Пәтуәлар

Ереже ме, күрделі мәселе ме? Күмәндарға жауап.


Ислам мен мұсылмандар әлсіз кезіндегі "хусну зонн" жайында 

Шейхул-Ислам Мустафа Сабридің (Алла оны рақым етсін) жүрегіме жұбаныш, жеңілдік болған бірнеше сөздерін [1] оқып қалдым. Себебі, адамдардың ридда жайлы қойып жатқан сұрақтары (асктен-ақ белгілі) тым көп жəне маған бұған кінəлі мен екенімді, бұл "сұрақты" көтергенімнің айып болғанын айтатындар да жоқ емес.

Жалпы, көпшіліктің сөзі дəлел емес, əрине. Бірақ қанша дегенмен, негативті əсерін тигізбей қоймайды екен. Мен (darulfikr.ru) сайтының ең үлкен жасаған игі істерінің бірі - бұл осы мəселені көтергені деп санағанмын жəне солай санаймын да, ридданың үш түрі болатыны жайлы, сөз жəне амал күпірлігінде ниеттің болуы шарт еместігі жайлы, т.с.с. Ал сүннет жамағатының көпшілігі бұны қабыл ете алған жоқ. Оларға жүректегі ниет бəрінен маңызды болды, яғни: ол Құранды қоқысқа тастады ма - Құранды келемеждеу ниетінде болуы шарт, пұтқа сəжде жасады ма - құлшылық ниетінде болуы тиіс, Исламға, Аллаға (Субхана уа Тағала) немесе Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөз тигізді ме - Исламнан шығу ниетінде болуы тиіс. Айтатындары: “сен жүрегіндегінің не екендігін білмейсің ғой!”.

Ютуб желісінде тіпті егер біреу өзінің атеист екендігін айтатын болса, "мен оған такфир шығармаймын, мүмкін ол жай қалжыңдап айта салған шығар, мүмкін өзінің не деп жүргенін өзі білмейтін шығар" дейтін азхарлық шейхтардың видеожазбалары тарап жүр. Яғни, бұл мəселеде сүннет жамағатының ахуалы қазір осындай.

Ал әшғари матуридилерден бұл мəселені көтерген жалғыз жамағат - хабашилер болды. Бірақ, олардың жай бəдік екендігін ескерсек, олар мұның бəрін циркке айналдырып жіберді. «Рақымды» - демек сен Алланың “жүрегі” бар деп жатырсың, демек сен кəпірсің; «Құдай ұмытқан ел» - сен Алланы “ұмытады” деп жатырсың, сен кəпірсің. Яғни, бұл мəселе түгел бос сөз болып кетті, сүннет жамағатының бұл мəселеден бет бұра бастауының бір себебі осы болса керек жəне бəрі бұл мəселені тек хабашилер көтереді деп ойлайды.

Шындығында, бұл олай емес, бұл өтірік. Кез-келген фиқһ кітабында ридда бабын ашып көруге болады, сол жерде күпірліктің үш түрлі болатындығы айқын жазылған: ниетпен, сөзбен жəне амалмен. Яғни, егер əлдекім Алланы (Субхана уа Тағала) жамандаса, Пайғамбарды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөксе, Исламды қор етсе, діннің үстінен күлсе жəне ол мукəлляф (ақыл-есі бүтін, өзінің айтқанын түсінетін) болса, таклифтің барлық шарттары ұйқасатын болса, онда ол еш күмəнсіз іштей де, сырттай да кəпір болады.

Өз кезінде, бұл мəселе менің ұстаздарымнан түгел түсіндіруін таппаған мəселелерімнің бірі болатын. Бірақ, бұл бір емес, екі емес, барлық кітаптарда жазылғандығын мойындау, ибн Хажар əл-Хайтамидің кітаптарын, Мулла Əли əл-Қари әл-Ханафидің кітаптарын оқу арқылы бұл ең түзу көзқарас екендігін ұқтым. Сонан соң, Имам Кашмиридің «Мулхидин» кітабы - маған дарурияттарда үзір болмайтындығын айқын түсіндіріп кетті жəне бұл мəселеде басқа позицияның болуы мүмкін емес. Сəйкесінше, біз сол уақыттарда күпірліктің үш түрлі болатыны жəне одан сақтану керектігі жайлы мақалаларды шығара бастадық. Біраз уақыт өткен соң, уəсуəстардың толқыны көтеріле бастады: “мен былай деген едім”, “мен олай деген едім”, “мен өзіме күмəнданамын” т.с.с.

Адамдардың табиғаты осындай: біреуде психикалық ауытқулар бар, тіпті дəрет немесе талақ мəселесінде болсын. Адамдарда осындай уəсуəсалар болады: біреулер аузына сөйлемеу үшін тас салып алса, ал енді біреулердің қайғысы ондай дəрежеде емес жəне бұл мəселенің өзіне назар аудартпай қоймайтын бір салдары.

Ал Шейх Мустафа Сабридің (Алла оны рақым етсін) мына сөздері мені, əрине, біраз қуаттап қойды. Ол кісі, мына «хусну-занн» (ақтау іздеудің) бəрі тек ридда үшін қазының шешімімен бас алынатын кезде ғана іске асатынын жазады. Əрине бұл кезде аса ұқыптылық қажет, себебі бұл жерде əңгіме адамның өмірі, мал-дүниесі туралы кетіп жатыр жəне тәуил (болса) жасалуы қажет. Бірақ мұның барлығы Ислам билігін жүргізіп отырған мемлекетте ғана жасалады. Ал билік шариғат бойынша жүргізілмейтін елде мұндай үзір (ақтау) жүрмейтіндігін жазады.

Ал Ислам əлсіз ахуалда тұрған жерде, бұл мəселелерде үзір іздеу - бұл Исламның құлдырауына көмек беру деп түсіндіреді Шейхул-Ислам Мустафа Сабри. Сондықтан, ешқандай үзір жоқ, үзір болуы мүмкін де емес, себебі ондай адамдар - Исламның тамырына балта шабушылар.

Біріншіден, егер ол мұны надандықпен жасаса - онда ол өз ахиретіне балта шапқаны, себебі, күпірліктің бұл үш түрін жасаған адам мукалляф болса, онда бұл оның мəңгі тозақта қалатынын білдіреді. Егер біз бұны ескерткеніміздің салдары адамдардың уəсуəсқа түсуі болса, онда біз бұған шыдауымыз, сабыр қылуымыз керек. Есесіне, қаншама адам тозақтан құтылып қалуына себеп, өйткені адам жай қалжыңдап Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жайлы немесе Алла (Субхана уа Тағала) жайлы анекдот айтты. Бұл көптеген қазіргі жəхилдердің ісі, күпірлікке түскенін өзі білмегенімен қоса, ұмытып та кетіп жатады. Бірақ фуқаха айтады: “Жоқ!”. Егер сен күпірлік жасасаң, сен тəубе етіп, Исламды қайта қабыл етуің қажет. Бұл əхкəмдар біз қаласақ та, қаламасақ та, байқамаған кейіп танытсақ та - мұнымен ештеңе өзгермейді.

Бұл əхкəмдар бізге ондай адамдардың мəңгілік тозаққа кетіп жатқандығынан хабар береді. Бұл əууəмға қатысты мəселе. Ал Имам Мустафа Сабри, əрине, əууəм туралы емес, кітап жазғандар жайлы, яғни азхарлық "шейхтар" жайлы, сол кездегі олардан мұғжизаларды жоққа шығарғандар жайлы, қайта тірілуі, Алланың Ілімін жəне Оның бар екендігін объективті түрде дəлелдеу мүмкін еместігін, сол сияқты дурураттарды жоққа шығарған, Исаның (Алланың оған сəлемі болсын) келуі жəне оның көтерілуін жоққа шығарғандар жайлы жазады.

Ол кісі мұндай адамдарға такфир шығармауды - Ислам тамырына балта шабумен қатар, Ислам жауларына көмектесу екендігін айтады. Мұндай адамдарға ешқандай үзір жоқ. Себебі, адамның мал-жанын сақтап жатсаң, оның жөні бір бөлек, ал дініңді қор етіп жатқан адамды қорғаштауың ол мүлдем басқа. Егер жиырмасыншы ғасырдың басында бұлардың нүктесі қойылып қойса, қазіргі көптеген фитналардан қашуға мүмкін болар еді. Орынсыз “хусну-занн”-ның кесірінен, тәуил жоқ жерде, тәуил жасағанның кесірінен, қадианилер көбейіп кетті. Егер оларға дереу куффар деп үкім шығарылғанда еді - олар көбейіп те үлгермес еді. Дəл солай басқа ағымдарға да қатысты, егер оларға үкім шығарылғанда олар таралмас еді.

Сондықтан, Әлхəмдулиллаһ, бұл манхаждың дұрыстығын тағыда көруім. Яғни, қате біреу бір үкімді орындап жүрсе, онда ол үкімнің өзінің қате екенін білмейді. Егер біреу намазды беймұқият оқыса, онда ол қайта оқу керектігін білдірмейді. Егер біреу садақаны риямен берсе, онда ол садақаны ықылыспен бермеу керектігін білдірмейді. Дəл сол сияқты, егер хабашилер мен уаххабилердікі қате болса, қағиданың өзінің қате екендігін білдірмейді. Мұнда тек түсіну керек, егер фиқһтан бір бабты түгелімен алып тастау керек болса, неге өзге біреу келіп тағы бір бабты алып тастамаймыз деп айтады? Мысалы, біреу келіп худуд керек емес, бұл қайтарылған деп айтса, басқа біреу келіп басқа бір əхкəмді қайтарса!?

Мұнда тек анық түсіну қажет, шариғаттағы бір бүтін бабқа тәуил жасау, “бабул-муртад”, “əхкəмул-муртад” сияқты, “ол жерде бұл меңзелмеген”, “бұны ескермеу қажет” - деп, бұл ереже мүлде жоқ сияқты... Бұл фиқһтың бір бүтін бабы ғой, сен ескермеймін дейсің! Ал онда неге фиқһтың басқа бабын тастап жіберу мүмкін емес?

Біреулерге бұл тым қатал көрінуі мүмкін. Бұл ислам фиқһының ақиқатына күмəн ашады. Егер біреуге бұл ереже дұрыс емес, қазіргі күнде өзекті мəселе емес сияқты болып көрінсе, бұл бізге жетпеген фиқһтың тадуиніне жол ашады. Неге онда намаздың əхкəмдары дұрыс!? Егер бұл баб “қате” болса!? Неге ораза бабы дұрыс!? Егер бұл баб “қате” болса!? Бұл тек Имам Шафии мен Имам Əбу Ханифаның (Алла оларды рақым етсін) ұстанымы ғана емес, бүкіл төрт мəзхаб бұл мəселеде бір ұстанымда. Бұл жерде ешқандай хиляф жоқ. Күпірліктің үш түрлі болатынында, егер біреу Алланы (Субхана уа Тағала), Оның Пайғамбарын (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жамандайтын болса немесе мусхафтың үстінен күлетін болса - онда ол кəпір жəне мушрик. Мұнда ешқандай күмəн жоқ. Дүниеде де, ахиретте де және оның ниеті маңызды емес. Ия, егер адамның ақыл-есі бүтін болмаса, өзі айтып тұрғанын түсінбейтін болса, онда оған әлбетте жауапты емес. Ол бұл істі істеп жатқанда мукалляф болуы тиіс. Бірақ егер, əхкəмдар, шуруттар тарқаса, онда оған ешқандай үзір жоқ. Бұл жерде мəзхəбтар бөлінбейді. Бұл - Ислам.

Сондықтан да, Имам Ибн Абидин бұл мəселеден бізді ерекше сақтандырған. Және "Иаанату Талиибиннің" де басында осы келеді. Демек, бұл мəселеде сақтандырудың маңыздылығы аса зор екендігін ұқтыруымыз қажет. Ибн Хажар əл-Хайтами осы себеппен Мустафа Сабридің айтқанындай жазады: «Ислам өзін мазақ етуді қабыл етпейді. Ислам өзіне истихфафты қабыл етпейді. Ислам өзіне мұндай қарым-қатынасты құптамайды. Ал егер, адам Исламның үстінен күлсе - жеткілікті. Демек, “оның оған қатысы жоқ”. Ол діннен лақтырылады». Мұнда шейх осындай балаға мен истиғара қолданған - “демек, Ислам оны қабыл етпейді, оны лақтырады - ол өзі діннен шығады”.

Сондықтан, əрине, бұл біздің туыстарымыз немесе жақындарымыз үшін қиын əхкəмдар. Əрине, мұның бəрін бақылау өте қиын. Бірақ, бұл - ақиқат. Біздің ақиқатты басқаша көргіміз келгендіктен, ақиқат өзгеріп кетпейді. Бұл əхкəмдар тозаққа мәнгі кіріп, одан шығу құқығынсыз қалатындарға қатысты. Ешқашан. Себебі, ол кəпір, муртад ахуалда өлді. Ол жерден шығу мүмкіндігі ол адамда мүлде болмайды. Бұл намаз оқымайтын, арақ ішетін адам емес. Жоқ. Жеткілікті. Болды. Мəңгі тозақ. Сондықтан, бұл мəселеден артық қандай мəселе болуы мүмкін!?

Бірақ, өкінішке орай, көптеген дәстүрлі имамдар бұл мəселені көтергісі келмейді, адамдарды бұған үйреткісі келмейді, айтатындары: “мұсылманды такфирге шығаруға болмайды” т.с.с. “Мұнда мұсылманның намысы жатыр”... Сонымен, барлық мəселе такфирдегі улювта сияқты. Бұл жалпы, дұрыс. Бірақ мəселенің басқа жағын ұмытуға болмайды: адамдардың дін үстінен қалай күліп жатқандығы, Алла жайында, Пайғамбар жайында анекдоттар айта алуы, тағы сол сияқты ешқандай үзірді қабыл етпейтін дүниелер өте көп. Адам бұның Исламнан екендігін немесе еместігін біліп-білмеуі мүмкін, мұнда үзір бар шығар, Бұл "ілім-надандық" білу не білмеу сұрағы. Бірақ истихза (Исламның үстінен күлу) бұл мəселеде қандай үзір болуы мүмкін? Бұл жерде ешқандай үзірдің болуы мүмкін емес.

Сондықтан, Шейхул-Ислам Мустафа Сабридің бұл сөздері үлкен қолдау, Әлхəмдулиллаһ жəне біз бұл мəселені көтеру аясын дұрыс бастағанымызды түсіну. Ал психикалық ауытқудан туындайтын сұрақтарға келсек... Сабырмен жауап беруге тура келеді. Басқа жол жоқ.

Алла бізге тауфиқ берсін.

Әбу Әли әл-Әшғари әл-Ханафи




[1]
                                                                                                                        قال شيخ الإسلام مصطفى صبري 

 حسن الظن بالمسلمين و ترجيح الاحتمال الواحد على تسعة و تسعين احتمالا إذا كان الواحد ينجيهم من الكفر و تعليقُ الحكم به على اتفاق الفقهاء و أمثال ذلك من الوصايا الفقهية الموجبة لالأخذ بالتساهل و الكفّ عن التشديد في مسائل الكفر و الإيمان، فتلك أحكام الإسلام المدنية السمحة التي ينبغي أن يعمل بها في الأزمنة و الحالات الطبيعية و في أزمنة قوة الإسلام و عدم الخوف عليه من أعدائه، ففي تلك الأزمنة كان يُخاف على حياة الذي تحس منهم أمارات الإعراض عن الإسلام، بدلا من أن يخاف على حياة الإسلام نفسه. فكان يخفف عنهم في الحكم رحمة بهم و الآن قد تجرأ أعداء الإسلام في داخل بلاده و عقر دياره على إعلان الحرب ضده و انقلب حديث حسن الظن بالمسلم إلى حسن الظن بعدو الإسلام! يحق لي أن أقول للعلماء الغافلين المتجاهلين لهول الموقف و خطورته الذي يُغضب الحليم و يوقظ النائم و يستفز الغيور، كما نرى الدول المراعية لقواعد الحرية و المتأدبة بلطف المدنية تأخذ حِذرها في زمن الحرب و الخطر على كيانها و تعمل بكل حزم و شدة .... و الآن يحق لي أن يقول لهؤلاء العلماء : ألا فارحموا الإسلام و لا ترحموا أعداءه و لا تستخرجوا من أحكامه و قوانينه نصيرا و ظهيرا لأعدائه و لا تجعلوا الإسلام دين غفلة و غباء و حمق يرحم أعداءه الذين لا يرحمونه....

 موقف العقل 4/257

Шейхул Ислам Мустафа Сабри (әл-Матуриди әл-Ханафи, Осман халифатының ең соңғы Шейхул Исламы) Алла оны рақым етсін, айтты:

"Мұсылмандар жайлы жақсы ойда болу, мұсылманды күпірлік үкімінен сақтайтын бір мүмкіндікті ғана пайдалану, қалған тоқсан тоғызы ғалымдардың назарынан шығуы, сондай-ақ фиқһтың иман мен күпірлік мəселесінде ең жеңіл (қауіпсіз) жолды пайдалану жəне қаталдықтан сақтануды таңдау сияқты басқа да өсиеттері - мұның бəрі жоғары дəрежедегі өркениетті ислам заңнамалары, тек Исламның күш пен қуаты толып тұрғанда (шариғат толық орнап тұрғанда), барлық істе басшылық етіп тұрғанда жəне Ислам дұшпандарынан қорқыныш жоқ кезде ғана қолданылады.

Тек осы (тыныштық пен əл-ауқат) кездеңдерде ғана Исламды немқұрай қараған адам өміріне жан ашырлық таныту - Ислам дінінің өзіне тікелей қауіп жоқ кезде, ақылға қонымды іс.

Бұл тыныштық пен бейбіттік кезінде (исламға ешқандай қауіп-қатер жоқ кезде) діннің мейіріммен мұсылманды такфирге шығармайтын ең жеңіл үкімдері қолданылуы мүмкін болатын. Дегенмен, бүгінгі күнде ислам дұшпандары Исламға соғыс ашып, түзу Ислам аймағына шабуыл жасаудан таймайды. Мұндай жағдайда мұсылмандар жайлы жақсы пікірде болу - негізінен ислам дұшпандары жайлы жақсы пікірде болуды білдіреді.

Сондықтан, мен қазіргі қорқыныш пен қауіптен момынды ашулантыратын, ұйқыдағыны оятатын, (дін) жанашырын тұрғызатын жағдайда бейқамдық пен ештеңе болмай жатқандай кейіп танытып жүрген ғалымдарға сөз айтуыма толық құқығым бар. Біз өз-көзімізбен анық қалай мемлекеттердің бостандық күзетінде тұрып, өздерін өркениеттелген деп сипаттап, соғыс кезінде жауыздық соққысын беретін, олардың бар жəне тыныш кезінде бізге қауіп төнетінін бақылап тұрмыз.

Сонымен, мен қазір сондай ғалымдарға қарата айтқым келеді:

Исламға мейірім танытыңыздар, оның дұшпандарына емес! Оларға исламды бұзуда жəрдем беретін заң шығаруды доғарыңыздар жəне исламды өзінің дұшпандарына, тіпті оны өздері қаламаса да мейірім ететін ұқыпсыздық пен ақымақтық діні етіп көрсетпеңіздер!" 

Қр: Мустафа Сабри «Маукифул-Ақл уа Ильм уәл-Әлим мин Раббил ғаләмин уа Ибадихи Мурсалин» 4/257  [ мақаланы дайындауда көмек көрсеткен Махди Шамсуддин Ханафи ]


Дереккөз: t.me/abualiashari
Дайындаған: darulahnaf.com





Комментариев нет