Пәтуәлар

Ең көп таралған күпір сөздер тізімі



1. “Мен атеистпін” немесе “мен буддистпін” немесе “мен христианмын” немесе “мен мұсылман емеспін” деген сөздерді қалжыңдап, әзілдеп айту. 

2. Әлдекімге “сен менің Құдайымсың” немесе “менің патшам, менің құдайым” және соған ұқсас сөздерді айту. 

3. Сондай-ақ, “қандай да бір жағдайда мен күпірлік істеймін” деп айту – адамды Исламнан шығарады. Мысалы, “егер ертең қар жаумаса, мен яһуди боламын”, “егер Алла менің баламды ауруынан айықтырмаса, мен Оған сенбейтін боламын” немесе одан да көп таралған “егер христиандарда 4 әйелге үйлену мүмкін болғанда, онда мен христиан болар едім” немесе “егер мен ес кетіретін, өте сұлу христиан қызды көрсем, және маған христиан болуға тура келсе, онда мен христиан болар едім”. Және тағы осыған ұқсас сөздер. 

(Ислам шарттарының бірі тұрақтылық, сондықтан күндердің күнінде адамның кәпір болуы жайлы шарт қоюы, негізінде Исламға нық болу шартына қарама-қайшы, сол себепті адам бірден діннен шығады) 

4. Егер біреу басқа адамға “сен осы сақалды не үшін қоясың?” немесе “неге сен соншама көп зікір жасайсың?” десе, екіншісі оған “Тозақтық болмай, Жәннаттық болу үшін” деп жауап қатса, бұған біріншісі “Ол жаққа кім барып келіпті?” деп жауап берсе біріншісі бірден күпірлікке түседі. 

(Себебі бұл Исламдағы бәріне белгілі болған нәрсеге күмән келтіру. Өйткені Қиямет күніне сену иман шарттарының біріне кіреді) 

5. Егер кімде-кім “егер Шариғат бойынша жасағың келсе, онда aрабияға бар, ал біз зайырлы мемлекетпіз” деп айтса – күпірлік, егер де бұл шынайы мұсылман бауырының насихаты болып саналмаса. Сондай-ақ, бұған “біз зайырлы мемлекетпіз, біз конституция бойынша жасауымыз керек” деген сөздерде жатады. 

(Алла Тағала көптеген аяттарда иманның шарты, Алла мен Оның Пайғамбарының, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, заңдарына бағыну екендігін айтады, мысалы ән-Ниса сүресінде. Егер адам тіптен көп күнә жасайды, бірақ ол күнәларды тыйым салынған деп есептей отырып Аллаға бағынса, ол иман келтірген болып саналады және ерте ме, кеш пе Жәннатқа кіреді. Алайда кімде-кім мүлде жоққа шығарса, немесе зайырлы заңдар жақсырақ, немесе олар бірдей деңгейде деп айтса, сол адам Алланың заңын, Оның даналығын адамдардың заңдарымен теңестіріп, қорлаған болып саналады)
Мүмкін, сөздердің басқа да, хайырдан алыстатын мағыналары бар. 

6. Бүкіл шариғатты ескілік деп, немесе соған ұқсас сөздермен атау. 

(Бұл жерде тіпті бірнеше күпірлік бар – кемсіту және Алла мұсылмандарға барлық уақытта да, кемел заңды жасамады деген тұжырымды бекіту) 

7. Шариғаттағы өлім жазасын ортағасырлық деп атау, яғни “артта қалушылық” санау. 

(Бұл сөдерді арнайы тармаққа бөліп қарастырамыз, себебі көпшілігі шариғат ең жақсы заң деп есептеуге дайын. Алайда, сонымен қатар олар Исламдағы өлім жазасына қарсы болады. Жоғарыдағы мысалдағыдай, бұл жерде де сондай күпірлік) 

8. Кең таралған сөздерден, соның ішінде әсіресе “КСРО кезінде туылғандар” арасында танымал сөз “Құдаға құдайдікі, ал патшаға патшанікі”.

(Бұл сөздердің мағынасы мынадай, шариғат – тек ғибадатпен байланысты мәселелер үшін, ал муаммалят, саясат, билікке қатысты мәселелерде адам өзі заңдар шығаруға құқылы. Жоғарыдағы мысалдардағыдай бұл да күпірлік, себебі бұл тұжырым Алла біздерге ең кемел заңдарды жасамады, Алла болашақта қандай жағдай болатынын білмеді деген ұғымдарды қамтиды) 

9. “Олар оған табынуға міндетті” секілді кез-келген сөздер және соған ұқсастары. 

(Құлшылыққа тек Алла ғана лайық, ширкке (Аллаға серік қосуға) бұйыру – бұл күпірлік). 

10. Мүшріктерге еліктей отырып, “Уа, Құдайлар!” деп қалжыңдап айту. 

(Тілмен күпірлікті айту күпірлік екені түсінікті. Бұл сөздің күпірлік болуының себебі мынада, адам дінді жүрегінде абсолютті шынайылықпен қабылдау керек деп санамайды, сол себепті ол өзіне осындай сөздерді айтуға жол береді. Ал сөздер болса, жүректегіні меңзейді) 

11. Сондай-ақ, “харе кришна” немесе “зевс жасасын” секілді сөздер және осыған ұқсастары. 

(Кришна мен Зевс – бұлар тағұттар, кімде-кім тағұттарды мейлі қалжыңдап, мейлі шындап дәріптейтін болса, екі жақтан күпірлікке түседі: 1 – ол өзін мүшріктерге ұқсатып, күпірлікке разылық танытты; 2 – ол тағұттарға қатысты сенбеушілік танытпады, дегенмен Алла мұны «Әл-Бақара» сүресінің, 256 – аятында бұйырды) 

12. Сондай-ақ, күнәні жазғырып, адамға “бұл күнә, Алла бәрін көріп тұр” десе, оған “Алланың бізді бақылап отырғаннан басқа істейтін ісі жоқ шығар” деп жауап қату. 

(Алла бәрін көреді және естиді, сол себепті мұны жоққа шығару күпірлік болады) 

13. Өтірік екенін біле тұра “мұның сондай екенін Алла біледі” деп айту. 

(Бұл жағдайда адам Аллаға және Оның сипаттарына қатысты өтірік айтты) 

Шейхул Ислам имам ән-Нәуәуи, Алла оны рақым етсін, «әл-Азкар» кітабында айтады:

 من أقبح الألفاظ المذمومة، ما يعتادهُ كثيرون من الناس إذا أرادَ أن يَحلِفَ على شيءٍ، فيتورعُ عن قوله: والله؛ كراهيةَ الحنث، أو إجلالاً لله تعالى، وتصوّناً عن الحلف، ثم يقولُُ: الله يعلم ما كان كذا، أو لقد كان كذا ونحوهُ، وهذه العبارةُ فيها خطرٌ، فإن كان صاحبُها متيقناً أن الأمر كما قال، فلا بأس بها، وإن كان تشكَّكَ في ذلك فهو من أقبح القبائح؛ لأنه تعرّضَ للكذب على الله تعالى، فإنه أخبرَ أن الله تعالى يعلمُ شيئاً لا يتقن لى بأنه يعلمُ الأمرَ على خلاف ما هُو، وذلك لو تحقَّقَ كان كفرًا، فينبغي للإنسان اجتنابُ هذه العبارة 


«Жазғыруға лайықты сөздердің ішіндегі ең жиіркеніштісі сондай, көптеген адамдар уәде бергілері келген сәтте айтатын, бірақ “Алланың атымен ант етемін” деп айтуға жүрексінетін сөздер болып табылады. Себебі антбұзар болғылары келмейді немесе Алланың алдында құрметсіздік танытқылары келмейді.

Осы көзқарасты басшылыққа ала отырып, олар “Алла біледі, дәлме-дәл солай болды”, немесе соған ұқсас сөздерді айтады, алайда мұндай сөздер қауіпті болады. Егер адам айтқан сөзінің шындықпен сәйкес келетіндігіне сенімді болса бұл сөздерде жаман ештеңе жоқ, егер ол күмәнданатын болса онда оларды аса жиіркенішті санауы тиіс. 

Бұл жағдайда адам Алла Тағалаға өтірік жала жабады, өйткені ол тіпті өзі сенімсіз болған нәрсені Аллаға мәлім деп отыр. Бұл жерде басқа да, одан да жиіркенішті биязылық бар, мәнісі мынада құрылады, бір нәрсе жайлы білім Аллаға жатқызылады, дегенмен бұл шындыққа сәйкес келмейді. Мұндай жағдайларда осы сөздерді айтатын адам күпірлікке түседі, және сол үшін солай айтудан сақтануы тиіс». [Қр. ан-Нәуәуи, «Әл-Азкар».] 

14. Табиғат Жаратушының сипаттарына ие дегенді меңзейтін кез-келген сөздер, мысалы “табиғат оны солай жаратқан”. 

(Жасаушы, Жаратушы тек Алла, басқа жаратушылардың барын айту – күпірлік) 

15. Жоғарыдағы мысалға ұқсас анекдот “сен сондай ұсқынсызсың, бар орманды шап – табиғаттан кегіңді ал”. 

16. Қазақстанда таралған сөздерден “осы уаххабиттерден гөрі тіпті кәпірлер жақсырақ”. Себебі ешқандай кәпір ең күнәһар мұсылманнан артық та жақсы да бола алмайды. 

(Мұндай тұжырым Алланың алдында қандайда бір күнәһардан гөрі, кәпір жақсырақ дегенді білдіреді, бұл “ең жаман әділетсіздер – бұлар кәпірлер, ең жаман зұлымдық – бұл күпірлік” деп хабарланған Құрандағы Алланың сөзін жоққа шығару болады. Алайда, адам қандайда бір дүниелік мағынада жақсы десе немесе кәпірлер дінге аз зарар келтірді десе, бұл күпірлік емес). 

17. Христиандықты не яһудилікті жақсы дін деп атау (немесе христиандар яһудилерден жақсырақ десе) немесе егер кімде-кім “міне мына дінде шарап ішуге болады” десе, ал қасында тұрған адам “онда бұл жақсы дін” деп жауап қатса. 

(Себебі күпірлікті жақсылыққа жатқызу, күпірлікке разы болуды білдіреді, ал «күпірлікке разы болу – күпірлік» деген жалпыға мәлім қағида бар) 

Ханафи ғұламалардың пікірінше, егер адам христиандар – яһудилерден жақсырақ немесе яһудилер – христиандардан жақсырақ десе күпірге түседі. Себебі ол бұл жаман діндерге “жақсы” деген сипат беріп отыр. Имам ан-Насафи әл-Матуриди, Алла оны рақым етсін, былай дейді: «Және егер былай десе: христиандық яһудиліктен жақсырақ десе, ондай адам кәпір болады, сондықтан былай деп айтуы тиіс: яһудилік христиандықтан жаманырақ». [Қр. «Бахру-р-Раик».] 
«Бахру-Раик» кітабының авторы шейх Зайнуддин әл-Ханафи, имам ан-Насафидің, Алла оларды рақым етсін, бұл сөзіне түсіндірме жазғанда былай дейді: «және егер христиандық яһудиліктен жақсырақ десе кәпір болады, солайша ол шариғат және ақыл үшін мүлде жиіркенішті нәрсеге хайрия (жақсы) дегенді бекітіп отыр. Бұл діндердің (күпір діндердің) жиіркеніштілігі (ақида кітаптарында келген) кесімді мәтіндермен бекітілген. 

18. Егер кімде-кім “мен христиан болғанымда ғой, күнде ішіп және қыдыруға болар еді”, – деп айтса немесе соған ұқсас сөздер. 

(Христиан діні – бұл күпірлік және ширк, бір нәрсеге таңдау қою сол нәрсеге разы болуды білдіреді, ал күпірлікке разы болу – күпірлік) 

19. Сондай-ақ, келесі сөздерді айту күпірлік болады: “орыстар православ болуы тиіс, ал қазақтар мұсылман”, “орыстарға өз сенімінен бас тартуы қажет емес”. 

(Бұл мен естіген сөздердің ішіндегі ең жиіркеніштісі. Алла алдындағы шынайы дін – Ислам екендігіне қарамастан, бұл сөзді айтқан адам қандайда бір адамдарға Исламды қабылдау қажет емес дегені. Мұндай адам иман келтірмегендердің күпірлігіне разылық танытқаны үшін күпірлікке түседі) 

20. Келесі сөздер “қай дін екендігінде қандай айырмашылық бар, ең бастысы жақсы адам” немесе “..ең бастысы адамдарға зияны жоқ”. 

(Алла Тағала Құранда иман келтірген мен иман келтірмеген, иман мен сенбеушілік Өзінің алдында тең еместігін айтты. Сол себепті бұл сөздер екі жақтан күпірлік болады: 1 – ең жаман зұлымдық бұл күпірлік емес деген тұжырым; 2 – күпірлік пен иман бірдей деген тұжырым) 

21. Келесі сөздерді айту “барлық діндер дұрыс”, “барлық діндер – бұлар Құдайға баратын әртүрлі жолдар”, “біз барлығымыз (мұсылмандар, яһудилер, христиандар) иман келтіргендерміз”, “олардың діндерінде де берекет бар”, “кімнің дұрыс екенін білу үшін, мен алдымен Библияны оқып алайын” және соған ұқсастары. 

(Шын мәнінде бұл сөздер күпірлік пен иманды теңестіру болып табылады, мұны айтып отырған адам өзі ненің күпірлік, ал ненің иман екенін түсінбейді. Бұл сөздерді айтқан адам иманның 6 шартын жоққа шығарады, соның ішінде Аллаға иман, Кітаптарға иман, Пайғамбарларға иман. Христиандар, яһудилер және басқа да алғашқы кәпірлер негізінен дәл осы иманның шарттарын жоққа шығарады, сол себепті олар ешқалай иман келтірген бола алмайды. Сондай-ақ, бұл баяндау Алланың “жалғыз қабыл болатын ақиқат дін – Ислам” деген сөзін жоққа шығару болады) 

22. Зікір немесе Исламның қандайда бір жоралары сені асырамайды деп айту. Мысалы, егер екі адам сөз таласатын болса, және біреуі “Алладан басқа құдыретті және күшті жоқ” десе, және басқасы оған: “күшті жоқ” сөзі сені аштықтан құтқармайды деп айтса, ол бірден күпірлікке түседі. 

23. Кез-келген діни тақырыптағы анекдоттар. Мысалы, “Путин Жәннатқа түскен екен, ол жақта есік алдында періште оған айтып жатыр..” және соған ұқсас. 

(Өз кезегінде анекдоттың өзі менсінбеу, келемеждеуді меңзеп тұр) 

24. “Жәннатта әрине жақсы, бірақ Тозақта достар көп”, – деген сөздер. 

(Бұл екі жақтан күпірлік саналады: 1 – адам Алланың белгілегенін кемсітті, 2 – Алла адамды тозақпен қорқытса, ал ол оны таңдайтынын айтады) 

25. “Көп әйел алу – бұл заңдастырылған жезөкшелік” деп қалжыңдап немесе шындап айту. 

(Жезөкшелік бұл жиіркенішті іс, сол себепті діннің қандайда бір элементін жиіркенішті атаулармен атау кемсітушілік болып табылады, және бұл адамды Ислам шеңберінен шығарады) 

26. Егер бір адам жиі зікір жасап немесе Құран оқитын болса, ал оған басқасы “сен осы оқуыңмен езімді шығардың” немесе оларды оқу бекер, мәнсіз деп айту. 

(Алла Тағала «Тәуба» сүресінде айтқандай, діннің қандайда бір элементін келемеждеу, келеке ету күпірлік болады.) 

27. Егер асаба тойда қонақтарды күлдіру үшін әзілдеп “БисмиЛляһ” деп айтып, арақ ішсе – бірден кәпір болады. 

(Сол сияқты адам харам амалды жасағанда келемеждеп “БисмиЛляһ” деп айтса.) 

Шафиғи мәзхабына сай, бұл жағдайда амал күпірлік болу үшін, адамның бұндай сөздерді Алла Тағаланың тыйымын менсінбеу ниетімен айту шарты қойылады, бірақ ханафи мәзхабында бұндай іс ниетке тәуелсіз, өздігінен күпірлік болып саналады. 

28. Сондай-ақ, бір адам Жәннаттағы қор қыздары жайлы айтып жатса, басқасы оған “қойшы сен осындай ертегілеріңді” деп айтса. 

(Қор қыздары жайлы хабарлар Құраннан алынған, сол себепті мұны жоққа шығарған адам Құранды жалған деп санайтынын білдіреді) 

29. Қалжыңдап “маған зина жасауға болады” немесе “мен намаз оқуға міндетті емеспін” деп айту. 

(Харамды рұқсат ету және міндеттіні міндетті емес санау) 

30. Әйел адамның қолы мен бетінен басқа жерлерін жабуын фанатизм, немесе терроризм сияқты сөздермен атау. 

(Фанатизм сөзінің мәнісі - бұл шектен шығушылық дегенді білдіреді, бұл сөздерде айқын парызды келемеждеу және жоққа шығару болып табылады, ал бұл күпірлік) 

31. Спиртті ішімдіктер жайлы “азғана ішуге болады” немесе “мереке күндері болады” деп айту. 

(Анық белгілі болған, тыйым салынған күнәні рұқсат деп бекіту – күпірлік) 

32. Егер кімде-кім күнә жасап жатқан адамға “Алладан қорық” десе, ал ол “ее, бұл ұсақ-түйек қой, бұл жерде жаман ештеңе жоқ” деп жауап қатса. 

(Бұл жерде екі жақтан күпірлік болады: 1 – ол Алладан тіпті ұсақ күнәларды жасаудан да қорқу керек деп санамайды, 2 – “бұл жерде жаман ештеңе жоқ” сөздері харамды рұқсат етуді білдіреді) 

33. “Егер тіпті Алланың өзі мұны жасауды маған бұйырса, мен жасамайтын едім” деп айту. 

(Бұл сондай ібіліс жасаған күпірлік. Бірінші жағдай, Алла адамға «намаз оқы» десе, ол бағынады, намаз оған парыз етілген деп санайды, алайда жалқаулығы себепті қалдырып қояды, бірақ оны жоққа шығармайды, және ерте ме, кеш пе Жәннатқа кіреді, екінші жағдай, адам Алланың бұйрығына бағыну міндетті деп санамаған ібіліс сияқты мүлдем бойұсынбай, тәкаппарланып бас тартса – күпірлік) 

34. “Тасташы сен осы дінді, одан да оқуыңды оқы немесе жұмысыңды жаса” деген сөздерді айту. 

(Бұл сөздерде дін абзал міндетті болып саналмайды, яғни дінді «кейінге қалдыруға» болады деген тұжырым жатыр. Сонымен қатар дүниелік білім, діни білімнен жоғары деген тұжырым бар) 

35. Орыс тілді ортада өскендер, орыс тілді мектептерде оқығандар арасында таралған “Құдай үштікті жақсы көреді” [ред: "Бог любит троицу"] немесе “Күмәнданған кезде, шоқыну керек” [ред: "Когда кажется нужно креститься"] деген сөздер. 

(Христиандық үштік “яғни Құдай әке, Құдай бала, Құдай қасиетті рух” – бұл күпірлік, сол себепті Алла үштікті жақсы көреді деп айту, шын мәнінде “Алла күпірлікті жақсы көреді” дегенмен тең. Алайда көпшілігі сөз тіркесіндегі үштік сөзінің түпкі мағынасын түсінбейді, сол себепті ол күпірлікке түспейді. Бірақ оған олардың мағынасы күпірлік екені түсіндірілгеннен кейін, олар тағы да соны қайталап айтса Исламнан шығады. 

Шоқыну бұл күпірлік, сондықтан “шоқыну керек” деген сөз де күпірлік болады. Бірақ, адам “шоқыну” деген сөздің мағынасын біледі деген шартпен. “Адам күпірлік сөзін айтты, бірақ біз оны кәпір демейміз” деген сөз келесі жағдайларда жарамды болады: 
1). Егер адамды өліммен қорқытып, оны мәжбүрлесе; 
2). Егер адам бұл кезде ақылынан айырылған болса, “фана” халіне түскен кейбір сопылар сияқты; 
3). Адам сөздердің мағынасын түсінбеді, мысалы өзі өте нашар білетін тілде сөйлесе; 
4). Адам жаңылысып, шатасып қалды. Алла Тағала бізді күпірліктен сақтасын!) 

36. Сондай-ақ, келесі сөз “махаббатта дін жоқ, Құдайда нәсіл жоқ”.

(Бұл сөздер ғашықтар бір-бірінің әртүрлі діндеріне қарамаулары керек, олар кез-келген жағдайда да бірге болулары керек дегенді білдіреді. Шын мәнісінде бұл тұжырымда көптеген күпірліктер бар, мысалы адам өмірінде дін бірінші дәрежелі екендігін жоққа шығару. Харамды рұқсат ету, мысалы мұсылман қыз христианды жақсы көреді, мұны рұқсат деп санап оған тұрмысқа шығады. Және көп жағдайда бұл сөздер некеге дейінгі қарым-қатынаста, кездесуді рұқсат ету үшін айтылады)

37. Жастар арасында ең танымал сөздер “Менің өмірім – менің ережелерім”. [ред: “My life my rules”.] 

(Алла біз үшін бәрін шешіп қойғанда, адамға таңдау құқығы берілмеген. Бұл сөздерде адам өзін заң шығарушы қылып тағайындайды, немесе оған өзі қажет деп санаған заңдарды ғана таңдауға рұқсат етілген деп айтады. Яғни адам Шариғатқа бағыну оған міндетті емес дегені. Алайда көптеген адамдар бұл сөздердің шынайы мағынасын түсінбейді, сол себепті оларға түсіндіре бастағанда, олар басқа нәрсені ойда тұттың деп қабыл алмайды. Сол себепті оған бұл сөздердің мағынасын түсіндіріп бермегенше, айтқан адам Исламнан шықпайды) 

38. Танымал әндердегі күпірлік сөздер “сенімен бір түн өткізу үшін жанымды шайтанға сатамын” немесе “бір сен үшін тудым, сен үшін жаралғандаймын” немесе “сенімен тозаққа болсын баруға дайынмын” және соған ұқсас-мағыналас сөздер. 

(Бұл жерде де көптеген жағдайларда күпірлік саналады. Және мұндай сөздерді қайталаған адам өзінің қалай күпірлікке түскенін байқамайды) 

39. Жүрегінде Жаратқанға емес, жаратылғанға деген махаббаты басым адамдар сүйікті әншілерін қорғаштап “мен оларды тозаққа түссемде қолдаймын” немесе “егер олар сендердің кесірлеріңнен тарап кетсе, мен өз-өзіме қол жұмсаймын” және тағы да басқа соған ұқсас сөздерді айтады. 

(Бұл сөздер көптеген жағдайларда күпірлік болып саналады. Және мұны ол адамға түсіндіріп бергеннен кейін, тағы да сол сөздерді қайталаса күпірлікке түседі) 

40. Сондай-ақ, кәпірлерді күпірлік жасайтын шіркеу немесе синагога ашылуымен құттықтау – бұл күпірлік. Себебі күпірлікке разы болу күпірліктің бір түрі саналады. 

Сөз соңындағы тұжырымдар: 
Саналы түрде біле тұра күпір сөздерді айту адамды діннен шығарады. Сөздердің шынайы мағынасын білгенге дейін, күпір сөздерді білмей айту күпірге түсірмейді. Бірнеше мағына беретін сөздерді айту адамның ниетіне байланысты: егер адам бұл сөздерді күпірлік мағынасында айтса дінне шығады, екінші не одан басқа мағынада болса шықпайды. 

Есте сақтаған жөн: Адам өзінің мұсылман бауыры жайында жақсы ойда болуы керек және ол анық күпір сөздерді айтып жатпаса одан күпірлікті қайтару керек. 

Сөз соңы: Христиандар мен яһудилерлер жоғарыда келтірілген мысалдарда жиі айтылады, бірақ бұл олармен ғана шектеліп қалады деген сөз емес. Шын мәнінде автор оларды кең таралуы бойынша тізбектеген. Сол себепті бұл тізімге тәңіршілер, буддисттар, индуисттар және басқа да күпірлік топтар жатады. 

Махди Әбу Хасан әл-Әшғари 

Дереккөз: Namys TV 
Дайындаған: darulahnaf.com