Пәтуәлар

Мұсылмандардың құлдырауы және олардың ең жалғыз амалы. 1-бөлім



АВТОРДАН 

 Менің қымбатты болған ұстазым Мәулана Мұхаммад, Алла оны рақым етсін, ерекше талпыныс арқасында, исламның ұлы болған тұлғалары және үмметтің басқа да ғалымдарының және олардың еңбектерінің арқасында, білім иелері хабар болғандай, кейіннен бері дінді жеткізуде ерекше жұмыстар жүргізіліп жатыр.

 Бұл тақуа жандармен маған, күнәхар болған наданға діннің негізін қаламмен жеткізуге бұйрық берілді, ол жеңіл тілмен түсіндіріліп, оның маңыздылығын бүкіл қауымға жетіп қамту керек.

 Бұл бұйрықты орындай отыра, асығыста жиналған тақуа болған ұстаздардың теңіздей болған білімдерінің бір тамшысы болатын және Мұхаммад, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, дінінің бақшасындағы жемісі болып табылатын бірнеше тармақтарды жазып отырмын. Және егер де бір байқамай кеткен қателіктер мен ақаулар бар болса, онда бұл надандық пен жаңсақ басылудан болып табылады. Және егер оқушылар оларды мейірімдерімен түзетсе, мен оларға шынайы рахметімді білдіремін.

 Алла Тағала Өзінің мейірімімен менің күнәларым мен қателіктерімді жасырып, мені және оқырмандарымды, осы тақуа жандардың құрметіне жақсы амалдар жасауға мүмкіндік беріп, бізге дұрыс амалдар, Өзінің разылығын, махаббатын, бізден Өзінің дінін қабыл етуге және жаюға, Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сүннетіне еріп оған бағынуға нәсіп етсін.

Мұхаммад Ихтишамуль Хасан (Дели). 1358 һ.ж. 18-рабиъуль сани. 


 1350 жыл бұрын, осы дүние әлемі қараңғылықтың күпірліге мен адасушылықта, надандық пен қанішерлікте тұнып жатқанда, Балха тасты таулары жағынан басшылық күні атып және өзінің нұрымен – батыс пен шығысты, солтүстік пен оңтүстікті, әлемнің барлық түкпірін нұрландырды. 23 жылды қамтитын аз ғана болған уақыттың ішінде, әлемдік тарих бұндай мысалдар келтіре алмайтын, ол адамдазаттың баласын дамудың ең жоғарғы деңгейіне жеткізді. Мұсылмандар бірнеше ғасырлар бойы сондай абыроймен әлемді басқарды. Олардың қолына басшылық, насихаттау және шыңға жету алауы беріліп, олар сол нұрдың артынан прогресске жетті және оларға қарсылық танытқандар шыныдай жан-жаққа шашырап сынатын. Бұл жоққа шығаруға болмайтын нағыз ақиқат болып табылады. Алайда ол ежелгі жеткен оқиға болып қала береді, оны оқи бере не пайда, не жүрек тыныштығын да алмайсың, өйткені қазіргі таңда болып жатқан оқиғалар біздің бабаларымыздың даңқына қара дақ болып түседі.

 Мұсылмандардың үш жүз жылдық тарихын қарап отырсақ, тек біз ғана ар мен даңқтың, айбындылық пен әсемдіктің көрсеткіші болғанымыз екені мәлім болып шығады, бірақ кітаптан басымызды тартып жан-жаққа қарайтын болсақ – біз үлкен қорлыққа түскен және моральді аштықта жатқанымызды көруге болады. Не күш, не құдырет жоқ. Не алтын, не байлық жоқ. Не ар-намыс, не айбындылық жоқ. Не ағайындылық, не махаббат жоқ. Не жақсы мінез, не жақсы әдет жоқ. Не жақсы амал, не олжалы іс жоқ. Бізде барлық күнәлардың түрлері бар, және біз жақсы амалдардан алыспыз. Қарсыластарымыз біздің құлдырап төмендеуімізге қуануда. Олар біздің әлсіз жақтарымызды ашық талқылап, біздің дәрменсіздігімізге қуана күледі. Бірақ бұнымен біткен жоқ. Тіпті біздің жүрегіміздің прогерессивті бір бөлшегі болған сүйікті жастарымыз, Исламның қасиетті болған заңдарын қорлап, оған сын пікірмен қарап және шариғаттың нормаларын абсурдты әрі орындауға мүмкін емес деп ойлайды. Ақыл-ой зақымданған: неге бүкіл әлемді сумен арашалаған ұлт бүгін суға тапшы? Неге бүкіл әлемге дамудың және мәдениеттің сабақтарын берген ұлт, бүгін дамымаған және мәдениетсіз? Халықтың басшылары баяғыдан бері (үмметтің) әлсіреп бара жатқанын байқап, түрлі тәсілдермен жағдайды өзгерткілері келген. Алайда қандай дәрі берсең де, дерт нашарлай берді.
 Бүгінгі біздің жағдайымыз ең жаманның жаманы болған кезде, және болшағымыз өткен заманға қарағанда одан да жаман әрі қауіпті болғанда, және ол түнекпен қапталып тұрғанда, еш нәрсені ойластырмай және іске асырмай үндемей отыру, өзгертуге болмайтындай ауыр қылмыс болып табылады. Бірақ бір қадам жасамай тұрып, біздің бұндай кеміскілеуге, қиналуға және жазаға шалдығуымыздың басты себебін білу керекпіз. Біздің құлдырауымыз бен деградациямыздың себептері бірнешеу. Және олардан құтылудың көптеген жоспарлары құрылған, бірақ олардың әрбіреуі сәйкес келмеді және пайдасыз болған. Соның салдарынан біздің басшыларымыз қайғы мен мұңға батқан болатын.

 Шын мәнінде, әлі күнге дейін біздің ауруымыздың диагнозы қойылмаған. Келтірілетін бірнеше себептер – бұл аурудың өзі емес, ол жай ғана оның салдары. Сол себепті, аурудың өзіне көңіл бөлінбей және оның негізі жойылмайынша – оның салдарын емдеу мүмкін емес. Сонымен, біз шынайы диагноз бен оны дұрыс емдеу жолын білмейінше, бір нәрсені жөндеу туралы сөйлеу – қатаң қателік.

 Біз, шариғат – бұл Алланың кемшіліксіз болған заңдары екенін бекітеміз және оны Қиямет күніне дейін орындау, екі дүниеде де шыңға жетудің гарантиясы болып табылады дейміз. Енді ауруымызды анықтау мен емдеу процессін бастамаудың ешқандай сылтауы жоқ. Бірақ ауруымыздың негізін дана болған Құраннан білу қажет, және бұл нұрлы дереккөзден емделудің тәсілін біліп алып оны ұстану қажет. Құран – Қиямет күніне дейін ешбір ақаусыз іс-әрекетке басшылық жасайтын кітап болғандықтан, онда біздің қиын жағдайымыздан шығуға жол сілтей алатынына ешқандай себеп жоқ. Және жер мен көктің Патшасының шынайы болған уәдесі бар, әлемді басқару мен өкіл болу иман келтіргендерге берілген.

 «Алла сендердің ішінде иман келтіріп, жақсы амалдар жасағандар үшін, Ол оларды жерде өкіл етіп орнатады деген уәде еткен». [Нұр 24/55 аят.]

 Мұсылмандар үнемі кәпірлерді жеңіп, және кәпірлердің көмекшілері болмайтыны, жүрекке тыныштық береді.

 «Егер де сендермен кәпірлер соғысса, онда олар тас-талқаны шығады. Және кейін олар өздеріне не қорғаушы, не көмекші таба алмайды». [Фәтих 48/22 аят.]

 Иман келтіргендерге көмек беру Алла Тағаланың міндеті болып табылады. Және олар үнемі атақ пен даңқа ие болады.

 «Сондай-ақ, иман келтіргендерге жәрдем ету бізге міндет». [Рум 30/47 аят.]

 «Әлсіремеңдер де мұңаймаңдар. Егер сендер иман келтіргендер болсаңдар, әлбетте үстем боласыңдар». [Әли Имран 3/139 аят.]

 «Алла және Оның Пайғамбарында, және иман келтіргендерде күш-құдырет». [Мунафиқун 63/8 аят.]

 Алла Тағаланың жоғарыда айтып кеткен уәдесі жайында ойланатын болсақ, мұсылманның намысы, дәрежесі, ұлықтығы және басқа да артықшылығы оның иман дәрежесіне байланысты екенін түсінуге болады. Егер оның Алламен және Пайғамбармен, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, байланысы мықты (иманның негізгі міндеті) болса, онда бұл әлемдегі барлық зат ол үшін болады. Бірақ егер, Алла сақтасын, бұл мәселеде бір кемшілік және әлсіздік пайда болатын болса, онда оған барлық шығын, қорлану және қиналу болады, бұл жайында келесі аяттарда анық айтылған:

 «Аср уақытымен ант етемін, шын мәнінде адам шығынға батуда, тек иман келтіріп және игі амалдар жасағандардан басқа, және бір-бірін ақиқат пен сабырлыққа шақырғандардан басқа». [Аср 103/1-3 аяттар.]

 Біздің бабаларымыз атақ пен даңқтың шыңына жеткен болатын, ал біз қиналу мен кемсітілуге қол жеткіздік. Бұдан олардың имандары толық дәрежеде болғаны, ал біз бұндай үлкен нығметтен жұрдай қалғанымыз анық көрсетіп тұр. Шынайы болған Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, айтқандай:

 «Жақында сондай бір уақыт келеді, Исламнан тек қана атауы қалып, ал Құраннан тек жазулары қалады». 

 Енді ойлану керек, егер біз шынымен де, бізден Алла және оның Пайғамбары, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, талап ететін және біздің бұл өмір мен ахыреттегі жетістігіміз байланысты болған нағыз исламнан айырылған болсақ, онда бұл нығметті қалайша қайтарып алуға болады? Және қандай себептерге байланысты бізден исламның рухы кетіп, және біз қалайша жансыз қалған дене сияқты болып қалдық? Мұхаммад, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, үмметінің шектеулері, кемшіліктері, үстемдігін және теңдесіздігін жоғарыдан болған кітапта оқыған уақытта, оған жоғары деңгейдегі жұмыс беріліп, соған бола ол ең керемет болған үммет деген атау алғаны анық түсінікті болады.

 Бұл әлемнің басты жарату себебі, Алла Тағаланы және оның сипаттарын танып, оның Жалғыз және серігі жоқ екенін білу болып табылады. Және бұл адамзаттың күнәлардан тазарып, жақсы амалдармен және сипаттармен әсемдемейінше болуы мүмкін емес. Бұл мақсатпен мыңдаған пайғамбарлар мен елшілер жіберілген болатын. Және ең соңында бұл мақсатты орындау үшін, барлық пайғамбарлар мен елшілердің мырзасы, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жіберіліп, ол былай деп айтты:

 «Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым». [Мәида 5/3 аят.]

 Енді, мақсат аяқталғаннан кейін, жақсылық пен жамандық анықталғаннан кейін, өмірдің мұңсыз реттілігі мен жүйесі берілді, сол себепті пайғамбарлық аяқталды. Және Алла Тағала пайғамбарлар мен елшілерге жүктелген жұмыс, енді Қиямет күніне дейін Мұхаммадтың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, үмметіне жүктелді.

 «(Мұхаммадтың үмметі!) Сендер адамзатқа жіберілген ең қайырлы үмметсіңдер: сендер (адамдарды) жамандықтан тыйып, жақсылыққа шақырасыңдар және Аллаға иман келтіресіңдер». [Әли Имран 3/110 аят.]

 «Сендердің араларыңда жақсылыққа шақырып, жақсылықты істеуді бұйыратын және жамандықтан қайтаратын үммет болсын. Олар табысқа жеткендер». [Әли Имран 3/104 аят.] 

Бірінші аятта үмметтің артықшылығы жайында және олардың жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтарғандықтарында. Екінші аятта табысқа жету тек осыны орындайтындарға деп нақты айтылған болатын. Бірақ бұнымен бәрі біткен жоқ. Басқа жерде анық түрде бұл жұмысты орындамағандарға қарғыс пен бақытсыздыққа әкелетіні айтылған.

 «Сондай-ақ, Исраил ұрпақтарынан қарсы болғандарға, Дауыт және Мәриям ұлы Исаның тілі арқылы лағынет етілген. Бұл олардың құлақаспай тыңдамағаннан және рұқсат етілген нәрседен шектен шығуларының салдарынан. Олар бір-бірлерін істеген жамандықтарынан тыймайтын болған. Расында олардың істегендері нендей жаман». [Мәида 5/78 аят.]

 Соңғы аяттың түсіндірмесі келесі хадистерде келтірілген: 

Жалғасы бар ин ша Алла ...

Шейх Мұхаммед Ихтишамуль Хасан

Дереккөз: askimam.ru
Аударған: darulahnaf.com