарға сақтану үшін имандарын күнде жаңартып отырулары және екі куәгерлердің қатысуымен айына бір немесе екі рет некелерін қайта жаңартып тұрғандары жөн. Тіпті егер ер адам қателесіп (күпір сөз) айтпасада, әйелдер мұндай сөздерді жиі айтады». 

[Дереккөз: Ибн `Абидин, «Радд әл-Мухтар әля-д-Дурр әл-Мухтар», 1/125-126. «Дар Алямил-Кутуб» баспасы: 1423/2003.] 

Дереккөз: al-fatava.com 
Аударған: darulahnaf.com