Пәтуәлар

Қыста өте суық, ал ғұсыл (бой дәрет) құйыну мүмкіндігі болатын жылу су аптасына бір рет қана келеді,осындай жағдайда тәяммүмға (тәям соғуға) рұқсат етілеме?




Сұрақ:

Ер адам қысы өте суық елде тұрады, ал ғұсыл құйыну мүмкіндігі болатын жылы су аптасына бір рет қана беріледі. Ол түнде жүніп болып қалды және таң намазына ғұсылсыз оянды. Ғұсыл құйыну үшін монша жағайын десе, монша жылығанша таң намазының уақыты өтіп кетеді. 
1. Осындай жағдайда, егер адам ғұсыл алғанда ауырып қалу қауіпі болса, ғұсыл орнына тәямум (1) соғуға рұқсат па? 
2. Егер рұқсат болса, кейін денсаулығына қауіп төндірмейтін жағдай болған кезде ғұсыл құйынса, сол оқыған намазын қайта оқу керек пе? (Абдулла) 

(1) - Тәйәммум (таяммум, тәяммум) – су жоқта немесе суды пайдалануға шамасы келмеген кезде дәреттің немесе ғұсылдың орнына бетке және екі қолға таза жер жынысымен мәсіх жасау. «Тәйәммум» сөзі араб тілінде «мақсат» деген мағына береді. 
Жауап: 

 Аса Қамқор және Ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын. 

Әссәләму Алейкум уә РаxматуЛлаһи уә Баракатуһу! 

1. Егер де тек мұздай су болса және адам қатты ауырып қаламын деп қорықса немесе суық оның өміріне шынымен қауіп төндірер болса, бұндай жағдайда тәямум соғуға рұқсат. Әлбетте бұндай жағдайда шомылуға жарамды болатын судың жоқтығы шартымен ғана рұқсат беріледі. Ханафи мәзхабаның танымал «Әл-Фатауа әл-Хиндия» атты пәтуәләр жинағында былай делінген: 

 ويجوز التيمم إذا خاف الجنب إذا اغتسل بالماء أن يقتله البرد أو يمرضه 

«Тәяммүм тек мынадай жағдайда ғана рұқсат етіледі: егер ғұсыл құйыну керек болған адамға суық су оның денсаулығы мен өміріне қауіп тудыратын болса». 

2. Тәяммум алып оқылған намаздың уақыты шықса және адамның жайлы температурадағы сумен ғұсыл алу мүмкіндігі туса, онда ол адамға намазды қайта оқуыдың қажеті жоқ. 

Ал, Алла жақсырақ білуші.


Муфтий Сухайл Тармахомед
Жәмиатул-Уляма, Дарул-Ифта 


Дереккөз: islam-today.ru
Аударған: darulahnaf.com