Пәтуәлар

Киімнің тырысып тұрғанын - тұрмағанын қалай анықтауға болады?


Сұрақ:

Ер адамдарға да және әйел адамдарға да тырысып тұратын шалбар киюге болмайтыны белгілі. Ал шалбар сатып алған кезде оның денені тырыстырмайтынын қалай анықтауға болады, оны анықтайтын өлшемшарттар бар ма?

Жауап:

Хадисте ондай (дене пішінін немесе жеке мүшелерді білдіретін) киім жоқ болған киім деп аталады – яғни, адам киінбеген секілді әсер пайда болады. Ондай киімге тыйым салынған, себебі ашық, қиқарлаған әрі әдепсіз болып саналады. Сахаба Әбу Хурайра (Алла оған разы болсын), Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі және сәлемі болсын) айтқанын жеткізеді:

 صنفان من أهل النار لم أرهما قوم معهم سياط كأذناب البقر يضربون بها الناس ونساء كاسيات عاريات مميلات مائلات رءوسهن كأسنمة البخت المائلة لا يدخلن الجنة ولا يجدن ريحها وإن ريحها ليوجد من مسيرة كذا وكذا

«Тозақта жанатын адамдардың екі тобы бар. Бұл – қолдарында сиырдың құйрығына ұқсайтын қамшымен басқаларды сабайтын адамдар, сонымен қатар киінген бірақ солай бола тұра жалаңаш әйелдер, олар басқа жаққа (өздерінің ұятсыз киімдерімен Алланың бұйрығынан) ауып кеткен  және басқаларды соған итермелейді, ал олардың бастары түйенің өркештеріне ұқсайды (себебі олардың шаштары бастың ең жоғарғы жағында жиналған). Олар Жәннатқа кірмейді және тіпті оның иісін де сезбейтін болады, бірақ оның иісі үлкен ара қашықтықта аңқып тұрады».
(Сахих Муслим, хадис 5704)

Хадисте ондай адамдар туралы былай делінген – «киінген бірақ солай бола тұра жалаңаш». Хадис ілімінің ғалымдары оны былай түсіндіеді:

1) Киім соншалықты жұқа, тіпті оның астынан барлық дене көрінеді.

أحدهما: الخفة فيشف عما تحته، فيدرك البصر ما تحته من المحاسن 

2) Киім жұқа әрі тырысып тұратыны соншалықты, ол дененің пішінін көрсетеді.

 ويحتمل يريد أن به الثوب الرقيق الصفيق الذي لا يستر الأعضاء بل يبدو حجمها 

(әл-Мунтака, Шарх әл-Муватта, 7 том, 224 бет.)

Жоғары айтылғандардан келесідей тұжырым жасауға болады, хадиспен тыйым салынған киімге дене пішінін көрсететін немесе жеке мүшелерді, мысалға кеуденің, жамбастың пішінін көрсететін тар джинсы немесе тар көйлектер және т.б. Ондай киімді кию харам болады.

Ал Алла жақсырақ білуші.

Муфти Сухайл Тармахомед Ханафи

Дереккөз: annisa-today.ru
Аударған: darulahnaf.com