Пәтуәлар

Әшғари мен Матуриди мәзхабы арасындағы айырмашылық



Сұрақ: 

Әһли Сунна ақидасының Әшғари мен Матуриди екі мәзхабы арасындағы айырмашылықтарды атап өтсеңіз.

Жауап: 

Әссәләму Ғәлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху!

Алдымен айтарымыз, имам Әшғари мен имам Матуриди (адасқандар ойлағандай) дінге  (бидғат) жаңалық енгізбеді, олар тек Әһли Сунна (Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, және оның сахабаларынан бізге жеткен) ақидасын адасқандармен пікір таласта қорғап қалды. Ақидадағы осы екі мәзхабтың айырмашылығы негіздерге емес, тек екінші дәрежедегі мәселелерде ғана қатысты. Сондықтан Әшғари/Матуриди терминдері - бұл синонимдер, біреуін айтқан кезде екіншісін меңзейміз және керісінше. 

Әшғари мен Матуриди мәзхабы арасында 12 айырмашылық бар:

1) Алла Тағаланың әуелден Тәкуин (жарату) сипаты бар ма: 

Матуриди ақидасы бойынша Тəкуин сипаты Алла Тағалада əуелден бар болған сипаттарының бірі, 
ал Әшғарилер бұл сипатты жеке дара қарастырмайды, яғни Тəкуин сипаты - Алланың Құдіретімен Қалау сипаттарына кіріп кетеді. [1]

2) Сөйлеу (Кəлəм): 

Əшғарилер Алланың Сөзін есітуге болады дейді, 
ал Матуридилер Алланың Кəлəмін естуге болмайды деп санайды [2]

3) Алла Тағала «Хикмет» сипатымен сипаттала алады ма: 

Матуридилердің пікірінше Алла Тағала «Хикмет» сипатымен сипаттала алады, ол «білім немесе даналық» әлде «жаратудағы кемелділік» мағынасын білдірсе де, 
ал Əшғарилердің пікірінше «Хикмет» бұл «білім және даналыққа» қатысты болған мәңгі сипат деп есептейді. Егер хикметті «жаратудағы кемелділік» деп алса, онда бұл Алла Тағала бір нәрсе жаратқан кезде пайда болады, ендеше хикмет Аллаға қатысты бола алмайды. [3]

4) Алланың разылығы (рид`а) немен байланысты, бұл мәселедегі айырмашылық: 

Матуриди ақидасы бойынша жаратылыстардың Аллаға бойұсыну және бойсұнбауы Алланың қалауымен болады, дегенмен, Оған бойұсыну Оның қалауымен, əмірімен, тағдырымен һəм разылығымен болады. Бойұсынбау да Оның əмірімен, қалауымен, тағдырымен болады, бірақ разылығымен емес. 

Əшғарилердің пікірі бойынша Алланың разылығы (рид`а) жаратылыстардың барлық амалдарымен (бойұсынумен және бойсұнбаумен) байланысты. [4]

5) Таклиф (адамның міндеттері) қандай нәрселерге таралады – мүмкін болғанға немесе мүмкін болмағанға – пікірлердегі айырмашылық:

Матуриди ақидасы бойынша, Алла Тағала құлына оның мүмкіндігінен аса жүк артпайды.

Әшғарилердің пікірі бойынша, теориялық тұрғыдан (ақылға салғанда) Алла құлына ол көтере алмайтын жүк арта алады (бірақ бұл уахи бойынша мүмкін емес) [5]

6) Ақылымен таклифке (адамға міндеттелген парыздарға) жету мүмкін бе – пікірлердегі айырмашылық: 

Матуриди мәзхабы бойынша, тақлифқа қатысты кейбір мәселерде ақылмен жету мүмкін.

Әшғари мәзхабы бойынша, тақлифке адам ақылмен емес тек уахи арқылы ғана жете алады. [6]. 

(Бұдан қорытынды: әшғарилер надандықпен болған ширк адамға (егер оған Ислам жайында ілім жетпесе) кешірілу мүмкін деп санайды, матуридилер кез келген жайда адам ақылмен Жаратушының бірлігін танып Оған иман келтіру міндетті деп біледі, тіпті егер оған Ислам дағуаты жетпесе де) 

7) Бақыт (са`ада) пен бақытсыздық (шақауа) жөніндегі айырмашылық: 

Матуриди пікірі бойынша, бақытсыз адам ақыр аяғында ақыретте бақытты болып шыға алады және керісінше (яғни, бақытты дегеніміз - оған жəннəт, ал бақытсыз - оған тозақ әзірленген адамды білдіреді). 

Әшғарилердің пікірінше, адамның бақытты не бақытсыз болуы тек оның өлім ауызындағы халіне байланысты (иманда өлді ме əлде күпірде өлді ме) [7]

8) Күпірлік кешірілу мүмкін бе: 

Матуридилердің пікірі бойынша, ақыл және уахи тұрғысынан да күпірлік кешірілуі мүмкін емес. 

Әшғарилердің пікірінше, кәпірдің кешірілуі рационалды мүмкін болған нәрсе, бірақ уахи мәтіндеріне сәйкес бұл мүмкін емес. [8]

9) Мұсылман мəңгі тозақта, ал кəпір мəңгі жəннатқа түсуі мүмкін бе:

Матуридилердің айтуынша, мұсылманға мәңгі тозақ және кәпірге мәңгі жәннат – бұл ақыл тұрғысынан да, уахи тұрғысынан да мүмкін емес. 

Әшғарилердің айтуынша, теориялық ақыл тұрғыдан бұл мүмкін, бірақ уахи тұрғысынан бұл мүмкін емес. [9]

10) Затқа қатысты (исм) атау және (мусамма) атау не нәрсеге қатысты жайындағы айырмашылық:

Матуридилердің пікірінше, есім "исм" (اسم) жəне "мусамма" (مسمى) деп аталған зат екеуі бір нәрсе болып табылады. 

Әшғарилердің пікірінше, есім "исм" (اسم) жəне "мусамма" (مسمى) деп аталған зат екеуінде айырмашылық болуы мүмкін. [10]

11) Пайғамбар міндетті түрде ер адам болу керек пе: 

Матуридиттердің айтуынша, ер адам болу – бұл пайғамбарлықтың шарттарынан.

Әшғарилердің пікірі бойынша, пайғамбарлықтың шартына ер адам болу кірмейді [11] (яғни, олардың айтуынша теориялық тұрғыдан әйел адам да пайғамбар болар еді).

12) Адамның іс-әрекеті қалай аталуы мүмкін – осы мәселедегі айырмашылық: 

Матуридилердің пікірінше, тұлғаның әрекеті (фи`ль) иемдену (кəсб) деп аталады, олар жаратылыс деп аталмайды (өйткені адам әрекеттерін өзі жаратпайды тек иемденеді). Алланың іс-әрекеттері (фи`ль) жаратылыс (хальк) деп аталады, иемдену емес. Тілдік мағынада екі істі де фи`ль деп атауға болады болады. 

Әшғарилердің көқарасына сəйкес, фи`л сөзі (ақиқи мағынасында) тек Аллаға тиесілі. Жаратылыстың иемденген іс-əрекеттері фи`л деп тек ауыспалы мағынада аталуы мүмкін[12]

Алдын айтылғандай бұл айырмашылықтар тек екінші дәрежелік мәселелерге қатысты. Матуриди мен Әшғари мектептері Әһли Сунна уал Жамағаттың төлтума сенімі болып табылады.
 [1]
لأولى: قال الماتريدي: التكوين صفة أزلية قائمة بذات الله تعالى كجميع صفاته، وهو غير المكون ويتعلق بالمكون من العالم وكل جزء منه وقت وجوده، كما أنه إرادة الله أزلية تتعلق بالمرادات بوقت وجودها وكذا قدرته تعالى الأزلية مع مقدراتها. وقال الأشعري: إنها صفة حادثة غير قائمة بذات الله تعالى، وهي من الصفات الفعلية عنده لا منالصفات الأزلية. والصفات الفعلية كلها حادثة
كالتكوين والإيجاد ويتعلق وجود العالم بخطاب ُ كنْ. (مسائل الاختلافية بين الأشاعرة والماتريدية لابن كمال باشا ص 20 دار الفتح)

[2] 
المسألة الثانية: قال الماتريدي: كلام الله تعالى ليس بمسموع وإنما المسموع الدالُّ عليه. ونقل القاضي الباقلاني عن الأشعري : كلام الله غير مسموع على العادة الجارية، ولكن يجوز أن يسْمع الله تعالى من شاء من خلقه على خلاف قياس العادة من غير واسطة الحروف والصوت. (مسائل الاختلافية بين الأشاعرة والماتريدية لابن كمال باشا ص 27 دار الفتح)

[3]
 المسألة الثالثة: قال الماتريدي: صانع العالم موصوف بالحكمة سواءٌ كانت الحكمة، بمعنى العلم أو بمعنى الإحكام. وقال الأشعري: إن كانت الحكمة بمعنى العلم فهي صفة أزلية قائمة بذات الله تعالى، وإن كانت بمعنى الإحكام فهي صفة حادثٌة من قبيل التكوين، لا يوصف ذات الباري . (مسائل الاختلافية بين الأشاعرة والماتريدية لابن كمال باشا ص 30 دار الفتح)

[4]
 المسألة الرابعة: قال الماتريدي: إن الله تعالى يريد بجميع الكائنات جوهرًا أو عرضًا طاعة أو معصية، إلا أن الطاعة تقع بمشيئة الله تعالى وإرادته وقضائه وقدره ورضائه ومحبته وأمره، وأن المعصية تقع بمشيئة الله تعالى وإرادته وقضائه وقدره لا برضائه ومحبته وأمره. وقال الأشعري: إ ّ ن رضاء الله تعالى ومحبته شامل لجميع الكائنات كإرادته. (مسائل الاختلافية بين الأشاعرة والماتريدية لابن كمال باشا ص 35 دار الفتح)

[5]
 المسألة الخامسة: تكليف ما لا يطاق ليس بجائز عند الماتريدي، وتحميل ما لا يطاق عنده جائز. وكلاهما جائزان عند الأشعري. (مسائل الاختلافية بين الأشاعرة والماتريدية لابن كمال باشا ص 39 دار الفتح)

[6]
 المسألة السادسة: قال الماتريدي: بعض الأحكام المتعلقة بالتكليف معلوم بالعقل، لأن العقل آلٌة يدْرَك بها حسن بعض الأشياء وُقبحها، وبها يدْرك وجوب الإيمان وشكر المنعم، وإن المعرف والموجِبَ هو الله تعالى لكن بواسطة العقل . وقال الأشعري: لا يجب شيء ولا يحرم إلا بالشرع لا بالعقل . (مسائل الاختلافية بين الأشاعرة والماتريدية لابن كمال باشا ص 42 دار الفتح)

 [7]
 المسألة السابعة: قال الماتريدية: قد يسعد الشقي وقد يشقى السعيد. وقال الأشعري: لا اعتبار بالسعادة والشقاوة إلا عند الخاتمة والعاقبة. (مسائل الاختلافية بين الأشاعرة والماتريدية لابن كمال باشا ص 57 دار الفتح)

 [8]
 المسألة الثامنة: قال الماتريدي: العفو عن الكفر ليس بجائزٍ عقلا. وقال الأشعري: يجوز عقلا لا سمعًا. (مسائل الاختلافية بين الأشاعرة والماتريدية لابن كمال باشا ص 59 دار الفتح)

[9]
 المسألة التاسعة: قال الماتريدي: تخليد المؤمنين في النار وتخليد الكافرين في الجنة لا يجوز عقلا ولا سمعًا. وعند الأشعري يجوز عقلا وأما سمعًا فلا يجوز. (مسائل الاختلافية بين الأشاعرة والماتريدية لابن كمال باشا ص 63 دار الفتح)

[10]
 المسألة العاشرة: قال بعض الماتريدية: الاسم والمسمى واحد وقال الأشعري بالتغاير بينهما وبين التسمية. (مسائل الاختلافية بين الأشاعرة والماتريدية لابن كمال باشا ص 65 دار الفتح)

[11]
 المسألة الحادية عشرة: قال الماتريدي: الذكورة شرط في النبوة حتى لا يجوز أن يكون الأنثى نبياً وقال الأشعري ليست الذكورة شرطا فيها والأنوثة لا تنافيها (مسائل الاختلافية بين الأشاعرة والماتريدية لابن كمال باشا ص 70 دار الفتح)

[12]
 المسألة الثانية عشرة: قال الماتريدي: فعل العبد يسمى كسبًا لا خلقًا، وفعل الحق يسمى خلقًا لا كسبًا، والفعل يتناولهما. وقال الأشعري: الفعل عبارة عن الإيحاد حقيقة، وكسْب العبد يسمى فعلا بالمجاز (مسائل الاختلافية بين الأشاعرة والماتريدية لابن كمال باشا ص 74 دار الفتح)



Мауляна Фараз ибн Адам 
Дарул Ифта студенті, Лейстер, Ұлыбритания 
Тексеріп мақұлдаған: Муфти Ибрахим Десаи Ханафи

Дереккөз: azan.kz
Аударған: darulahnaf.com