Пәтуәлар

Мешіттерді сәндеу және сонымен мақтану


Имам Ахмад Хазрет Анастан, Алла оған разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді: 

«Адамдар мешіттермен мақтанбайынша Қиямет күні басталмайды». 

Имам Бұхари, Алла оны рақым етсін, былай деген: «Анас айтты: “Олар мақтанады, бірақ (мешіттерді) тірілтпейтін болады. Мақтану сәндеуді білдіреді”, – деген». 

Және Хазрет Омар, Алла оған разы болсын, мешіттерді сәндеуден тыйған, бұл ғибадат етушілердің көңілдерін бөліп кедергі етуін меңзеген. 

Айлайда талай ғасыр бойы мұсылман әміршілері мешіттердің сән-салтанатымен жарысып, бұны бір мақтауға лайық іс ретінде санайды. Бірақ мешіттер жұмсалған қаражатпен тірілмейді, мешіттер ол жердегі ғибадатпен, зікірлермен және дәрістермен тіріледі. Және біздің қазіргі уақыттағы бай адамдар мешіттерді неғұрлым сәнді, әдемі салуды жақсы амал деп ойлап сонымен жарысады, бірақ Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мешіттердің сәндігінде жарыса бастаған қауымның опат болатынын уәде еткен. 

«Сендер мешіттерді және Құран парақтарын сәндеген уақытта опатты күтіңдер». [Қр. Жәми әс-Соғир.] 

Әл-Мунауи айтты: «Мешіттерді және Құран парақтарын сәндеу – қайтырылған амал, өйткені бұл жүректің көңілін бөліп алаңдатады және ойдың жинақтығы мен Алланы зікір етуге зиян тигізеді. Және шафиғилер алтынмен немесе күміспен тіпті Кағбаны сәндеу харам деп есептеді, ал басқа әшекейлермен сәндеуді мәкрух (жағымсыз әрекет, айыптылық) деп санады». 

Өкінішке орай біздің мешіттер көбінде ғибадат ету және білім алу орындары емес, мазарлар мен мұражайға айналуда. Ғимарат тұрғызу расында бұл ең оңай жұмыс, бірақ сол мешітте жамағат тұрғызып, адамдарға Ислам үйрету бұл қаншалықты қиын! 

Сондай-ақ, мешітте нағыз ислам сабақтарының өтілуі, хадис кітаптары жəне ақида сабақтары өткендігі өте маңызды, іш пыстыратын жалпы жеңіл-желпі өтілетін, оқушыларды былай қойғанда, оқытушының өзінің ұйқысын келтіретін сабақтар емес. Айқындықсыз жəне мағынасыз “белгі үшін сабақтар” , уағыздаушылар уағыздап жатқансып, ал тыңдаушылардың - тыңдап жəне қабылдап жатқансуы – бұл мешіттердің білім жағына келгенде осалдататын, жамағаттың сапасының азаюына себеп болады. 

Әбу Әли әл-Әшғари әл-Ханафи 
«Қиямет Күннің белгілері» 28. Он тоғызыншы кіші белгі. 

Дереккөз: annisa-today.ru 
Аударған: darulahnaf.com