Пәтуәлар

Дұға жасаған соң бетті сипау сүннет пе ?


Сұрақ: 

Менде мынадай жағдай: мен дұға жасап болған соң, «бетімді сүрткен сияқты» қолымды жүзіме алып барамын. Кейбір мұсылман əпкелер маған оны күнə жəне дінде жаңалық,- деп айтты [Бидғат]. Бірақ мен басқа мұсылмандардың да солай жасағанын көргенмін. Əпкелердің айтуынша, Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ешқашан олай жасамаған екен… Мен тоқтатқым келеді, бірақ менің бұл əрекетке үйреніп қалғаным соншалықты, оны жасамасам дұғам аяқталмай қалғандай сезінемін… Егер бұл шынымен де діндегі жаңалық болса ол қайдан пайда болды? Оның мағынасы не? (Архангельск, Ресей)

Жауап: 

Аса Қамқор және Ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Әссәләму 'Алейкум уа РаxматуЛлаһи уа баракатуһу!

Дұға соңында жүзді қолмен сипау дұрыс жəне сүннет болып табылады. Алланың Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бұл əреметті жасауға кеңес берген, жəне өзі де жасаған. Келесі хадистерге назар аударыңыз:

 1) Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларына дұға жасаған уақытта кеңес берді. «Алладан сұрағанда алақандарыңмен сұраңдар, жəне Алладан тілегенде алақандарыңның сыртымен емес ішімен тілеңдер, ал дұғаларыңды аяқтағанда жүздеріңді алақандарыңмен сипаңдар». [Қр. Әбу Дауд, хадис №1487, Абдулла ибн Аббастан жеткен.]

2) Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жасаған əрекеттерге дұғадан соң жүзді сипау кірген. Ол жайлы саидуна Омар бин әл-Хатта, Алла оған разы болсын, былай деп айтқан: Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, дұға жасауға қолын көтергенде жүзін екі қолымен сипамай түсірмейтін». [Қр. Әт-Тирмизи, хадис №3386.]

Келтірілген хадистерден көрініп тұрғандай, дұғадан соң жүзді сипау сүннет болып табылады. Бұл кейбір білімсіздер айтып жүргендей бидғат немесе дінде жаңалық емес.

Ең дұрысын Алла біледі.

Муфтий Сухайл Тармахомед Ханафи
Жәмиатул-Улама, Дарул-Ифта 

Дереккөз: askimam.ru 
Аударған: darulahnaf.com