Пәтуәлар

Әйелдің бостандығы жөнінде адасу. 1-бөлім



Автор: Муфти Мұхаммад Тақи Усмани Ханафи

Қазіргі заманның мәдениеті мен өркениетінің философиясы оғаш. Егер әйел үйде еріне және балаларына ас әзірлесе, бұл регресс және ескілік боп есептеледі. Бірақ, егер сол әйел аспансерік болып, жолаушыларға қызмет көрсетіп біреудің ашкөздеріне нысана болса, онда бұл прогресс және бостандық деп аталады. Егер католик әйел үйден шықпай өзінің ата-анасы, ағалары мен әпкелері үшін шаруа жұмыстарын жасаса, онда бұл қамалу және кемсіту деп аталады. Бірақ, егер ол дүкенге сатушы болып жұмысқа тұрып, өзінің еріксіз тартатын күлімсіреуімен клиентті тартатын болса және кеңседе басшы айтқан нәрсеге бағынып жасаса, онда бұл бостандық пен құрмет деп аталады. Мұның барлығы айыпталушылыққа жатады (1992 ж. 22 сәуір жұмада оқылған насихат).

Барлық мақтау Аллаға тән. Біз Оны мадақтаймыз, Оның кешірімін және Одан жәрдем сұраймыз, Оған сенеміз және Оған тәуекел етеміз. Біз өзімізідің жанымыздағы жамандықтан және амалдарымыздағы күнәдан қорғаныш іздейміз. Алла Тағала тура жолға салғанды, ешкім адастыра алмайды және Алла Тағала адасуға ерік бергенді, ешкім тура жолға сала алмайды. Алладан басқа тәңір жоқ және Оның серігі жоқ екеніне куәлік етемін. Біздің Пайғамбар – Оның құлы және елшісі екендігіне куәлік етемін.

«Үйлеріңде отырыңдар, кәдімгі надандық дәуірінше ашылмаңдар» [Қр. Ахзаб 33/33 аят]

Бүгінгі тақырып 

Құрметті аға-әпкелер! Бүгінгі тақырып – «Пурда (бүркеу, жасыру) маңыздылығы » [1]. Әйелге арналған пурда және оның қаншалықты маңызды екендігі жайлы Құран мен Сүннетте не айтылатынын қарау ұсынылады. Бұл тақырыпты егжей-тегжейлі қарауды бастағанша, маңызды бір сұраққа назар аударуды ұсынамын: пурда әйел үшін неге керек және осы мәселе бойынша Шариғат ережелері қандай? Бұл сұраққа адам әйелдің жаратылуының және оның бұл өмірге келуінің мәнін түсінбейінше, толықтай жауап беруі мүмкін емес.

[1] – «Пурда» сөзі урду тілінде екі мағынаға ие: 1) әйелді бөгде көзден жасыратын жамылғы; 2) жыныстардың араларын бөлу, олардың араласуынан бас тарту, әйелдің үйде болуының басымдылығы.

  Әйелді жарату мақсатын, оның Жаратушысынан (Алладан) сұрауға болады 

Батыстық насихаттауда Ислам әйел адамды жамылғыда қымтап, еркін өмір сүруге жол бермейді және оларды төрт қабырғаға қамап қояды деп жиі айтылады. Мұндай насихаттаудың себебі насихаттаушылардың өздері әйелдің жаратылуының негізгі мақсаттарын білмейтіндері анық. Ақиқатында, осы ғаламды және оған қоныстанатын адамдарды, ер мен әйелді жаратқан Алла. Егер әлдекім осы анық ақиқатпен келіспесе, оның ойының бағытын дұрыс бағытқа салу қиын болады. Бірақ, егер адам тек Алла және Алла ғана жердегінің барлығын, ер мен әйелді қоса Жаратушы екендігіне сенсе, "ер мен әйел не үшін жаратылған?" сұрағына жауап алу үшін Алладан сұраса керек.

  Ерлер мен әйелдер – бұл екі түрлі жыныс 

Бүгінгі күнде адамдар әйел де, ермен бірдей жұмыс істеуі қажет деп көп айқайлап жатады. Осы тоқтаусыз насихаттың жалынында, егер ерлер мен әйелдер бірдей жұмысқа арналған болса, онда олар әртүрлі физикалық мүмкіндіктер мен дене құрылымына ие болғандарының мəнін адамдар ойлай алмады. Ер мен әйелдегі ағза, әдет, эмоция, сезім мен ойлау ерекшеліктері әртүрлі екендігін кім теріске шығарады?! Алла әрбір жынысты оған лайық құралымен жаратты. Ер мен әйел арасында ешқандай айырмашылық жоқ деп айту – бұл өзін-өзі алдау және заттардың жаратылысына қарсы көтеріліс, өйткені бұл түйсігіне және өз көзіне сенбеу. Дене бітімі мен сезімталдығындағы айырмашылықты жасанды түрде өшіруге болмайды: бірдей киімді кию және бірдей шаш үлгісін жасау. Шындық шындық болып қалады – ер мен әйел арасындағы айырмашылық теріске шығару үшін тым шынайы және елемеу үшін тым анық.

     Алладан және Оның Пайғамбарларынан қалай сұрауға болады 

Айтылғандай, ер мен әйелдің не үшін жаратылған сұрағына Жаратушының Өзі жауап бере алады, ал Жаратушыдан жауапты адам, Оның пайғамбары арқылы алады, оның соңғысы Мұхаммад Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, болып табылады.

  Адам өмірінің екі аясы 

Қасиетті Құраннан және Ардақты Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сөзінен адамның өмірін екі тапқа бөлуге болатыны күмәнсіз анық болады: үй жұмыстары және үйден тыс жұмыстар. Олар бір-бірін толықтырады. Егер өмірдің екі табына да көңіл бөлмесең, үйлесімді салауатты өмір сүру мүмкін емес. Үйдегі тіршілікті жоспарлап салу маңызды болғандай, үй сыртындағы тіршілік те маңызды. Адамның өмірі екі тапты есепке алумен ғана тұрақты және ретті болуы мүмкін. Егер оның бірін елемесе немесе басқасын қаласа, өмірі құлдырайды, берекесі кетеді және өзінің тепе теңдігін жоғалтады.

  Ер мен әйел адам арасындағы міндеттерді бөлу 

Алла Тағала екі жыныс арасындағы міндеттерді келесі жолмен бөлді: ер адамға қызмет және үйден тыс жұмыстардың жауапкершілігі жатады, яғни олар табыс тауып, саясат және қоғаммен байланысты істермен айналысуы керек; әйел адамға үй жұмыстарының жауапкершілігі жатады. Егер адамның қалай жаратылғаны, табиғи ерекшеліктерге зерттеу жүргізсек, ер мен әйел арасындағы міндеттерді бөліп беруден басқа жақсы тәсілді таппайтынымызды мойындауға тура келеді. Физикалық тұрғыдан ер адам әйелден мықты екенін жоққа шығару мүмкін емес. Үйден тыс жұмыстар физикалық күшті және төзімділікті талап етеді және олар ер адамға берілген. Физикалық күш талап ететін жұмыс әйелдің емес, ер адамның күшімен ғана тиімді орындалады. Үйдегі тіршілік аз физикалық күшті талап етеді және әйелге әділ жүктелді.

  Әйел адам өзіне үй шаруашылығындағы қамқорлықты алу керек 

Біз басында түсіндіріп кеткен Құрандағы аятта Ардақты Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, салиқалы әйелдеріне тікелей және барлық мұсылмандарға жанама түрде жіберілген Иләһи әмір бар. Әмір келесі: Мағына: (Уа, Пайғамбардың әйелдері!) өз үйлеріңде қалыңдар. Бұл әйелге төтенше оқиғадан басқа уақытта да үйден шығуға болмайды дегенді білдірмейді. Аятта іргелі ақиқат жайында айтылып отыр: әйелге үйде қалып, үй жұмыстарына қамқор болғаны дұрыс.

  Әли мен Фатима арасындағы міндеттердің бөлінуі, Алла оларға разы болсын 

Әли және Фатима, Алла оларға разы болсын, міндеттерді өзара бөлген, Әли үйден тыс жұмыстарды орындайды, ал Фатима, Алла оған разы болсын, шаруамен айналысқан, мысалы, үй жинаған, ұнға арналған дәнді тартқан және тамақ әзірлеген.

  Әйел адамды үйден «шығарудың» азғырындылығы неде? 

Осы заманғы қоғамда қоғамдық тазалық - түпкі мақсат пен құндылық болып есептелмейді, кішіпейілділік пен тазалықтың орнына имансыздық пен ұятсыздық белең алған. Мұндай атмосферада пурда, кішіпейілділік және ер мен әйел арасындағы міндеттерді бөлу тек қажет қана емес, сонымен бірге кедергі тасы ретінде шығады. Сол себепті, Батыста қандай да бір моральді құндылықтан құтылудың дауылы өршеленіп тұрғанда, ер адамдар әйелдердің үйде болуы екі еселік ауыртпалыққа айналады деп есептеген. Бір жақтан, ер адамды әйелге ие болып, оның алдында ешқандай жауапкершілік көтермеу қалауы қозғады, екінші жағынан, заңды әйелін асырау машақат деп қарастырды. Содан ер адам екі мәселенің оңтайлы шешімін тапты және бұл шешімге «әйелдерді азат ету қозғалысы» деген зиянсыз атау берілді. Әйелдерді осы сәтке дейін өз үйінің төрт қабырғасында тұтқын болғанына сендіре отырып алдаған. Енді еркін болатын уақыт келді. Оған осы қамаудан құтылып, ер адаммен теңдей барлық істерге қатысу керек болды. Оған осы кезге дейін айырып келген саяси және үкіметтік өкілдікті өзіне алуды қоса, өмірлік күреске тең құқықты қатысу қажет болды және оны дүниежүзілік атақ пен жоғары қызмет күтіп тұр.

Осы ұранмен басы айналған әзіз әйел өз үйін тастады. Барлық жердегі насихаттаудың және осы ойдың түрлі-түрлі жарнамасының көмегімен оны алдап, бүгін көп ғасырлық құлдықтан құтылғанын және оның азабына аяқталатын кез келгеніне сенуге мәжбүр етті. Осы қызықтырғыш ұранның қорғауында әйелдерді көшеге алып шықты, кеңсеге қызметші етті және бөгде ер адамның жеке хатшысы етіп тағайындады. Әйелге стенографшы, сатушы, модель лауазымдары «берілді». Әйелдің әрбір мүшесі масқараланып, əрбір сауда орталықтары мен дүкендерге тұрақты сатушы болуға адамдар шақырылды. Табиғат бойынша абырой, көріктілік, өз құндылығын бағалау, қарапайымдылық және тазалық берілген әйел – енді сауда фирмалары қолданатын көрмелік үлгі және тынығуды қалайтын еркек үшін тамаша уақыт өткізетін зат болды.

  Әйел адамға жалақысы төмен барлық жұмыс жүктелген 

Азат ету жарияланғаннан кейін, бостандық алған әйелге саясат пен үкіметке барлық есік ашық болады деген уәденің үні шықты. Ал енді Батыста қанша әйел президент, премьер-министр, министр, сот немесе басқа да жоғары лауазымда болғанын жәй ғана есептеңіз. Егер статистикаға қарасақ, мұндай әйелдің саны минималды болады. Бірнеше әйелге жоғары лауазым берілгеннен кейін, әйелдер қауымының қалған бөлігі, ал олар миллиондаған, аяусыз беделсіз жұмыстарға қалдарылды. Бұл әйелді жалған азат етудің өте жаман аспектісі. Егер сіз Еуропаға немесе Америкаға барсаңыз, барлық жалақысы төмен жұмыстарды әйелдердің орындап жатқанын көресіз – олар мейрамханада даяршы, уақытша тұрушының бөлмесін жинайтын, төсек-орын тысын ауыстыратын және мейрамханада қызмет көрсететін қызметші болып жұмыс істейді. Еркекті мұндай жұмыста сирек көресіз. Дәл әйелдер дүкенде сатушы, қабылдау кеңсесінде хатшы, яғни тұтас алғанда төрт қабырғадағы қамаудан құтылған нәзік жыныс даяршы, кеңсе қызметкері және т.б. болып жұмыс істейді. Өкінішіті шындық.

  Заманауи өркениеттің оғаш философиясы 

Насихаттаудың көмегімен адамдарға таңылған оғаш философия күйеуіне, ата-анасына, ағалары әпкелері және өз балалары үшін шаруа жұмысын жасау – бұл бостандықтан шектеу және әйел үшін қорлау сияқты. Бірақ егер дәл сол әйел бөгде адамдар үшін тағам әзірлесе, оларға немесе мейманханаларда даяршы ретінде қызмет көрсетсе, дүкенде сөренің артында тұрып сатып алушыға күлімдесе және кеңсе басшысының бұйрығын бойсұнып орындаса – бұл ол үшін бостандық пен құрмет. Бұл өте қайғылы ахуал. Және тағдыр тәлкегі - әйелге өміріне табыс табу үшін кемсітетін ауыр жұмыс жүктелгеннен кейін, тіпті оны ешкім оның нәзік иығында жүк боп жатқан үй жұмыстарынан босатпауында болып тұр. Еуропа және Америкада көптеген әйелдердің жұмыстан үйіне қайтысымен тағам әзірлеумен, ыдыс жуумен және үй жинаумен айналысулары керек.

  Халықтың жартысы жұмыссыз жүр ме? 

 Әйелді үйден тыс жұмысқа жіберу керек деген ойды қолдауына әдетте мемлекетті құру және ілгерілік кезеңінде халықтың жартысына ештеңе істетпеу керек деген дәлелді әкеледі. Бұл дәлел мына түрде келтірілді, қара жұмысшыларға орын бөлудің көмегімен мемлекет жұмыспен қамтылудың жоғарғы деңгейіне жетті деген сияқты, тым болмаса халықтың еркектер бөлігінің арасында. Енді біз, жалпы айтқанда, әркімде жәй ғана жұмыс жоқ кезде дамудың жоғарғы деңгейінде болсақ, оның үстіне тағы да жұмыс күші бар ел үшін көптеген бос орын бар. Жоғары білікті ер адамдар жұмыс іздеп жүрген елде осындай сөздер айтылады. Жұмысшыға немесе жүргізушіге бос орын шықса, ондаған адамдар дипломмен осыған таласады, және бос орын пайда болса, ондаған магистрлер және докторлар діни қызметті алғылары келеді. Алдымен мемлекетті құру және дамыту үшін, халықтың еркектер бөлігіне жұмыс орындарын беріңіздер, сосын барып әйелдер қауымы бос жұмыссыз жүр ме жоқ па осыған ой жүгіртіңіздер.

  Отбасы институты негізіне дейін қирады 

Ұлы Алла әйелді шаруаға қарау, үй жұмыстарын орындау және осылайша отбасын баянды өмірмен қамтамасыз ету үшін жаратты. Ол үйден шыққан бойда, оны бекітіп тастауға тура келді, себебі онда ешкім жоқ – ата-аналар жұмыста, балалар мектепте немесе балабақшада. Осылайша, отбасы жүйе сияқты толығымен бұзылған болып шығады. Әйел үйде болып, оны қадағалау және өз махаббатымен балаларды тәрбиелеу үшін жаратылған. Баланың бірінші ұстазы – оның анасы. Бала одан моральдің, мінездің және өмір салты қалай болу керектігін түсінеді. Мұндай аналық қамқор батыс балаларына қол жетімсіз, себебі отбасы институты қираған. Ер мен әйел "бостандық" атмосферасында әртүрлі орындарда жұмыс істейді және бір-бірін жұмыс уақытында көрмейді. Анда-санда мұндай жұмыс кестесі өзара құштарлықты әлсіретеді, сосын шеттегі рұқсат етілмейтін байланысқа әкеледі. Нәтижесінде ажырасуға және отбасының күйреуіне әкеледі.


жалғасы бар ин ша Алла ...

Дереккөз: darulfikr.ru
Аударған: darulahnaf.com