Пәтуәлар

Әйелдің бостандығы жөнінде адасу. 3-бөлім


Авторы: Муфти Мұхаммад Тақи Усмани

Қажеттілік бойынша үйден шығуға рұқсат етіледі 

Сұрақ туындайды. Әйел адамда өзінің адами қажеттіліктері бар, сол себебпен оған үйден шығуы керек болуы мүмкін. Оның туысқандарының жағдайын білу және басқа да жеке мұқтаждық үшін немесе анда-санда – демалып, күшін қайта қалпына келтіру үшін үйден шығуы керек болады. «Өз үйлеріңде қалыңдар» бұйрығы әйелдер үйде қамалуы керек дегенді білдірмейтінін түсіну керек. Әйелге егер қажеттілігі болса және белгілі шарттар сақталса, шығуға құқығы бар. Әдетте, қыз ата-анасымен бірге тұрады, ал некеден кейін оған деген жауапкершілік күйеуінде болады. Әйелде не күйеуі, не ата-анасы жоқ болған жағдайда, оған үйден кетуге рұқсат етіледі. Сондай-ақ, әйел рұқсат етілген демалыс үшін үйден кете алады. Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Айша анамызды, Алла оған разы болсын, үйден шығарғаны белгілі.


Айша да шақырылған ба? 

Хадистердің бірінде айтылған, бір күні сахаба Пайғамбарды, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мерекеге шақырған. Ардақты Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сұрады: «Айша да менімен бірге шақырылды ма?». Формальдылық ол кезде сақталмаған болатын, сол себепті сахаба сұраққа теріс жауап берді. Сол кезде Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мұны Айшасыз жасай алмайтынын айтып, шақыртуды қабылдаудан бас тартты. Біршама уақыттан кейін, сол сахаба Пайғамбарды, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қайтадан шақырды, Ол, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Айша шақырылды ма деп қайтадан сұрақ қойды, ал сахаба тағы да жоқ деп жауап берді. Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шақыртуды қабылдаудан бас тартты. Біршама уақыттан кейін сол сахаба Пайғамбарды, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қайтадан шақырып, шақыртуын қабылдауын талап етті. Ал Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сол «Айша менімен бірге шақырылды ма?», –деген, сұрағын қайта қойды. Бұл жолы сахаба «Иә Аллахтың Елшісі» деп жауап берді. Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шақыруды қабыл етті.

  Пайғамбардағы тұрақтылықтың себебі 

 Бұл амалдың себебі хадисте ескерілмеген, бірақ кейбір ғалымдар айтқан, мұндай мінез-құлықтар толығымен Ардақты Пайғамбарға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, тән емес, – оны, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қонаққа шақырғанда Айшаны, Алла оған разы болсын, өзімен алып жүру үшін табандылық танытпады және ол ешбір шартсыз шақыртуды қабылдады. Кейбір ғалымдар бұл нақты сахаба Айшаға, Алла оған разы болсын, жамандық жасаған және Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаның оған деген қарым-қатынасын өзгертуін қалаған деп есептейді. Сол себепті Ол, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Айша, Алла оған разы болсын, өзімен бірге шақырылуы үшін бірнеше рет шарт қойған.

  Әйел рұқсат етілген демалысқа мұқтаж 

Пайғамбарды, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Мединаға жақын жердегі мерекеге шақырылды. Ол, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жолға Айшамен, Алла оған разы болсын, бірге шықты және жолда ашық бос тұрған орынды тапты. Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Айшамен, Алла оған разы болсын, жүгіру жарысын ұйымдастырды. Бұл жүгіру пурданың сақталу шартымен Исламда рұқсат етілген сауық түріне жатады және айналасында бөтен адамдар жоқ болатын. [Қр. Әбу Дауд, № 2578 хадис].

  Өзін әсемдеп және өз сұлулығын көрсетіп үйден шығуға тыйым салынады 

Шариғат әйелге қажеттілігі бойынша үйден шығуға рұқсат етеді, егер пурданың барлық шарттары сақталса және әйел өз сұлулығын көрсетпес үшін барлығын жасаса. Осыған байланысты Қасиетті Құранда былай деп айтылған:


وَلَا تَبَرَّجْنَ تَبَرُّجَ ٱلْجَـٰهِلِيَّةِ ٱلْأُولَىٰ


Бұл аятта әйел қажеттілігі бойынша үйден шығарда, Исламға дейінгі надандық уақыттағы әйелдер тәрізді, өзін әдемілеп және өз сұлулығын көрсетпеуі керек екендігі айтылған. Ешқашан айналадағылардың көңілін аударту үшін өздеріңді әдемілемеңдер. Сізге хиджабта шығу керек – яғни денені кең киіммен жабу. Біздің уақытта бурка (жамылғы) кең таралған, Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, уақытында басынан аяғына дейін барлық денені жабатын бір кесек матаны киген. Қысқаша айтсақ, әйелге қажеттілігі бойынша шығуға болады, бірақ пурданы сақтау бұйрығы, көшеге жамылғысыз шығудың мүмкін зардабын болдырмас үшін жіберілген.

  Пурданы сақтау бұйрығы тек Пайғамбардың әйелдеріне ғана қатысты ма? 

Кейбіреулер Құрандағы пурданы сақтау бұйрығы тек Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, салиқалы әйелдеріне қатысты сияқты, бірақ толығымен барлық әйелдерге емес деп айтуда. Өз пікірін мына аятқа негіздейді [Қр. Ахзаб 33/33 аят]. Бұл ұстаным дәстүр және ақыл тұрғысынан дұрыс емес. Өйткені бұл аятта көптеген бұйрықтар бар, мысалы:

  وَلَا تَبَرَّجْنَ تَبَرُّجَ ٱلْجَـٰهِلِيَّةِ ٱلْأُولَىٰ 

Мағына: «Көшеге надандық кезіндегі әйелдер сияқты өздеріңді әсемдеп шықпаңдар». 

Бұл бұйрық Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әйелдеріне ғана қатысты, ал үмметтің қалған әйелдеріне қатысты емес пе? Демек оларға Исламға дейін надандық кездегі әйелдер жасағандай өзін әсемдеп, өз сұлулығын көрсету үшін шығаруға анық рұқсат етілген бе? Әлбетте, бұл бұйрық барлық әйелдерге қатысты. Бұдан әрі аятта келесідей бұйрықтар жалғасады: «وَأَقِمْنَ ٱلصَّلَوٰةَ / намаз оқыңдар». Намаз оқу бұйрығы да барлық әйелдерге қатысты емес пе? Әрі қарай: «وَءَاتِينَ ٱلزَّكَوٰةَ / міндетті зекетті төлеңдер». Бұл да тек Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, салиқалы әйелдеріне ғана қатысты ма? Тағы да бір бұйрық: «وَأَطِعْنَ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥٓ / және Аллаға және Оның Елшісіне бағыныңдар». Бұл Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әйелдерінен басқа әйелдерге қатысты емес пе? Аяттағы мазмұн бұйрықтардың жалпы сипатқа ие екендігін анық көрсетеді. Алайда аят Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әйелдеріне тікелей арналған, ал үмметтің барлық әйелдеріне жанама түрде жолданған.

  Олар тақуа әйелдер болған 

Пурданың барлық жүйелері пурда сақталмаған жағдайда, қоғамда болуы мүмкін күнәлардың алдын алу үшін бағытталған. Әлдекім сұрауы мүмкін, егер Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әйелдері үйден кетіп қалған кезде ғана күнә мен бүліктің қаупі бар ма? Алла бізді кешірсін, бұл мүмкін емес, өйткені дүниеде олардан да тақуа және салиқалы әйелдер болған жоқ. Шындық мынада, Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, салиқалы әйелдеріне бұйрықпен жолдау барлық қалған әйелдерге де қатысты, өйткені олар жақтан қателік пен адасудың болуы көбірек ықтимал. Пурданы сақтау бұйрығы барлық әйелдерге қатысты Тағы да мұсылман үмметтің барлық әйелдеріне жолданған аят бар:

  «يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّبِىُّ قُل لِّأَزْوَ‌ٰجِكَ وَبَنَاتِكَ وَنِسَآءِ ٱلْمُؤْمِنِينَ يُدْنِينَ عَلَيْهِنَّ مِن جَلَـٰبِيبِهِنَّ» 
[Қр. Азхаб 33/ 59 аят]

 Мағынасы: «(Әй Пайғамбар!) жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт: Үстеріне бүркеншіктерін орансын».

 Бұдан да анық бұйрық болуы мүмкін емес. «جلابيب» (жәлябиб) сөзі — «жильбаб» – тан шыққан көпше түр, бұл әйелдер өзіне барлық денесі жабық болатындай киіп алатын жамылғы дегенді білдіреді. Оның үстіне, Құрандағы бұйрық денені жильбабпен жабу бұйрығынан ғана тұрмайды. «يدنين» сөзі (юдниин) жильбаб бетті жабу үшін алдыңғы жақтан жамылу керектігін көрсету үшін қолданылады. Бұдан артық бұйрық болуы мүмкін бе? Пурда ихрам жағдайында Сіз қажылық кезінде әйелге бетін матамен жабуға болмайтынын білесіз. Ер адамға басын, ал әйелге бетін жабуға болмайды. Қажылық уақыты келгенде Ардақты Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қажылыққа өз әйелдерімен аттанды, содан қалай ету керек деген сұрақ туындады, себебі пурданың қажеттілігі жайында бұйрық болды, ал екінші жақтан ихрам жағдайында әйелге бетін жабуға болмайды. Аиша, Алла оған разы болсын, айтты: «қажылықты түйенің үстінде отырып жасадық, айналамызда бізді көретін бөтен ешкім болмағандықтан бетіміздегі жамылғыны шештік, сосын маңдайымызға ағаш құрылысын қойдық, бөтен адаммен және керуенмен кездесе қалған жағдайда, оның сыртынан жамылғыны жабуға болатындай ету үшін және ол бетімізге тимеді, сөйтіп пурданың ережелері тіпті ихрам жағдайында да сақталды». [Қр. Әбу Дауд, №1833.]

  Әйелдің пурданы қатаң сақтауы 

Әбу Дәудтің хадистер жинағында айтылады, бір әйелдің ұлы Пайғамбармен, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әскери жорыққа кетті. Ұрыстан кейін, одан басқасының барлығы үйге оралды. Қорқыныш пен алаңдаушылықта ол Пайғамбарға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қарай, өзінің ұлы жайлы сұрау үшін жүгірді. Сахаба оған ұлының шахидтің өлімімен мерт болғанын айтты. Әйел баласының өлімі жайлы естіген кезде, бұл оған үлкен қайғы болды. Дегенмен ол бұл жаңалықты басынан жанқиярлық пен шыдамдылық көрсетіп өткізді. Біреу сұрады: «Әй әйел сен Пайғамбарға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, үлкен қайғы мен мұң күйінде бардың, бірақ сен сонда да бетіңе жамылғы жауып, тіпті қиын сәтте де пурданы сақтауды тоқтатпадың». Сол кезде бұл батыл әйел жауап берді: «Шын мәнінде, менің ұлым өлді, бірақ менің ұяттылығым мен ибалылығым тірі». Тіпті осындай қиын сәтте де бұл сахаба әйел бұйырылған ережені қатаң сақтады. [Қр. Әбу Дауд, № 2488.]

  Келемежге назар аудармаңыздар 

Ұлы Алла Құранда пурданы сақтауды бұйырды, Ардақты Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мұны хадисте егжей-тегжейлі үйретті, ал оның әйелдері мен сахаба әйелдер өз мысалдарымен, бұл бұйрықты қалай орындау керек екенін көрсетті. Біздің заманда Батыста мұсылмандар өз әйелдерімен қарым-қатынаста қаталдықпен – оларды төрт қабырғада қамап, жамылғы астында ұстаған дегенге сәйкес, Исламға қарсы насихаттау бойынша науқан ісін бастады, сөйтіп мұсылмандарды келемеж суреттің кейіпкерлеріне айналдырды. Қалайша біз батыстың мазағынан және оның насихаттауынан қорғанамыз деп, Алла Тағала мен Оның Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бұйрығын қалдыруымыз керек? Есте сақтаңыздар, Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, үйреткен өмір салты – ақиқат және дұрыс болып табылады деген сенімділікті өз жүрегімізде дамытуымыз керек. Бізге біреудің қорлауы мен мазағы әсер етпеуі керек. Мұндай мазақ пен қорлық мұсылман үшін жаңалық емес. Мұның барлығы адамзатқа нұсқау үшін келген Алланың пайғамбарларына да дыбысталды. Олар және олардың ізбасарлары да қорлыққа ұшыраған – оларды, басқа адамдарды өмірдің игілігі мен рақаттылығынан айыруды қалайтын артта қалған, жетілмеген және ескі сәнді адамдар деп атаған.

Пайғамбарлар, Алланың сәлемі болсын оларға, осы қорлық пен қиындықтардың барлығында бастарынан кешірген. Сіздер пайғамбардың мұрагерлері ретінде олардың қатынастарын қорлық пен мазақ деп, ал қалғандарының барлығын мұрагер тәрізді қабылдаңыздар. Егер сізде Аллаға және Оның Пайғамбарына, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сенім болса, сіз бұл мазақты шыдамдылықпен, қуанышпен көтеруіңіз керек.

  Сізді бәрібір үшінші сорттың адамы деп есептейтін болады 

Егер сіз осы барлық мазақ пен қорлықтың қысымына берілетін болсаңыз және Батыс ұсынған және қалағанды істейтін болсаңыз сізді бәрібір үшінші сорттың азаматы деп есептейді және солай бола береді. Сіз шынымен де, егер пурдаға қатысты қатынаста оларға бағынатын болсаңыз және Батыс қалағандай әйелдерге үйден тыс жұмыс пен басқа істердің пайдасына өз үйлерінен кетуге мүмкіндік берсеңіз, олар сізді өздерімен тең қабылдап және өздерінде бар құрмет пен құқықты сізге береді деп ойлайсыз ба? Жоқ, ондай болмайды. Сізді бәрібір артта қалған адамдар, фундаменталшы және прогресстің ескі қарсыластары деп есептейтін болады. Нәтижесінде сізге үшінші сорттағы адамдар ретінде қарайтын болады.

  Ертең оларға күлетін біздің кезек келеді 

Егер сіз олардың қорлығы мен мазағын елемейтін болсаңыз, Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, және оның салиқалы әйелдерінің жолымен жүруді нақты шешсеңіз, күмәнсіз оларды келеке ететін күн де келеді. Құранда айтылған:

  «فَٱلْيَوْمَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ مِنَ ٱلْكُفَّارِ يَضْحَكُونَ • عَلَى ٱلْأَرَآئِكِ يَنظُرُونَ» 

Мағынасы: «Ал енді мүміндер кәпірлерге күледі. Олар тақтардың үстінде қарайды». [Қр. Мутаффифин 83/34-35 аяттар.]

 Имансыздар мұсылмандарды келеке етіп қорлады, әсіресе мұсылмандар олардың жанынан өткен кезде. Мына аятта, егер Алла қаласа, келесі өмірде имандылар салтанатты отырған орындарынан оларды бақылап, имансыздарды келеке ететін болады. Ақырғы есепте бұл өмір өте қысқа. Имансыздар мұсылмандарды қанша келеке еткенмен, олар осы уақытша өмірді тастаған кезде ақиқатты білетін болады. Жетістік пен ұлылыққа апаратын жалғыз жол, біз үшін – бұл Алланың Ардақты Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, арқылы жіберген жолымен жүру, өйткені осы жол ғана жетістік пен құтылудың шынай кепілдігі болып табылады.

 Ұлылық — Исламда 

Кімде-кім Шариғат заңдарымен жүруді қатаң шешсе, дүниеден қадір мен құрметті алатын адам бар. Шынай ұлылық Исламды қабылдауда және онымен жүруде болып отыр, ал онымен журуден бас тартуда емес. Хазірет Омар Фаруқ, Алла оған разы болсын, былай деп айтқан: «Алла бізді Исламмен биіктетті (яғни, дәрежемізді көтерді). Егер біз Исламды тастасақ, Алла бізді төмендетеді (яғни, кемсітеді)». 

 Ол сақалдан да және жұмысқа тұру мүмкіндігінен айырылды 

 Менің бір үлкен туысым маған өте ғибрат аларлық оқиғаны айтты. Оның досы Лондонда тұрған, ол жақта жұмыс іздеп, сұхбаттасуға барады. Онда сақал бар еді, содан сұхбатты жүргізген адам бұл қызметке оның кандидатурасы қарастырылатын болады, егер ол сақал қыратын болса деп айтады. Ол көңілі қалып кетеді және бірнеше күн бойы басқа орындарға жұмысқа тұруға тырысады, бірақ сәтсіз болады. Ең соңында өз сақалынан құтылуды шешеді. Сақалын қырып, оның кандидатурасын қабылдамаған жұмыс орнына барады. Жұмыс беруші оның келуінің себебін сұрады. Ол өткен күні оны енді қырып тастаған сақалы үшін жұмысқа қабылдамағанын айтып жауап берді. Содан екеуінің арасында келесідей мазмұндағы сұхбат болды:

– Жұмыс беруші: «Сіз мұсылмансыз ба?»
– Ізденуші: «Иә!»
– Жұмыс беруші: «Сіз сақалмен жүруді міндетті немесе міндетті емес деп есептедіңіз бе?»
– Ізденуші: «Міндетті деп есептедім, сол себепті сақалда жүрдім»
– Жұмыс беруші: «Сіз сақалды Алланың бұйрығына бағынып өсірдіңіз, ал енді оны менің талабым бойынша қырып тастадыңыз. Бұл дегеніміз, сіздің Алланың алдында шынайы емес екендігіңізді көрсетті, кімде-кім Алланың алдында шынайы бола алмаса, онда ол өз бастығының алдында да шынайы бола алмайды. Сондықтан біз сізге енді жұмыс бере алмаймыз»

Ол сақалынан және жұмысқа тұру мүмкіндігінен айырылды.

Мұндағы мәселе сақалда емес, тәжірибеден көрінеді – әлдекім оны келеке ететіндіктен Алланың бұйрығына қарсы шықса, қағида бойынша осы өмірде де және келесі өмірде де зиянға ұшырайды. Мұндай әрекеттерде абай болып, сақтану керек.

Сондай-ақ бет жабық болуы керек 

Пурданың бұйрығы барлық дене, шашты қоса бастан аяққа дейін матамен, буркамен немесе кең көйлекпен жабылуы керек деп ұйғарады. Бетте пурдаға қатысты және ол да жабық болуы керек. Аятты түсіндіре келе: «يُدْنِينَ عَلَيْهِنَّ مِن جَلَـٰبِيبِهِنَّ» Хазірет Абдулла ибн Масғуд, Алла оған разы болсын, айтқан, оның уақытында әйелдер матаны барлығы жабық болатындай бетті қоса, денені айналдыра ораған, көзден басқа және бұл пурданы сақтаудың дұрыс әдісі. Дегенмен аса қажеттілік жағдайында бет пен қолды ашуға рұқсат етіледі. Бірақ бұл ерекше шарттарға арналған жұмсақтық; нағыз пурданың қандай екені жоғарыда айтылып кетті.

Жамылғы ер адамдардың ақылында 

Біз пурданың бұйрығын қысқаша айтып өттік. Пурда тазалық пен имандылықты сақтау үшін қажет. Ер адамдарға пурданы сақтауды бұйыруға міндетті, ал әйелдер өз кезегінде оны сақтауға талпыну міндеті жатады. Ең өкініштісі, кейбір жағдайда әйелдерде пурданы сақтау қалаулары бар, бірақ ер адамдар оған кедергі жасап, үйден пурдасыз шығуға мәжбүрлейді. Аллахабадтан шыққан Акбар (Үндістандағы қалалардың бірі) ер адамдардың мұндай қарым қатынасын екі шумақты өлеңде өте жақсы сипаттап берді (мағынасы):

Кеше мен бірнеше әйелді жамылғысыз көрдім. 
Акбар өз халқы үшін ұят сезіміне толып түсті. 
Сіздердің жамылғыларыңызға не болды дегеніме,
Жамылғы олардың күйеулерінің ақылын жапқан, деп олар жауап қатқан. 

Екі шумақты өлеңде айтылғандай, ер адамдардың ақыл-ой қабілеттіліктері әлсірегені соншалық, пурданы сақтауға оның өздері қарсылық көрсетуде. Алла бізді жаман ойлардан сақтасын және бізге Алламен және Оның Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, арқылы берілген үлгі бойынша біздің әлемді құруға және тиісінше өмір сүруге күш берсін. Әмин.


Авторы: Муфти Мұхаммад Тақи Усмани Ханафи (хафизахулла)

Дереккөз: darulfikr.ru
Аударған: darulahnaf.com