Пәтуәлар

Неге күйеуі марқұм болған әйелінің денесін жуа алмайды?


Сұрақ: 

Әйел - қайтыс болған күйеуінің денесіне қарай да алады, жуа да алады. Ал неге керісінше болмайды? Не үшін күйеуі қайтыс болған әйелін жуындырып, оған қолының ұшында тигізе алмайды? Бұл тиым оның әйеліне маxрам емес болып қалатындығын білдіреді ме (некенің күші жойылатындығын)?

Жауап: 

Аса Қамқор және Ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Әссәләму 'Алейкум уа РаxматуЛлаһи уа баракатуһу!

Ханафи мәзһабы бойынша, әйелге - қайтыс болған күйеуіне қарауға және жуындыруға болады. Бұлай жасауға болатындығының себебі - әйелге некенің күші күйеуінің қайтыс болу себебімен 'идда уақытының аяқталмауы. Әйелге 'идда кезеңі аяқталмайынша басқа кісіге тұрмысқа шыға алмайтындығы осы жағдайдың дәлелдерінің бірі. [Қр. «Фатауа Махмудийя». 13/48. Мактаба Мамудийя.]

Және бұл Айша анамыздың келесі сөздерімен қуатталған:

 «لَوْ اسْتَقْبَلْتُ مِنْ أَمْرِي مَا اسْتَدْبَرْتُ، مَا غَسَلَهُ إِلَّا نِسَاؤُهُ»

«Егер мен, өз құқықтарымды ертерек білгенімде, оны, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әйелдерінен басқа ешкім жуындырмайтын еді»[Қр. «Сунан» Әбу Дауд, 3141, Жаназа кітабы.]

Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болғай, әйелдері мен мәртебелі Айшада, олардан Алла разы болғай, РасулуЛлаһтың мәйітін, оған Алланың игілігі мен сәлемі болғай, өздері қатты жуындырғылары келді, бірақ ол қайтыс болғанда олар әйелдің күйеуін жуындыра алатын құқығы бар екенін білмеді. [Қр. «Бадаи Санаи», 2/318.]

Ал сіздің сұрағыңызға келсек, сіздің ойлаған болжамыңыз дұрыс. Жұбайы қайтыс болғаннан күйеуін, некенің күші жойылып, ол әйеліне бөтен адам болады; сондықтан, ол адам әйелін толықтай жуындара алмайды [Қр. «Фатава Махмудийя», 13/47, Мактаба Махмудийя].

Дегенменде, шариғат оған әйелдің түріне қарауға рұқсат береді. [Қр. «Фатава Махмудийя», 13/48, Мактаба Махмудийя].

Ол әйеліне қолын тигізбей және оның соңғы жуындыруына қатыспай, түрін көре алады. Негізінде, мерт болған әйелдің ғұсылын жасау жайлы, төрт мазһабтың пікірі әр түрлі. Осы айырмашылықтар тұрғысынан, xанафи мазһабы, күйеуіне әйелінің бетіне қарауға рұқсат берді. [Қр. «Раддул Мухтар аля даррул Мухтар», 2/198.]

Ал Алла жақсырақ білуші. Уассалам.

Билял Муxаммад 
Дарул Ифта студенті Нью Джерси, АҚШ 
Муфти Ибрагим Десаи әл-Ханафи тексеріліп, құптаған. 

Дереккөз: azan.kz 
Аударған: darulahnaf.com