Пәтуәлар

Әһли Сунна ақидасы бойынша ширктің түрлері



1. Ширкул истиқләл 
Екі Құдай барын бекіту, әр қайсысы тәуелсіз әсер етуге ие деген сенім. Бұндайға мысал отқатабынушылардың серік қосуы, (олар жақсы және жаман құдай бар дегенге сенеді).

2. Ширкул табид 
Құдайдың бөлінуін бекіту. Мысалы, христинадардың Алла Тағала - үшеудің үшіншісі деген пікірлері.

3. Ширкул такриб 
Алла Тағаламен қатар Оған жақындау мақсатында пұттарға табыну. Надандық дәуіріндегі тастан жасалған пұттарға табынған араптардың Аллаға серік қосуы сондай еді.

4. Ширкул тақлид
Надан болған арғы ата бабаларға соқыр еру арқылы сиыну. Бұндай ширктің түрі жәхилия заманындағы араптар арасында орын алған, олар анық адасушылық пен күпірлікте болған бабаларына соқыр еретін еді.

5. Ширкул асбаб 
Заттардың бір біріне тәуелсіз әсер етуі. Бұндай ширктің түрі материалисттер мен философтардың сенімінде бар.

6. Ширкул ағрад 
Алла Тағалаға ықылассыз ғибадат ету.

Имам әл-Кастилани, Алла оны рақым етсін, ширктің әрбір түрінің үкімі жайлы былай деп айтқан: 

«Ширктің алғашқы төрт түрі ғұламалардың ижмағсы бойынша күпірге түсіреді. Алтыншы түрі күпірлік емес, бірақ үлкен күнә. Ал ширктің бесінші түріне келетін болсақ, ғұламалардың ижмағсы бойынша егер заттар өзінің табиғатында Алла Тағаланың жаратуысыз әсер етеді деп білсе адам күпірге түседі. Бір біріне әсер ету тек Алла соларға салған күш арқылы болады деп сенгендер бидғат иелерінен және оның күпірлігі жайында шейхтардың арасында хиляф бар...» 

Ширктің бұндай алты түрге бөлінуін Имам әл-Хафиз Кутубуддин әл-Кастиляни өзінің «Макасиду-с-Салят» кітабында және Имам ас-Сануси әл-Малики, Алла оларды рақым етсін, өзінің «әл-Мукаддимат» кітабында келтірген.

Дереккөз: darulfikr.ru 
Аударған: darulahnaf.com