Пәтуәлар

Киімге қойылатын Ислам талаптары. 3-бөлім


Авторы: Муфти Мұхаммад Тақи Усмани

Ташаббух (еліктеу) 

Еліктеудің орны қандай және ол қандай кезде тыйым салынатынын жақсы түсіну керек. Біріншіден, мұндай еліктеу - осы әрекет өздігінен жасалғанда күнә болып табылған кезде және Шариғаттың қағидасына қарсы келген жағдайда тыйым салынған (харам) болып табылды. Екіншіден, әрекет өздігінен заңсыз болып табылмайды, яғни рұқсат етілген. Алайда, егер адам ол бөгде қоғамның мүшесіне еліктеу және солардың бірі болу ниетімен осы амалды жасаса, мұндай жағдайда тіпті рұқсат етілген амалдың өзі тыйым салынған болады.

Мойынға «зуннарды» тағу 

Индуистер өздерінің мойындарына «зуннарды» (киелі бау) тағып жүреді. Егер мұсылман осыны кездейсоқ тақса, бұл заңсыз болып табылмайды, ол үшін рұқсат етілген болады. Егер ол индуистерге еліктеу ниетімен тақса, онда бұл ол үшін тыйым салынған (харам), өйткені бұл еліктеу болып табылады. 

Индуистер сияқты өз маңдайына белгі қою

Индуисттік әйелдер өздерінің маңдайларына қызыл белгі қояды. Егер индуисттік әйелдер мұны жасамаса, ал мұсылман әйелдер әшекей ретінде осы белгіні қойса, онда бұл тәжірибе рұқсат етілген, бұл тыйым салынған болмайды. Басқа жағдайда, егер мұсылман әйел исдуистердің тәжірибесіне еліктеп, соларды еске салу үшін қызыл белгіні маңдайына қойса, бұл тыйым салынған және заңсыз болып табылады. Бұл «бедені» (белгіні) қою сәні сондай-ақ, Пәкістанда да басталғаны бізге белгілі болды. Егер олай болса, біздің әйелдер бұны индуистік әйелдерге еліктеу үшін жасайды. Бұл заңсыз. Егер әрекет өздігінен заңды және рұқсат етілген болып, бірақ ол мұсылман емес қауымға еліктеу үшін жасалса, ол «еліктеу» түсінігінің анықтамалық шегінде болад және тыйым салынған болып есептеледі. 

Басқа қоғамға еліктеу – бұл заңсыз 

Осы қағиданың негізінде қандай да бір қауымның сипаттамалық белгісі болған және сол арқылы басқадан айыратын, осындай киімге еліктеу және қабылдауды – заңсыз және тыйым салынған деп айтуға болады. Мысалға, қазіргі уақытта ер адамдар арасында пиджак пен шалбарды кию қабылданатын болды. Бұл киімнің кейбір белгілері оны еліктеу үшін киіп жүр ме жоқ па, осыған тәуеліз дұрыс емес болып есептеледі. Шалбарды тобықтан төмен киеді – бұл бір кемшілік (осындай киімнің). Тобықты жабатын кез-келген киім ер адам үшін заңсыз. Басқа кемшілік – шалбардың денеге жабысып тұратындай етіп тігілуі мүмкін және бұл киімнің негізгі мақсаты болып табылатын әуретті жабумен қамтамасыз етпейді. Өйткені дененің сұлбасы көрінетін болады. Осы екі кемшіліктен шығатыны - бұл киім рұқсат етілмеген. Бірақ, егер біреу шалбардың тобықтан төмен түспеуін және дененің сұлбасын көрсетпес үшін жеткілікті жағдайда кең болу қамына кірісе, онда мұндай киімді өздігінше киюге рұқсат етіледі. 

Шалбар кию 

Егер біреу шалбарды ағылшынға еліктеу және соларға ұқсау үшін кисе, онда мұндай киім үлгісін қабылдау тыйым салынған болады, себебі бұл әрекет «еліктеу» түсінігінің анықтамалық шегінде болады. Егер адамда еліктеу ниеті болмаса және тобықты жаппау және шалбардың мейлінше кең болу қамын ойласа, онда мұндай жағдайда осындай киімді киюге тыйым салынбайды. Бірақ тіпті осындай жағдайдың өзінде де киімді кию жақсы емес, өйткені осындай киімді кию жағым сәттерден айырылған емес. Неге бұлай? Бұл көзқарасты мейлінше түсінуге тырысыңыз. 

«Ташаббух» (еліктеу) және «мушабаха» (ұқсастық) түсініктерінің арасындағы айырмашылық 

Бұл бір-бірінен айырмашылығы бар болған екі түрлі әрекет. Еліктеу адамның қандай да бір басқа қоғамға соларға ұқсау үшін, әдейі ұқсауға тырысуын білдіреді. Ұқсастыққа келсек, онда бұл әрекет әдейі істелген болып табылады, бірақ онда кездейсоқтың орны бар. Дегенмен Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, иман келтіргендерге қажеттілік жоқ кезде осы біреу сияқты болмауға кеңес берді. Ол өз үмметіне мүмкіндігінше басқа қоғамнан ерекшеленуіне кеңес берді. Мұсылман қауымын мұсылман еместен айыруда ауытқусыз болуы үшін өз ерекшеліктері болуы керек. Адам мұсылман ба жоқ па, оған сәлем беру керек пе жоқ па, осындайды анықтау қиын болатын етіп, өз ерекшелік белгілерін өзгертуге рұқсат етілмеген. 

Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ұқсастықтан тартынуға тырысты 

Бұл мәселенің Ашура күніндегі оразаға қатысы бар (Мұхаррам айының күніндегі оразаға қатысы бар 10-шы күні). Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Нұрлы Мединеге көшуді (хижра) жасағанда, басында Ашура күніндегі ораза міндетті болды. Оның үстіне ол кезде Рамазан уақытында оразаға міндеттілік бұйрығы болмады. Рамазанда ораза міндетті болған кезде, Ашура күніндегі ораза міндеттілігі жойылды. Осы жойылудан кейін (Ашура күніндегі) ораза тек қалауынша және қосымша жасалатын болды. Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, яһудилерде Ашура күнінде ораза ұстайтындарын білгенде, ол айтты, егер мен келесі жылы тірі болсам, Ашура күніне тағы бір күн қосу керек, яғни Мұхаррамның тоғызыншы немесе он бірінші күні дәл солай ораза ұстайтын болады, осылайша яһудилерге ұқсамас үшін ораза екі күнді құрады. [Қр. Имам Ахмад, «Муснад».] 

Қараңыз, Пайғамбар ораза сияқты тіпті осындай құлшылықтың өзінде яһудилерге ұқсағысы келмеді. Сол себепті ол яһудилерге ұқсамас үшін, біреудің орнына екі күндік ораза ету үшін, үмметінен Ашура күніне тағы Мұхаррамның тоғызыншы немесе он бірінші күнін қосуды сұрады. Сөйтіп еліктеу дегенмен заңсыз болғандықтан, ұқсастық та жағымсыз болып табылады. Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мұндайдан барынша аулақ болуға кеңес берді. 

Пұтқа табынушыларға (мүшріктерге) қайшылық танытыңыз 

Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, хадисінде айтқан: «Мүмкіндігінше барлық мәселелерде көпқұдайшылдарға қарсылық көрсетіңіздер және пұтқа табынушылардың салтынан жақсырақ болатын өз жеке өміріңізді құрыңыз». 

Ол сондай-ақ басқа хадисте айтқан: 

«Біздің сәлденің астынан тақия (бас киім) киюіміз, сәлде астынан бас киім кимейтін пұтқа табынушылардан ерекшелендіреді». 

Сол себепті пұтқа табынушыларға қарама-қарсы біздің сәлденің астынан бас киім киюді сұраймыз. Сәлдені бас киімсіз кию дұрыс емес болып табылмайды, бірақ та пұтқа табынушылармен ұқсастықтан аулақ болу үшін ғана тақия киген жақсырақ. Мұсылман емес қоғамға ұқсастық ұнамсыз. Мүмкіндігінше бұдан аулақ болу керек. Мәртебелі сахабалар мұсылман емес қоғамға ұқсамас үшін осының қамын өте көп ойлаған. 

Мұсылмандар — бұл аса көрнекті қауым 

Сіздер Құдіретті Алла Тағала бізді жеке қауым етіп жаратқанын және бізді Өзінің Алланың партиясы атындағы жеке партиясына қосқанын білулеріңіз керек. Сіздер барлық қалған әлемнен бөлексіздер. Қасиетті Құранда әлемде тек екі топ қана бар деп айтылады:

 «Ол сондай сендерді жаратқан Алла. Сонда кейбіреулерің қарсы келесіңдер де кейбіреулерің иман келтіресіңдер». [Қр. Тағаббун 64/2 аят.]

Сол себепті иман келтіргендердің тобы ешқашан имансыздармен араласпауы керек. Иман келтіргендер имансыздардан өз киімімен, жүріс-тұрысымен және мүлде өмірімен ерекшеленуі керек. Иман келтіргендерге қатыстының барлығында Исламның таңбасы тұруы керек. Егер мұсылмандар басқа қоғамдастықтың өмір салтын қабылдаса, онда бұл мақсатқа қол жеткізілмейді.

Енді қазіргі уақытта мұсылмандар және мұсылман еместер бірдей киім киіп жүргеніне көз жеткізіңіз. Егер сіз ер адамдардың тобында кетіп бара жатсаңыз, онда сізге киім және жүріс тұрысы бойынша ол жерде кім мұсылман, ал кім мұсылман емес екендігін түсіну өте қиын болады. Оған сәлем беру керек пе және онымен қандай тақырыпта сөйлесу қажет екендігін шешу қиын.

Мұндай қолайсыздықтардың алдын алу үшін, Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, тек еліктеуден ғана емес, себебі бұл мүлде заңсыздық, тіпті ұнамсыз болып табылатын ұқсастықтан да аулақ болуға кеңес берді.

Жалғасы бар ин ша Алла ...


Дереккөз: darulfikr.ru
Аударған: darulahnaf.com