Пәтуәлар

Ислами дәрістерді тыңдауда сауап бар ма?






Сұрақ: 

Менің білгім келгені бізге ислами аудиожазбаларды (CD, магнитофон және т.б) танымал тұлғалардың муфтий Таки Усмани, мауләна Тариқ Жәмил, мауләна Сағд (Алла олардың ғұмырын ұзартсын) сияқты және т.б. Құран және ислами дәрістерін тыңдауда сауап бар ма? Біздің қаланың имамы дәрістер мен аудиожазбаларды тыңдағанан ешқандай сауап алмаймыз деді. Мен бұны түсіне алар емеспін… Жеке мен өзім муфтий Таки Усмани және Тариқ Жәмилді тыңдағанан үлкен пайда таптым… Өтініш дәлелмен түсіндіріп берсеңіз екен, алғысым шексіз болар еді. (Читтагонг, Бангладеш)

Жауап: 

Аса Қамқор және Ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Әссәләму 'Алейкум уа РаxматуЛлаһи уа баракатуһу!

Ислами білімдер жиналған аудиожазбаларды тыңдау – бұл адамға сауап жазылатын ізгі амал. Себебі, іздену мен ислами ілімді арттыруға себеп болады. Көптеген хадистерде білім ізденушілерге сауап жазылатындығы айтылған.

Мысалы, келесі хадисте:

 من سلك طريقا يطلب فيه علما ، سلك الله به طريقا من طرق الجنة ، والملائكة تضع أجنحتها رضا لطالب العلم ، وإن العالم يستغفر له من في السماوات ، ومن في الأرض ، والحيتان في الماء ، وفضل العالم على العابد ، كفضل القمر ليلة البدر على سائر الكواكب ، إن العلماء ورثة الأنبياء ، إن الأنبياء لم يورثوا دينارا ولا درهما ، وأورثوا العلم ، فمن أخذه أخذ بحظ وافر

Кімде-кім діни білім іздеп жолға шығар болса,Алла оны жәннаттың бір жолдарына қарай бағыттап қояды. Періштелер білім ізденушілерге қуанып, олардың аяқтарының астына қанаттарын жаяды. Аспан мен жердің арасындағының бәрі, тіпті теңіздегі балықтар да ғалым үшін кешірім тілейтін болады. Ғалымның құлшылық етушілерден айырмашылығы –аспандағы жұлдыздың жарық сәулесіне қарағанда толған айдың жарығындай. Ғұламалар – пайғамбарлардың мұрагерлері . Ал, пайғамбарлар динар мен дихрамды мирас етіп қалдырған жоқ. Олар ілімді қалдырды. Сондықтан кімнің бұған қолы жетсе, оның мол табыс тапқаны. [Қр. Әбу Дауд, «Сунан» – №3641, Әбу Дарда жеткізген.]

Сізге бұрынғыдай сенімді ғұламалардың аудиожазбаларын әрі қарай тыңдауға кеңес береміз. 

Алайда айта кететін жәйт, ғұламалардың сабақтарының жәй аудиожазбаларын тыңдағаннан дәрістеріне қатысып тыңдаған жақсы, себебі жақсы орта міндетті түрде адамға әсер етеді.

Ал, Алла жақсырақ білуші
Уассалам.

Муфтий Сухайл Тармахомед Ханафи

Дереккөз: askimam.ru
Аударған: darulahnaf.com