Пәтуәлар

Киімге қойылатын Ислам талаптары. 1-бөлім



Авторы: Муфти Мұхаммад Тақи Усмани 

Бүкіл мақтау Аллаға тән. Біз Оны мадақтаймыз, Одан көмек және кешірім сұраймыз, Оған сенеміз. Біз Одан амалымыздағы кемшіліктен және рухымызды жамандықтан пана сұраймыз. Ол тура жолға салғанды ешкім адастыра алмайды, Ол адастырған адамды ешкім тура жолға сала алмайды. 

Алладан басқа тәңір жоқ екендігіне куәлік етемін, Ол Алла серігі жоқ Жалғыз. Сонымен қатар, мен біздің мырза Мұхаммед Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Оның құлы және Елшісі екендігіне куәлік етемін. Құдіретті Алла оған, оның отбасына және сахабаларына мейірімін төксін, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын. 

Құранда: «Әй Адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін киім және сәндік-бұйым түсірдік. Негізінде тақуалық киімі жақсы» [Қр. `Араф 7/26 аят] 

  Кіріспе 

 Мен айтып кеткендей, Ислам өмірдің барлық жағын қамтиды. Бұл қоғамдық өмірдің және әрекеттің алып тастаусыз кез-келген бөлігіне қатысты. Киім де сол сияқты адам өмірінің маңызды белгісі болып табылады. Дәл солай, өйткені бұл мәселе Қасиетті Құранда және Сүннетте нақты қарастырылған. 

  Қазіргі заманғы насихат 

Қазіргі уақытта киім – бұл әрбір жеке елдің және қоғамның ерекшелігімен байланысты нәрсе деген ой белсенді түрде насихатталып жатыр. Сол себепті бұл мәселеде қандай да бір шектеу қоюға тырысудың қажеті жоқ, өйткені адамдар киімді өзінің айналасына және өзіне ұнатқанына сәйкес таңдайды. Адамдарға Исламдағы барлық шектеулер дін басыларымен енгізілген деп жиі сендіріп жатады, шындығында Құдіретті Алла Тағала мен Оның Пайғамбары, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, дінге ешқандай шектеулерді енгізбеген. Бұл молдалар қарапайым және жеңіл Ислам дініне өз шектеулері мен тыйымдарын кіргізген. Оның үстіне өздерінің алысқа көздері жетпеушіліктерінен бір тыйымды теріске шығарып, басқасын қабылдайды, алайда киімнің әрбір түрінің өзіндік мәні бар. 

Ақиқатында, киімге қатысты мәселе жәй нәрсе емес екенін ескеру керек. Адам дініне, оның жүріс-тұрысына, оның өмірі мен мінезіне кері әсер етпейтін киімді таңдау үшін, өзіне ұнайтын киімнің сол стилін жәй ғана таңдай алмайды. Шариғатпен бекітілген бұл дәлелді психолог-ғалымдарда растайды – расымен киімнің стилі адамның жүріс-тұрысы мен өмір салтына әсер етеді. Киім – бұл бірге тігілген матаның бірнеше бөлігі емес. Бұл көзқарасқа, менталитетке және адамның сезіміне әсер ететін күшті нәрсе. 

  Халифа Омармен, Алла оған разы болсын, болған жағдай 

Халифа Омар, Алла оған разы болсын, жайында мынадай оқиға айтылады. Бір күні ол Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мешітіне хұтба оқу үшін келеді. Оның үстінде әдемі көйлек болатын. Хұтбадан кейін үйіне қайтып келе жатып, ол бірден бұл киімді енді кимеймін, себебі ол (басқаның үстінен) менмендік пен тәкаппарлық сезімін оятады деп басқа жерге алып қояды. Алайда, ол киімнің өзінде тыйым салынған және заңды ештеңе болмаған. Құдіретті Алла Тағала таза жүрек нәсіп еткен адам, өз ішкі жан дүниесіндегі кішкене болса да кемшілікті сезетін болған. Мұны барлық жері ластанған киімді мысал ретінде көрсетуге болады. Егер онда тағы да, қандай да бір дақ пайда болса, біз одан бәрібір айырмашылық көрмейміз. Біздің ішкі жан дүниеміз сансыз күнәнің дақтарына толы киімді еске салады. Сол себепті, біз күнәлармен қарайған жүрекпен оны сезіне алмаймыз. Бұған қарама-қарсы тақуаның жүрегі - кіршіксіз тап-таза матаға ұқсайды. Сондықтан ол өзіндегі әрбір кішкентай күнәні болса да бірден сезеді. Халифа Омармен, Алла оған разы болсын, болған жағдай киімнің стилі расымен жүріс-тұрысқа және сезімге әсер ететінін көрсетеді. Сол үшін киімді таңдау маңызын түсініп, бұл мәселеде Шариғаттың бұйрығына бағыну керек.

  Тағы бір қазіргі заманғы насихат 

Діннің бұйрықтары тәнге де жанға бірдей қолданылатын есте сақтаңыздар, олар біздің өміріміздің ішкі жан дүниесіне қолданылғандай, сыртқы өмірімізге де қолданылады. 

 Құранда: «Күнәнің көрнеуін де көмесін де тастаңдар. Күдіксіз күнә істегендер, істегендері себепті жазаландырады» [Қр. Əн`ам 6/120 аят] 

 Құдіретті Алла Тағала Өз құлдарына көмескі және анық күнәларды тастауды бұйырып отыр. Адам өмірінің ішкі жан дүниесі сыртқы жан дүниесімен байланысты емес деп бекітетін қазіргі заманғы насихат – шайтанның өтірігі екенін түсіну керек. Сыртқы жақ бұзылса, ішкі жақта бұзылатынын есте сақтаңыздар. Адам өмірінің сыртқы жағының дұрыстығы ішкі жағының дұрыстығына тәуелді. 

  Жақсы мысал 

Тақуаның бірі өзінің бекітуін түсіндіруде мына мысалды келтіруді ұнатқан. Жемістер іштен шіріген кезде, осы шірудің салдары сыртқы жағында көріксіз дақ болып көрінеді. Егер жемістер іштен шірімесе, сыртқы жағы дәл солай әдемі болып қалады. Дәл сол сияқты біздің сыртқы өміріміздегі қандай да бір қателіктер ішкі өміріміздегі қателіктерді айғақтайды. Сол себепті, біздің өміріміздің ішкі жағы сыртқы жағымызда болып жатқанға тәуелсіз, жақсы қалыпта болады деп бекіту дұрыс емес. 

Адамдар дүниелік істерде сыртқы жақтың жақсаруына назар аударады. Олар пендешілік өмірлеріндегі ішкі және сыртқы жақты жақсарту үшін, осының қамын көп ойлайды. Сондықтан діни өмірге қатысты мәселелерде өмірдің сыртқы жағын жақсартуда қажеттілік жоқ деу қарама-қайшы бекіту болады. 

Міне сіздерге мысал. Сіз үй салып жатқанда, оның негізгі бөлігін тұрғызасыз, қабырғаларды шатырмен жабасыз, сосын қабырғаларды бояйсыз. Үйді әдемі ету үшін, қабырғалар да, есік пен үйдің терезесі сияқты безендіреді. Сіз үйдің ішкі жағы берік жасалған болып табылады, енді оның сыртқы жағын безендірудің еш қажеттілігі жоқ деп айтпайсыз ғой. Сіздің үйіңізге немесе машинаңызға қатысты нәрселерде, оның ішкі жағындағы дұрыстықты қанағат етпейсіз, сіз оның сыртқы жағын безендіруге көп күш жұмсайсыз. Егер ішкі діни өміріңіз сіз айтқандай дұрыс және дені сау болып табылса, онда дінге қатысты осындай қағиданы неге қолдануды қаламайсыз, сіздің ойыңызша оның сыртқы жағын ойлаудың еш қажеті жоқ па?! 

 Шайтанның өтіріктері 

Біздің өміріміздің ішкі жағы дұрыс болғанда, сыртқы жағын ойлаудың еш қажеті жоқ деген тұжырым – бұл шайтанның өтірігі. Өміріміздің ішкі жағының сапасын жақсарту үшін, оның сыртқы жағын дұрыс қалыптастыру керек. Жақсартуды талап ететін өмірдің сыртқы жағы сіздің киіміңізден, тамағыңыздан, жүріс-тұрыс пен қоғамдағы тәртіптен тұрады. Олардың дұрыстығы өміріңіздің, яғни жаныңыздың ішкі жағының дұрыстығына қатысты. 

Бұл мәселені ойламайтын адам дінді дәл түсіне алмайды. Егер бұл мәселелер мына бейхабар адамдар жобалағандай маңызды болмаса, онда Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, киімге қатысты мұнша көп нұсқау бермес еді. Түптеп келгенде ол осы сияқты мәселелер тұрғысындағы өзінің нұсқауларын, жолдан таюы мүмкін адамдарға қалдырған. 

Сол себепті Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, осы бағалы қағидаларын және нұсқауларын тыңдап, бойсұну керек. 

Шариғат бізге нақты бір киім үлгісі мен стилін бұйырмайды. Ислам Шариғаты киімнің стиліне қатыстыларға өте бірқалыпты. Бізге барлық мұсылмандарға қолданылуы керек киімнің белгілі бір түрі бұйырылмаған. Киімнің бұйырылған түрін елемеу, Исламға қарсы шығу болар еді. 

Дін адам табиғатының өзінен бола тұра, Ислам – адам киіп жүрген киімнің стилі елдер мен әртүрлі өңірлер қажеттілігіне және салтына, мезгіліне, климат жағдайларына байланысты әртүрлі орында ерекшелену мүмкіндігін жіберіп отыр. Алайда Ислам, жақсы ұғып алуды және қатал ұстануды қажет ететін, киімге қатысты бірнеше негізгі қағидаларды ғана бұйырды. 

  Мұсылмандарға арналған киімнің негізгі төрт қағидасы 

Аллах Тағала Құранда айтады: «Әй адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін киім және сәндік бұйым түсірдік. Негізінде тақуалық киімі жақсы». [Қр. `Араф 7/26 аят] 

Құдіретті Алла Тағала бұл үш сөйлемді көп мағынада берді 

 Осы аятта қозғалатын негізгі бірінші қағида - киім дененің ұятты жерлерін жабуы керек. «Аурат» – араб сөзі дененің ашқан кезде ұятты сезінетін бөліктерін білдіреді. Осылайша, киімнің негізгі мақсаты – әуретті жасыру. Алла Тағала ер адам мен әйелге арналған бірнеше дене бөліктерін «аурат» сөзімен сипаттады – яғни оларды бөтен көздерден жасыру керек. Ер адамның әуреті (жасыру керек болатын дене бөліктері) – бұл тізе мен кіндік арасында орналасқан дене бөліктері. Бұл дене бөліктерін медициналық қаралу (немесе емделу) кезіндегі қажеттіліктен басқа жағдайларда ашуға тыйым салынған. Әйелге қатысты келсек, олар үшін әурет – қолдан білекке дейін және беттен басқа жердің барлығы. Әйелге кез-келген денені (осы бөліктерден) ашуға тыйым салынған. Осылайша, киімнің негізгі мақсаты, шариғат жасыру керек деп бұйырған дененің бөліктерін жабудан тұрады. Осы талаптарды қанағаттандырмайтын киім, Шариғатқа сай киім деп мақұлданбайды. Дұрысын айтқанда ол мүлдем киім емес. 

  Киімнің үш кемшілігі 

 «Киім» түсінігіне қатысты киім негізгі қағидаға сәйкес келмейтін үш сәт келтіріледі (шариғатта): 

1) Киімнің қысқа болғаны соншалық, әуреттің бір бөлігі ашық қалады; 
2) Киім әуретті жабатындай жеткілікті кең, бірақ жұқа болғаны соншалық жасырын тұрған денені сол арқылы көруге болады; 
3) Киім сондай жабысқан, ол арқылы дене бөліктері мен сұлбасын көру оңай, бұл сондай-ақ әуретті жабу ережелерін бұзады. 

Осылайша әурет (жасырылған бөліктер) жерлері көрінбеуі үшін денені тығыз матамен жабу керек. Сондай-ақ киім жабысып тұрмауы керек, алайда тұлғасы, сұлбасы және денесін толық жасыру үшін жеткілікті кең болуы керек. Дәл сондай үш қағида әйелдің киіміне де қолданылуы керек. 

  Қазіргі жалаңаштанған киім 

Қазіргі заманғы сән киімнің мақсатын толықтай бұрмалады. Киімнің бүгінгі жартылай жалаңаш бұйымдары ер адамдардың да және әйелдердің де ортасында (кейбір бөліктерді ашық, ал кейбірін көзге көрінетіндей, яғни дененің қай жері жабылғанын, қай жері көзге анық көрінетіні түсініксіз) тараған. Киімнің осындай қызықты бұйымдары шариғатпен киім деп мойындалмайды. Әдемі бірақ басқалар үшін оның фигурасының сұлбасын көрінетіндей етіп және жабысып тұратын бұйымдарды киетін әйелдер бар. 

 Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мұндай әйелдер жайында айтқан:

«Әйелдер болады, жалаңаштанған және сол уақытта киінген болады». [Қр. Муслим «Сахих»] 

Осындай киімдерді киіп, адамдар Құдіретті Алланың киімге белгілеген негізгі мақсатын ұстанбайды. Осындай үрдіс қазіргі күні әйелдер арасында індет тәрізді таралып кетті, ал ұят пен ибалылық өз мәндерін жоғалтты. Киімнің бұйымдары кәсіби дизайнерлермен әуретті жасырудың орнына, әйелдерге денелерін жалаңаштау үшін жасалды. 

Біз Аллах үшін тым болмағанда өз үйімізде осындай киімдерге тыйым салуымыз керек, себебі Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, нұсқаулары бұзылатын болады. Алла Тағала Өзінің Мейірімділігімен бізде осындай сезімдерді бекітсін. Әмин. 

  Әйелдер өз денелерін жасыру керек 

Сирек жұма біздің құрметті Абдул Хай Сахиб доктордың, біздің назарымызды осы мәселенің маңыздылығына тартуға арналған, осы тақырыпта бірдеңе айтуымен өтетін. Ол жалпыға бірдей сән болған бақытсыздықты тоқтату үшін бірдеңе жасауымызға шақырады. Әйелдер көпшілік шараларға және кездесулерге ашық баспен, қолмен, кеуде және ішпен барады. Денені жасыру туралы бұйрық ер адамға басқа ер адам алдында әуретін ашуға тыйым салуды орнатады. Сол сияқты әйелге де басқа әйел алдында әуретін ашуға тыйым салынған. Мысалға, әйел басқа әйел алдында ашық кеуде, іш және қолмен және т.б. шығуына болмайды, оған қоса ер адам алдында ол үшін жартылай жалаңаштанып шығуы мүмкін емес. Дененің бұл бөліктері жасыру керек бұйрықтарына жатады. 

  Күнәнің зиянды салдары 

Қазіргі күнгі үйлену тойына бара қалсаң болғаны, ол жақта не болып жатқанына өзіңіз көз жеткізесіз. Бұл шарада әйелдер ер адамдар алдында қандай да бір ауытқусыз, күдік пен ұятсыз жартылай ашық орамалмен шығады. Мұндай жүріспен Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, нұсқауын ашықтан-ашық жаратпай, тек Алланың лағынеті мен ашуын тудырады. Біз әр күні айналамызда көріп жүрген тәртіпсіздік, өлім, ұрлық Алла Тағалаға сыйынбаудан және осындай күнәлардан болып жатыр. 

Құранда: «Бастарыңа келген бір ауыршылық, қолекі істегендіріңің салдарынан болады. Және де Алла көбін кешіп жібереді». [Қр. Шруа 42/30 аят.] 

Осылайша, біз шынайы өтінішпен осы күнәлардан және кемістіктен, тым болмаса өз үйлеріңізде жоюды сұраймыз. 

Жалғасы бар ин ша Алла ....

Дереккөз: darulfikr.ru
Аударған: darulahnaf.com