Пәтуәлар

Неге әйел затына нағашы аға-інісімен еркін араласуына тиым салынады?


Сұрақ: 

Əссəлəму əлəйкум! Неліктен нағашы ағаммен сөйлесуге болмайды, егер біздің халқымызда нағашыларға үйленуге болмаса? (Алматы, Қазақстан)

Жауап: 

Аса Қамқор ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Әссәләму ғәлейкум уа рахматуллахи уа баракатуху!

Хиджабтың шарттары барлық сізге махрам болып саналмайтын адамдардың алдында орындалуы қажет. Махрам-бұл сізбен некесі өмір бойы жарамсыз болатын туыстар (əке/шеше,аға/əпке жəне т.б). Ал неке белгілі бір уақытта жарамды болатын адамдар махрам болып саналмайды.

Нағашы ағайындылар-əпкелер (ата-аналардын аға əпкелерінің балалары) махрамға жатпайды, себебі исламға сәйкес араларында неке мүмкін. Егер ұлттық салт-дəстүр олар арасындағы некеге жаман көзқараста болса, бұл осы некенің ислам шариғаты бойынша тыйым салынғандығы емес.

Қаншалықты дәрежеде өз салт-дəстүріңді құрметтеу жоғары болғанымен, ислам шариғатының оның алдында сатысы жоғары болады. Сол себепті егер салт-дəстүр мен ислам арасында қарама-қайшылықтар болатын болса, ислам заңдарын жоғары қоямыз.

Нағашы ағайынды-сіңілілер өзара махрам болмағандығына байланысты, олардың арасында неке жүреді. Соған орай оларға басқа бөтен адамдарға секілді хиджабтың барлық шарттары қолданылады. Сол себепті нағашы ағайынды-сіңілілерге араласуға жəне бір жерде бас қосып отыруға тыйым салынған. Жəне əйел адамға нағашы ағасы көзінше беті, қолы мен тобығынан басқа дене мүшелерін көрсетуге болмайды. Нағашы ағасына да сіңілісінің көзінше ашық киімде жүруге болмайды.

Егер нағашы ағайынды-сіңілілерге араласу қажет болса, онда хиджабтың барлық нормалары сақталып, жылы жүзбен сөйлесуге болмайды.

Алла жақсырақ білуші. Уассалам.

Муфти Сухайл Тармахомед
Пəтуалар орталығы (Сиэтл, АҚШ)

Дереккөз: askimam.ru
Аударған: darulahnaf.com

Комментариев нет