Пәтуәлар

Енеммен жыныстық қатынас болды. Неке бұзыла ма?


Сұрақ: 

Адам әйелінің анасымен зина жасады. Кейін екеуі де тәубе қылды. Бұл жағдайдан кейін оның әйелімен некесі бұзылады ма? Осыдан кейін ол онымен тұра алады ма? Оларда жаңа туған нәресте бар. Құрметті муфти, толығырақ жауап берсеңіз. (Татарстан, Қазан) 

Жауап: 

Аса Қамқор ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Әссәләму Ғәлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху!

Ханафи мәзхабы бойынша енесімен зина жасағаннан кейін хурмат әл-мусахара заңды күшіне енеді, және оның әйелі оған харам болады. Демек, оның некесі қайтарымсыз жойылады, және қайта қосылу мүмкін емес. [Қр. «Уазарат-әл-Аукаф», 36 том, 213 бет.] 

ويرى الحنفية أن من زنى بامرأة أو لمسها، أو قبلها بشهوة أو نظر إلى فرجها بشهوة حرم عليه أصولها، وفروعها، لقوله صلى الله عليه وسلم: من نظر إلى فرج امرأة لم تحل له أمها ولا بنتها وتحرم المرأة على أصوله وفروعه؛ لأن حرمة المصاهرة تثبت عندهم بالزنا ومقدماته، ولا تحرم أصولها ولا فروعها على ابن الزاني وأبيه. وتعتبر الشهوة عندهم عند المس والنظر، حتى لو وجدا بغير شهوة ثم اشتهى بعد الترك لا تتعلق به الحرمة. وحد الشهوة في الرجل أن تنتشر آلته أو تزداد انتشارا إن كانت منتشرة.

وجاء في الفتاوى الهندية نقلا عن التبيين: وجود الشهوة من أحدهما يكفي عند المس أو النظر، وشرطه أن لا ينزل، حتى لو أنزل عند المس أو النظر لم تثبت به حرمة المصاهرة، قال الصدر الشهيد: وعليه الفتوى وعند الحنابلة يكون التحريم بالزنا دون المقدمات.

 ومناط التحريم عند الحنفية والحنابلة الوطء، حلالا كان أو حراما، فلو زنى رجل بأم زوجته أو بنتها حرمت عليه زوجته حرمة مؤبدة، ويجب عليهما أن يفترقا من تلقاء نفسيهما، وإلا فرق القاضي بينهما. قال الحنفية: لو أيقظ الزوج زوجته ليجامعها، فوصلت يده إلى ابنة منها، فقرصها بشهوة، وهي ممن تشتهى يظن أنها أمها، حرمت عليه الأم حرمة مؤبدة ولم يفرق الحنفية والحنابلة بين حصول الزنا قبل الزواج أو بعده في ثبوت حرمة المصاهرة  

Хурмат әл-мусахара – дегеніміз, қосылудан кейін неке харам болатын жағдай. Ханафи мәзхабы бойынша егер адам әйелмен жақындасса, оның усулі (ата-бабалары) және фур`у (ұрпақтары) оған харам болады, және ол олармен некеге тұра алмайды. Яғни, ол жақындасқан әйелдің анасына немесе әжесіне үйлене алмайды, сонымен қатар оның қызы мен немересімен неке қия алмайды. 

Ханафи мәзхабы бойынша жақындасу (қосылу) деген сөзге келесі амалдар жатады: 

1) Жабық болмаған теріге (денеге) шахуатпен жанасу
2) Шахуатпен сүйісу
3) Шахуатпен оның жыныс мүшелеріне қарау
4) Жыныстық қатынас

Сіз айтқан жағдайда адам өз енесімен жыныстық қатынас жасады. Соның нәтижесінде, оның усулімен (ата-бабаларымен) және фур`умен (ұрпақтарымен) неке қию оған харам болып қалды. Енесінің ұрпағы оның әйелі болған, ол дегеніміз, олардың некелері күшін жояды, себебі енді олар – бір-біріне харам. 

Ерлі-зайыптыларға тез арады бір-бірінен айырылу қажет, немесе жергілікті қадиға (қазыға) немесе фасх-сот олардың ажырасулары жөнінде үкім шығару қажет. Хурмат әл-мусахараның (инцесттен кейінгі некеге тыйым салу) жарамдылығы жөніндегі дәлелдер сахабалар мен табиғиндердің ауыздарынан жеткен сөздерінде бар:

 عن أبي نصر عن عبد الله بن عباس قال: جاء رجل من أهل خراسان إلى عبد الله بن عباس فقال: تحتي امرأة من أجمل النساء قد ولدت لى سبعة كلهم أطاق السلاح و إني قد أصبت من أمها صبوة، فما ترى؟ قال: كم مالك؟ قال ثلاث مائة ألف. قال: فبكم يسرك أن تفديها من مالك؟ فقال: بمالى كله. قال: قد حرمت عليك". أخرجه محمد في الحجج و سنده حسن. 

Бір күні саиидина Ибн Аббасқа, Алла оған разы болсын, бір адам келіп, былай айтты: «Менің әйелім бар, ол – ең сұлу әйелдердің бірі. Ол жеті баланы дүниеге әкелді, оның әр-қайсысының дені сау. Менде оның анасымен жыныстық қатынас болды (яғни енесімен). Менің некеммен енді не болды?». Ибн Аббас одан сұрады: «Сенің қанша ақшаң бар?». Ол айтты: «Үш жүз мың». Ибн Аббас, Алла оған разы болсын, сонда одан сұрады: «Сен некеңді сақтап қалу үшін қанша ақша жұмсауға дайынсың?». Ол айтты: «Барлық мүлкімді». Ибн Аббас сонда оған айтты: «Ол (әйелің) – саған харам». Саиидина Ибн Аббас сен қаншалықты мөлшерде ақша жұмсауға дайын болсаң да, ол некені сақтап қалу мүмкін емес. Енесімен жасалған зина оның әйелін толыққанды харам етіп, оның некесін жарамсыз қылды. 

 عن زيد الضبي قال: سألت الحسن البصري عن رجل ضم إليه صبية بشهوة أيتزوج أمها؟ قال: لا. رواه محمد في الحجج واحتج به. 

Имам Зейд ад-Дабби айтқан: «Мен имам Хасан әл-Басриден, Алла оны рақым етсін, қызды шахуатпен ұстаған адам туралы сұрады. Оған сол қыздың анасына үйленуге бола ма? Ол: «Жоқ», – деп айтты». 

 عن حماد عن إبراهيم النخعي قال: إذا قبل الرجل أم امرأته أو لمسها من شهوة، حرمت عليه امرأته. أخرجه محمد في الحجج ورجاله ثقات. 

Имам Ибрахим ән-Нахаи, Алла оны рақым етсін, айтты: «Ер адам енесін шахуатпен сүйсе немесе оны шахуатпен ұстаса, оған оның әйелі харам болады»

 عن يحيى بن أبي كثير قال: سئل عروة بن الزبير وسعيد بن المسيب وأبو سلمة بن عبد الرحمن وسالم بن عبد الله عن رجل أصاب امرأة حراما هل يحل له نكاح امرأة أرضعتها؟ فقالوا كلهم: هي حرام. أخرجه محمد في الحجج وسنده حسن. 

Яһия ибн Әби Кясир жеткізеді: «Урва бин Зубайр, Саид ибн-уль-Масаиб, Әбу Салама бин Абдиррахман және Салим бин Абдилла (Медина муфтиі) ер адам әйелмен зина жасаса не болады деп сұралған болатын. Оған сол әйелді емізген анасына үйленуге бола ма? Олардың барлығы, ол (анасы) – харам деген үкім шығарған»

 عن طاؤوس عن الرجل يزني بالمرأة، قال: لا ينكح أمها ولا بنتها أخرجه محمد ورجاله ثقات. 

Имам Таусадан, Алла оны рақым етсін, әйелмен зина жасаған ер адам туралы сұраған. Ол: «Сол ер адамға әйелдің анасы мен қызына үйленуге болмайды», – деген, үкім шығарған. 

 عن مجاهد في الرجل يفجر بالمرأة: قال: إذا نظر إلى فرجها فلا يحل له أمها ولا بنتها. أخرجه محمد ورجاله ثقات 

Мужахидтен әйелмен зина жасаған ер адам туралы сұраған. Ол егер де тіпті ер адам әйелдің жыныстық мүшесіне шахуатпен қараған болса, оған сол әйелдің анасы мен қызына үйленуге болмайды деп үкім шығарған. 

[Дереккөз: «Иғля`ус-Сунан», 11 том, 131-132 бет; «Шарх Мухтасар ат-Тахауи», 4 том, 326-328 бет. Дар әл-Баша`ир; «Әл-Хилятун-Наджиза», 87-91 бет.] 

Алла жақсырақ білуші.
Уассалам. 


Муфти Сухайл Тармахомед Ханафи
Тексеріп, мақұлдаған: Муфти Ибрагим Десаи Ханафи
Жәмиатул Уляма, Дар әл-Ифта


Дереккөз: askimam.ru
Аударған: darulahnaf.com