Пәтуәлар

Әйелдің бостандығы жөнінде адасу. 2-бөлім




Авторы: Муфти Мұхаммад Тақи Усмани

Ақша өздігінен ештеңе бермейді 

Отбасы институтының құлдырауының басты себебі – әйелдің жаратылу мақсатын түсінуден қалғанымыздың фактісі. Алла әйелді үй шаруашылығын жүргізу және ұйымдастыру, отбасылық жұмыстармен айналысуы үшін жаратты. Барлық экономикалық және әлеуметтік жоспарлаудың мәні максималды ақшалай пайданы алумен сай келеді. Алайда ойланыңыз, бұл ақшалар өздігінен пайда әкелуі мүмкін бе? Егер сіз аш болсаңыз және өзіңізбен ақша болса, аш қарныңызды тойдыра аласыз, егер осы ақшаларды жесеңіз. Ақша өзі ештеңе білдірмейді, егер сіз қажеттіліктеріңізді шынайы қанағаттандыратынды сатып алмасаңыз.

  Қазіргі заманғы табысты бизнес 

Жақын өткен заманда бір журналда қандай бизнес табыстырақ болатыны тақырыбындағы зерттеу жарияланды. Зерттеу нәтижесі бойынша бірінші орында модель бизнесі болды. Әйел жарнама мақсаты үшін әртүрлі кейіпте өзінің жалаңаштанған денесін ұсынады және осы үшін бір күнге жәрдемақы ретінде 25 миллион алады. Бұл әйел капиталисттің қалауы үшін пайдаланатын сатылымға шыққан тауар болды. Мұның барлығының себебі әйел өз үйінің маңын тастап, құрмет, абырой және қоғамдағы жоғарғы орнын жоғалтқанында.


  Еврей жайлы ғибрат аларлық оқиға

Бір әулиеден мына оқиға келеді, бір күні өте бай еврей өмір сүрген. Сол байырғы заманда адамдарда жер асты қоймасына өз жинақтарын салу әдеттері болған. Бұл еврей өз қоймасына тау-тау алтын, күміс және басқа да қазына жинаған. Бір күні ол жасырын өзінің барлық қазынасын тексеру үшін, жер асты қоймасына келеді және сақшыға өзінің құпия жоспарын хабарламайды. Ол бұны күзетші қазына бөлігін өзіне иеленіп алмайма екенін білу үшін істеген. Қойманың есігі ішкі жақтан жабуға болатындай етіп орнатылған, бірақ іштен ашуға болмайтын. Еврей қоймаға кірді де кері қалай шығатынын ойламай, есікті ішкі жақтан жапты, бірақ есікті сыртынан ашуға болатын еді. Сақшы есіктің нық жабылғанына сенімді болды. Ол қазынаның иесі ішінде екенін білмеді. Содан қазынаның сақталуын тексеріп, оның иесі шығуға тырысты. Бірақ есікті аша алмай, сол қоймада қамалып қалды. Біршама уақыт өткен соң қарны ашқанын және шөлдегенін сезді, алайда қоймада су немесе тамақта болмады, бірақ алтын мен күміс толы болды. Түнде оның ұйқысы келді, бірақ жататын жер болмады. Нәтижесінде сусыз және тамақсыз қанша шыдаса сонша өмір сүрді, сөйтіп сол жер асты қоймасында қайтыс болды. Сол жақта жатқан алтын мен күмістің үйіндісі мүлде пайдасыз болып шықты. Ақша оған тіршілік үшін қажеттіні алмайынша, өздігінен ешқандай пайда әкелмейді, ал қаржы және экономикалық жүйелер, тиісті жағдай реттелмейді және жұмыс жасамайды.

  Ақша тек саны бойыншы көп болады 

Қазіргі заман бізге айтады, егер біз әйелді үйден алыстатсақ, өндіріс көлемін үлкейтуге және әл-ауқаттың өсуіне әкелетін жұмыс күшін аламыз. Қандай да бір дәрежеде бұл дұрыс әл-ауқат сандық жағынан өседі, бірақ отбасы толығымен құлдырайды, ұлттық дамуды тоқтатады. Бұл өте үлкен шығын емес пе?

  Ақша табудың мақсаты қандай? 

Құрандағы аятта: «Өз үйлеріңде қалыңдар», – Алла Тағала әйелдерді үй шаруашылығын жүргізуге және отбасылық жылуды сақтау және ұйымдастыру бойынша маңызды жұмыстарды орындау үшін жаратқанын көрсетті. Үйден тыс жерде жұмыс жасауға барлық жағдайды үйде тұрақтылықты сақтауға және тұтастай алғанда, отбасы институтына зиян тигізудің қажеті жоқ. Ер адам үйінде тыныштық пен жайлылық орнауы үшін ақша таппай ма? Егер бұдан еш нәтиже шықпаса, үйдегі береке ақша алтарінде құрбандыққа келтіріледі және ауыр еңбекпен табылған табыс қанша болса да пайдасыз болады. Олардың ешқандай құны болмайды.

  Балаға махаббат пен ана қамқорлығы керек 

Алла Тағала әйелді дұрыс тәрбиелеу және балаларды дұрыс ойлауға үйрету бойынша міндеттерді өздеріне алу үшін жаратты. Сол себепті, Алла Тағала әкесіне қарағанда, анасының жүрегіне балаға деген өте күшті махаббатты салады, бірақ бұл олардың ортақ баласы. Егер бала біртүрлі болса, ол бірден әкесін емес, анасын, қайда жүрседе шақырады, өйткені бала өзін тек анасы ғана жұбата алатынын біледі. Бала осындай нәзік қатынас панасында тәрбиеленеді. Әке баласын анасының көмегінсіз өсіріп тәрбиелеуі мүмкін емес. Нақты эксперимент бұл пайымдауды дәлелдейді. Біздің уақытта адамдар өз балаларын балабақшаға тәрбиелеуге береді. Естеріңізде болсын, бірде бір балабақша балаға аналық махаббат пен қамқорлықты бере алмайды. Анаға үй шаруасын басқару қажет. Егер әйел мұны істемесе, ол өз жаратылысына қарсы шыққаны. Мұндай мінез-құлықтың нәтижесі, қазір көз алдымызда.

  Үлкен жетістің негізі — бұл Үй 

Он төрт ғасыр бұрын Ұлы Жаратушы Құран Кітабын жіберді, онда айтқан: «Өз үйлеріңде қалыңдар». Үй сіздің әлеміңіз, ақіретіңіз және сіздің өміріңіз болып табылады. Әй әйелдер! Еркектер үйден тыс үлкен істерді басқарып жүрген тәрізді жүргендей және сіздер де “істей алар едік” деп ойламаңыздар. Сіздерге барлық үлкен істердің негізі – бұл Үй деп есептегендеріңіз дұрыс. Егер сіздер баланың жүрегіне иман ұялатып, тақуалығын арттыра отырып, тиісінше тәрбиелеп өсірсеңіз, еркектердің үйден тыс жерде жасайтын үлкен істеріне қарағанда, сіздің жетістігіңіз әлдеқайда үлкен құндылыққа ие болады, өйткені сіз баланы Алланың Дінінің жолында тәрбиеледіңіз және өсірдіңіз. Теріс насихаттау мен Батысқа соқыр еру бірте-бірте біздің қоғамда әйелдердегі өз балаларының діни білімдеріне деген назарларын жойып жатыр. Мұндай жағдайда, үйден тыс жұмыстарды істемейтін әйелдер, адамдар өзі сияқты әйелдер төрт қабырғада қамауда отырады, ал өз үйінің қабырғасын тастағандар – дамыған және озық әйелдер деп айтқанда, бәлкім дұрыс айтатын шығар деп ойлай бастайды. Естеріңізде болсын, «төрт қабырғада» әйелдер жасайтын жұмыста, оларды ешкім ауыстыра алмайды, егер базардағы және дүкендегі жұмыс үшін өз үйлерін тастаған болса, онда олар мұндай құнды жұмысты жасай алмас еді.

  Молшылық және жайлылық – бұл пурда 

Әйелдер пурда оларға қалай да кедергі жасайды деп ойламаулары керек. Жамылғы әйел жаратылысына толықтай сәйкес келеді. Араб тілінде «аурат» сөзі («пурда» сөзіне арналған араб эквиваленті) жасыруы керек нәрсені айтады. Бұл әйелдің жаратылысы, егер жаратылысын бұзса, оның қайта қалпына келуіне арналған дәрі болып табылады. Пурданы ұстанумен болған молшылық пен жайлы өмірді, пурданы ұстанбайтын және қоршаған ортаның көзқарасынан қорғалмаған әйел ала алмайды. Сондықтан жүйелер сияқты пурданы сақтау қарапайымдылық пен тазалықты қорғаудың бөлінбес шарттары болып табылады. «Пурда» сөзі урдуда екі мағынаға ие: 1) әйелді бөгде көзден жабатын бүркеу; 2) жыныстарды бөлу, олардың араласуынан бас тарту, әйелдің үйде басым болуы.

  Әйелдің сәнді шашымен не болады 

Ардақты Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қазіргі заманды өз көзімен көрген тәрізді. Одан келесідей мазмұны бар хадис келеді: «Қиямет күнінің алдында шаштары түйенің өркеші сияқты әйелдер шығады». Ол мұндай көрегендікті ондай шаш тәріздіні, ешкім ойлай алмаған уақыттарда жасаған. Ал енді өздеріңіз көріп жүргендей, әйелдер шаштарын түйенің өркеші сияқты жинап алады.

  Олар жалаңаш, алайда киімді киеді 

Ардақты Пайғамбардан, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әйелдер киім киіп жүрсе де, осылайша өз денелерін жапайды деген сөз келеді. Бұл дегеніміз киім соншалықты жұқа және жинақы, одан дененің барлық көрінісі көрініп тұрады және бұл қарапайымдылық пен ұят сезімінің жоғалуының нәтижесі. Бұрында әйелдер мұндай киім киіп жүреді дегенді елестету мүмкін емес еді, өйткені оларда ибалылық болды. Мұндайды көрсетуге болмайтын еді, себебі әйелдердің жүрегінде ибалылық пен ұят болды. Әйел үшін мұндай киімді кимеу орынды еді. Бүгінде әйелдер кеудесі, мойны, қолдары және қалғандарының барлығы шешінген тәрізді киімдерді киеді. Тұлғаны жасырудың орнына, керісінше дененің жеке бөліктерін кескіндейтін - бұл қандай киім.

  Аралас кездесулердің ағындары 

Үйлену тойларында өздерін діншіл деп есептейтін және мешітте, намазда бірінші қатарда орын алатын адамдардың өзінде ұятсыздық байқалады. Жәй ғана осындай отбасының үйлену тойына барыңыз, ол жақта не болып жатқанын көресіз. Адамдардың еркек пен әйелдің үйлену тойында бірге жиналатынын тіпті елестете алуы мүмкін емес уақыттар болған. Бірақ мұндай аралас жиын қазір көп және онда әдемі киінген, боянған, жарқыраған қымбат киім мен әшекейдегі әйелдер қатысады, ибалылық және ұятты, пурда жайлы мүлдем ұмытылды.

  Тәртіпке қайдан келеміз?

Мұнымен бәрі біткен жоқ. Бұл той-думанды бейнеге түсіреді, яғни тойға келе алмағандар, оларды бейне жазбада көру үшін. Бұл күнәлі заттардың орны бар, бірақ оны жасайтындар тақуа және діншіл адамдар болып есептеледі. Мұндай істерге олар ешқандай жек көрушілікті көрсетпейді және олардың жүректерінде осы анық күнәні қалдыруға ешқандай ниет пайда болмайды. Ал енді терең ойланыңыздар! Мұндай ашық зұлымдық қазір біз барлық жерде көріп жүргендей тәртіпсіздікті, толқуды, тынышсыздықты және заңсыздықты туғызуы керек пе? әрқайсысының мүлкі, тыныштығы және абырой – қатер астында. Айту керек, бізге жойқын жазаның төнбеген фактісі – Алланың Мейірімі және Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, батасының нәтижесінде. Өйткені біздің амалдарымыз мұндай жазаға лайық – Алла Тағала бізді кешірсін!

  Біз өз балаларымызды түпсіз Тозаққа итерудеміз 

Мұның барлығы – балаларының істеп жатқанына ешбір тосқауыл қоймайтын, оларды қадағаламайтын, үлкендердің ұқыпсыздық, немқұрайлылық және бейжайлылығының нәтижесінен. Балалар Тозаққа асығуда және оларды ешкім тоқтатпайды. Ал адамдар өз балаларын түпсіз Тозаққа итеріп жатқандарын сезбейді. Балалардың не істеп жатқандарына назар аудар деп айтса, олар сол немесе басқа сылтаумен бұған назар аудармайды және жас буынға қалайда әсер етуден бас тартады.

  Жағдай әлі бақылаудан шыққан жоқ 

Әзірге жағдай әлі бақылаудан шыққан жоқ. Егер қазір адамдар өз үйлерінде аралас жиынды өткізуге тыйым салса, пурданы сақтамаусыз ешқандай мереке және бейнетүсірілім болмайды және ұятсыздық пен нәпсіқұмарлықты тоқтату іске асады. Адам жағдайды түзетуге тырысып, бірақ ештеңе істей алмайтын уақыттан қорқыңыз. Барлығы болмаса да, тым болмағанда діншіл және өзін Исламның жолын қуушы деп есептейтін отбасылар, аралас жиын сияқтыларға жол бермеудегі батылдықта беріктік таныту керек.

  Мұндай жиындарға бойкот жариялаңыз 

Бізге бойкотқа сүйенуді үйретпеді, бірақ кейде адамдарға талаптарының орындалуы үшін, серіктестік пен бойкоттан бас тартуға шешілуіне тура келетін жағдайлар болады. Егер аралас жиынға қатысудан бас тартсаңыз, адамдар өздерінің наразылықтарын білдіретін болады. Күнәдан жалтаруда сіздің кеңесіңізге олар назар аудармайды екен, олардың наразылықтарына да назар аудармаңыз. Егер сіз пурданы ұстанушы әйел болсаңыз және олар сізді үйлену тойына шақырғылары келсе, неге олар барлығын тиісті жағдайда ұйымдастырмайды? Егер олар сіздің таңдауыңызға назар аудармаса, олардың шақыртуынан бас тартыңыз, өйткені осы тектес мерекелерге бару Сізге міндет болып табылмайды. Бұл адамгершіліксіз және ұятсыздық ағымын тоқтата алмайсың, әйелдер оның жолын бөгеттеуде өзінің шешімділігіне берік болмайынша. Ойланыңыз, қаншама уақыт олардың Ислам заңдарын белден басқанын мақұлдап, бұл ағымды ешбір бақылаусыз қалдыра бересіз.

  Қашанға дейін ақсүйек адамдарға ілесе бересіз? 

Хазірат мауляна Мұхаммад Ідріс Сахиб Кандехлауи өз кезінде ұлы әулие болған. Сол уақыттарда қонақ бөлмеде, едендегі кілемде отыру керек болған, мұндай жағдай осы тақуа сопының қонақ бөлмесінде ғана болатын. Оның отбасындағы әйелдер, мұндай ескірген жүйенің орнына, қонақ бөлмеге жұмсақ жиһазды қоюды ұсынған. Мауляна бұл ойды құптамады және өзіне ыңғайлырақ болғандықтан, оның барлығын өзі айтқандай бұрынғыдай қалдыруды жөн көрді. Әйелдер маулянаны оған келетін қонақтар үшін қонақ бөлмесін қазіргі заманға сай етіп қоюға көндіріп жатты. Бұл дәлелге мауляна айрықша жауап берді. Ол айтты: «Оның бірі менің кеңесімді тыңдап, өзінің өмір салтын өзгертті ме? Егер олардың менде жұмысы болмаса, менің неге оларда жұмысым болу керек?»

  Ақсүйек адамдарға назар аудармаңыз, егер олардың сіздің өсиетіңізде жұмысы болмаса

Сіздің діни өмір салтыңызбен және пурданы ұстануыңызбен санаспайтын адамның пікірімен, сіздің неге санасуыңыз керек олармен?! Егер әйел, әйел жынысты қонақтарға арналған арнайы тағайындалған орынға жамылғысыз келсе және ер адамның алдына шықпаса, ол үшін зиян болмайды. Бірақ, егер пурданы ұстанушы әйел жамылғыны киіп, ер адамдардың жиынына келсе, онда бұл өте жағымсыз болып есептеледі. Егер сіз аралас жиынға немесе мерекеге мереке иесі наразы болатындықтан бара жатсаңыз, егер сіз болмасаңыз, сізді аралас жиынға шақырғанына жеке наразылығыңызды білдіруге құқығыңыз жоқ па? Есте сақтаңыз, егер сіз жауапты реакцияны көрсететін болмасаңыз, бұл нәпсіқұмарлық және ұятсыздық ағыны ешқашан тоқтамайды.

  Мұндай адамдарды қуыңыз 

Тіпті мерекеде ер мен әйелге арналған бөлек орын бөлінсе де, ер адамдар әйелдер бөліміне келіп, өзін ол жақта еркін ұстаса, бұл мерекедегі бөлу өз мәнін жоғалтады. Неге әйелдер мұндай жағдайда өз наразылықтарын білдірмейді және өз жағынан бұл ер адамдарды алып кетуді талап етпейді?

  Дінге қарсы қылмыс жасалып жатыр, бірақ адамдар үндемейді 

Егер сіз өзіңіздің қарсылығыңыз бен наразылығыңызды білдірмесеңіз, ешкім сізбен дауласпайды, бірақ сіздің дініңіздің заңдарын қорлап, белден басып жатқанда сізге үндемеу жөнсіз. Дін өзінің тыйымы мен бұйрықтарын бұзып жатқанда, сізді наразылық пен қарсылығыңызды анық білдіруге шақырады. Дінге қарсы шабуылды тоқтата алмайсыз, егер оған қарсы бірлескен күш болмаса.

  Құдайдың жазасына дайын болыңыз 

Өзін діншіл деп есептейтін адамдар, қоғамдағы жамандықты жоюға бар күшімен тырысуды бастамайынша, күнәнің ағынын тоқтатуға болмайды. Егер сіз жамандықпен соғыс жүргізуді қаласаңыз, онда ерте ме кеш пе жазаның келетініне дайын болыңыз.

  Өз ортаңызды құрыңыз 

Менің құрметті әкем хазірет, мауляна, муфти Мұхаммад Шафи Сахиб орындау керек болатын өте құнды кеңес берді. Ол айтты: «Сен қазіргі жағдайлар мен қоршаған ортаға шағымданасың. Саған сен сияқты ойланатын және сезетін, ерекшелігі бойынша саған жақын адамдардан өз қарым қатынас шеңберіңді жасауың керек. Сенің қоғамың және саған қарағанда басқаша ойлайтындардың қоғамы айтарлықтай ерекшеленеді. Сол себепті өз достарыңның шеңберін құр және саған қарсы адамдардан қашық жүр».

  Аралас жыныстардың нәтижесі 

Пурданы қалдыру азабының бірі – отбасының бұзылуы. Бұл құбылыстың басқа да аспектілері Ұлы Алланың қарама-қарсы жынысты адамдарды бір-біріне тартымды етіп жаратуымен байланысты. Бұл бас тартуға болмайтын табиғи құбылыс. Ер мен әйелдің еркін араласуының нәтижесінде адамдағы осы табиғи құбылыс бір сәтте өзін еске салады және күнәға әкеледі. Ер мен әйелдің еркін араласуы болып жатқан қоғамда өмір сүресіз және мұның жиіркенішті жемісін көріп жүрсіз. Қазіргі заманғы қоғамда некесіз қатынаста бақылау жоқ, күнәға заң да, бақылау да жоқ. Бірақ бұл елдегі зорлау саны басқа жерлерден де көп. Таяуда мен Америкада әрбір 46 секундта зорлау болатынын оқыдым. Ойланып көріңізші, неліктен өзара келісу арқылы зинақорлыққа есігі әрдайым кең ашылған елде зорлау жасайды?

  Жыныстық құмартуды қанағаттандырудың көзі қандай? 

Себебі, адам өзінің табиғи шегін бұзған. Адам өзінің жыныстық қажеттіліктерін табиғи шегінде қанағаттандыратын болса, ол оларды толығымен қанағаттандыра алады. Бірақ ол өз қалауын қанағаттандыру үшін осы шектен шығатын болса, онда зинақорлыққа деген қанбайтын шөл мен аштық пайда болады. Осы кезеңде зинақорлыққа дейінгі ашкөздік үнемі өсіп келеді.

Жыныстар арасындағы аралас жиындар және шектеусіз байланыстар қазіргі уақытта біздің көз алдымыздағыдан басқа ештеңеге келтіре алмайды. Шын мәнінде, мұның бәрі осы аятта жазылған Алланың бұйрығын бұзумен байланысты: Мағынасы:


« وَقَرْنَ فِى بُيُوتِكُنَّ /Өз үйлеріңде қалыңдар».


Бұл бұйрыққа назар аудармай, әйелдер жалған қадам жасады.


Жалғасы бар ин ша Алла ...

Дереккөз: darulfikr.ru
Аударған: darulahnaf.com