Пәтуәлар

Киімге қойылатын Ислам талаптары. 4-бөлім



Бұл ұятсыздық 

Сізді (қысым арқылы) өзіне тәуелді етіп құл қылған, әртүрлі тәсілмен зұлымдық көрсетіп (қатал, деспоттық басқару жасап), сізге қарсы сөз байласқан және сізді көптеп (шеттеріңізден қырып) жойған сол елдің киімін кигеніңіз қаншалықты ұят! Біздің (көрген) азабымызбен және (намысымызға тиіп) беделімізді түсіруде шек жоқ. Шындығында осындай деспоттық (жауыз) елдің өмір салтын қабылдап, кимін кигеніңіз ұят емес пе?

  Ағылшындардың шектеулігі 

Адамдар бұл шектеулікті – иман келтірмеген ағылшындардың киімдерін киюден оларды ұстап тұру деп айтуда. Олар Үндістанды отарға айналдырған кездегі ағылшын қоғамының шектеулігін сіз білмейсіз бе, әлде ұмыттыңыз ба? Олар кең үнді көйлегін және Үнді басшыларының сәлдесін өздерінің қақпа қарауылшысы, сарбаз, сарай қызметшісі және даяршы сияқты қара құлдарына бірыңғай формалы киім етті. Неге олар бұлай істеді? Олар мұны мұсылмандарды кемсіту үшін және өздерінің дәрежесі төмен болған құлдарына, мұсылман басшыларының киімін кигізгендерін көрсету үшін істеді. Осының барлығын салыстыра келе бізде мұсылмандарда сол залымдардың киімдерін киіп жүру үрдісі өте кең көзқараста таралған, онымен қоса үлкен ғанибетпен және мақтаныш қылуда. Не деген масқара! Егер біреу оларға (яғни, залымдардың, имансыздардың киімін мақтан етіп киіп жүргендерге) – бұл киімді киіп жүру олардың намысы мен атағына қарама-қайшы деп айтса, олар бұл шектеулік деп (өзіңе) қарсы наразылық сөз айтып білдіреді. Бұны өзінің тартымдылығы болғандықтан, салдарынан оны даналық деп атады. Бұл ұятсыздықтың ең жаман түріне жатады және бұған қосымша ретінде шариғаттың көзқарасынан ұнамсыздық болып табылады!

 Сіз өзіңіздің өмір салтыңызды өзгерте аласыз, дегенмен...! 

Дегенмен мынаған назар аударыңыз, сіз мұсылман еместердің киімі мен өмір салтына қанша рет болсада олардан үлгі тұтсаңыз да, соның өзінде де сіз олардың құрметіне ие бола алмайсыз.

 Қасиетті Құранда анық айтылған: «Олардың діндеріне ермейінше, Яһуди де Христианда сірә сенен разы болмайды». [Қр. Бақар 2/120 аят.]

Сіз олардың киімін киіп, өмір салтын қабылдасаңыз болады, егер сіз олардың дінін қабылдамасаңыз, Яһуди мен Христианда сізге разы болмайды. Сіз өзіңізді бастан аяққа дейін олардың өмір салты бойынша өзгерсеңіз болады, сонда да олар сізді жек көріп, жоюға тырысатын болады. Сіз олардың өзіңізге деген қарым-қатынасын әрқашан көріп жүрсіз, енді оны өте анық көріп тұрсыз. Олардың киімдерін кисеңіз де, олар ешқашанда сізге сол үшін құрмет көрсетпейтін болады.

  Батыс өркениетіне қатысты Икбаль доктордың пікірлері 

 Марқұм доктор Икбаль кейде өзінің поэзиясында өте әсерлі және даналық сөздер айтқан. Ол өзінің бір өлеңінде келесідей жолмен жинақтауға болатын ойын айтты:

«Батыс өркениетінің күші өлеңде және олардың оранбаған қыздарының биінде, не олардың сұлу қыздарының тартымдылығында, не жалаңаш аяғында және басындағы қысқа шаштарында емес».

Икбаль одан әрі жалғастырады:

«Батыстың күштілігі мен басымдылығының сыры олардың өнер мен ғылым саласындағы ауыр еңбекте орналасқан. Олардың алға басуы, ілгерілігі мен басымдылығы зерттеу мен ғылыми тәжірибеге берілгендігінің нәтижесі болып табылады».

Және ол соңында былай дейді:

«Даналық, өнер және ғылым қандай да бір белгіленген киімнің стиліне тәуелді емес. Кең көйлек пен сәлдеден тұратын батыс көйлегі артта қалғандықтың белгісі емес. Бұл (киім) ештеңе емес, тек білім мен ғылым саласындағы ауыр жұмыс қана қажет».

Сіздер Батыстан бізге расында көмектесетін нәрсені алмадыңыздар, яғни білім мен технологияны, бірақ сіздер олардың өмір салты мен киімдеріне еліктеуге сүйендіңіздер. Осылайша сіздер өздеріңіздің дәрежелеріңізді төмендеттіңіздер. Кімде махаббат және өзінің жеке өмір салтына деген құрмет болса, әлем соны қадірлейді және құрметтейді. Сөйтіп әлем сіздердің басқаға еліктеу әдеттеріңіз үшін сіздерге сенім білдірмейтін болады.

  Еліктеу мен ұқсастықтан тартыну 

Мен шариғаттың еліктеуді заңсыз және күнәлі деп есептейтінін естеріңізге салғанмын, сол себепті бұл саналы түрде жасалады. Ал ұқсастыққа келсек, егер әдейі жасалмаған, кенеттен ниетсіз және еліктеу әрекетінен болса, онда бұл не тыйым салынбаған, не күнәсіз болмайды, қанша дегенмен негативті мәннен айырылған жоқ қой. Бұл (сондай тәртіп) абырой мен өз қадір-қасиеті сезімінен мүлде айырылған. Сондықтан мүмкіндігінше содан және басқадан аулақ болған дұрыс.

  Киімге қатысты төртінші қағида 

Тәкаппарлық пен үстемдік сезімін тудыратын киімді киюге тыйым салынған. Тіпті ол киім қатқыл (кендір) матадан тігілген болса да. Мысалы, адам халық алдында өзін ұлы әулие және сопы болып көрсету ниетімен сондай қатқыл киімді кисе, онда мұндай киім басқаға жоғарыдан қарайтындай жағдайға әкелетін айбындылық пен үстемділік сезімін тудыруы мүмкін. Мұндай жағдайда қатқыл матадан тігілген көйлек астамшылық пен тәкаппарлыққа себеп бола алады, сол себепті тыйым салынады.

Суфян ас-Саури, Алла оны рақым етсін, тәкаппарлық киімнен пайда болмайды, алайда ол өзін басқа адамдардан жоғары сезініп, басқаларға төмен қарағаннан пайда болады. Кейде адам ойлайды ол қарапайым жұпыны киім киіп жүрмін деп, алайда оның жүрегі бұл кезде тәкаппарлыққа толы болады.

  Тобықты жабуға тыйым салынған 

Абдулла ибн Омар жеткізеді, Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, айтқан: «Құдіретті Алла Тағал Ақірет күні киімін тәкаппарлықпен жерге түсірген адамға Мейірімділік көзқарасымен қарамайды». [Қр. «Сахих» Бұхари, хадис № 5791.]

Басқа хадисте Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, киімнің тобықтан төмен түскен бөлігі Тозаққа кіреді деп айтқан. 

Мұнда ер адам үшін тобығын жабатын және төменге түсетін киімді (шалбар, жадағай, жамылғы және т.б.) киюге тыйым салынған. Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, осыған қатысты екі ескертуді айтып кетті. Біріншіден, киімнің тобықтан төмен түскен бөлігі Тозаққа кіреді. Екіншіден, Ақірет күні Алла Тағала сол күнәһарға Мейірімділік көзқарасымен қарамайды. Енді қараңыз, киімнің төменгі жағын тобықтан жоғары қою – өте оңай емес пе. Егер біреу тобықтан шамамен дюймға жақын жоғары тұратын шалбарды кисе, бұдан қандай зиян болады? Есесіне басқа жағынан сіз Алланың наразылығынан құтыласыз және Оның Мейірімділік көзқарасын өзіңізге жақындатасыз. Барлық қауым орналасқан және ешкім одан бас тартуды ойламайтын - бұл мағынасыз күнә.

  Тобықты жабу тәкаппарлықтың белгісі болып табылады 

Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бұл әлемге надандық кезеңде өзінің пайғамбарлық міндетімен жіберілді. Ол уақытта тобықты жабу және ұзын киімді төменге түсіру – жалпы салт болған. Егер киім жүріс кезінде жерде сүйретіліп тұрса, онда бұл өте жақсы деп есептелген. Араб поэзиясының кітабы (Хамаса) араб мектептерінде Дарс-и-Низами белгілі курсында студенттерге беріледі. Онда надандық кезде жазылған поэзия бар. Бұл кітапта ақын өз ойын тәкаппарлықпен білдіреді:

 «Мен төрт стақан шарапты ішіп ап, азанда шығамын, ұзын көйлегім жерде менің артымнан ізін қалдырып сүйретіліп келеді».

Енді қараңыз, мұнда ақын өзінің жүрісін тәкаппарлық белгісі сияқты сипаттайды. Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің міндетімен келген кезде, ол надандық кездегі көп салттарды жойғандай, бұл салтты да жойды. Ол төменгі киімді тобықтан жоғары киіңдер деп бұйырды, өйткені киім төмен түсіп, тобықты жапқан кезде, адамда тәкаппарлық пен өзін басқалардан жоғары сезімі пайда болады.

Мұндай пікір біздің кезде көп таралған, Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, құрайштердің арасында кең тараған киім мен өмір салттардың көптеген ғұрыптарын қабылдаған деген мақұлдауды теріске шығарады. Осындай адамдар, егер біз қазіргі уақытта сәнді болып есептелетін өмір салт пен ғұрыптарды қабылдасақ, одан қандай зиян келеді деп сұрайды?

Ескеріп жүріңіздер, Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ешқашанда өзінің заманында кең тараған өмір сүру салты мен киімін қабылдамаған. Керісінше, олардың исламдық өмір салтына сәйкес келуі үшін заңсыз деп жариялап, түзеткен. Сонымен қатар, қазіргі уақытта адамдар осы күнәні жасап жатыр, бірақ олар әлі де мұнда қандай зиян бар деп сұрап, дауласады. Олар мұндағы зиян бұл тәжірибенің Алланың ашуын тудырып, күнәһарды Тозаққа жетелейтінінде болып отыр.

  Ағылшындар ұсынған кезде, олар тізелерін де ашты 

Әулие адам, марқұм Ихтишамуль Хак Санауи мауляна, Алла оны рақым етсін, бір күні дәрісінде: Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бізге тобығымыздың ашық болуын сұрады, өйткені оны жасыру заңсыз болып табылатын, бірақ бұл мәселеде біз оған бойсұнуға дайын болмадық. Алайда басқа жағынан ағылшындар бізге тізені ашуды сұрағанда, біз сол мезетте шолақ шалбар киіп бағындық. Бұл қаншалықты ұятсыздық! Егер бізде Пайғамбарға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, деген қандай да бір махаббат болғанда, ол бізден нені талап етсе, біз соны істер едік. Қалайша Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қабылдамаған нәрсені, мұсылманға қабылдауға болады? – деп айтты.

  Халифа Османмен болған жағдай 

Худайбидегі келісімге қатысты жағдай бойынша, Осман, Алла оған разы болсын, иман келтірмегендермен шарттың мерзімін келістіру үшін Меккеге жиналды. Онымен бірге ілесіп жүрген туысқаны оған киімі тобықтан жоғары тұрғанын, онымен бірге келіссөз жүргізетін меккелік төрелер ол адамға жоғарыдан қарауы мүмкін деп көрсетті. Сондықтан ол Османға, Алла оған разы болсын, киімін төмен түсіріп, тобығын жабуына кеңес берді. Осман, Алла оған разы болсын, оған жауап берді: «Менің мырзамның киімі осы сияқты болғаннан кейін, мен олай жасай алмаймын, сол себепті бұл имансыздар, мен жайында не ойлайтындарына мазасызданбаймын. Мен Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жолымен жүруім керек». 

Бұл біздердің әуелгі ізгілеріміз, олар бүкіл әлемді өздерінің алдында тізе бүктірді, ал біз болсақ әлемнен қорқып және Исламның жолымен сондай-ақ, Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетімен жүруге ұйяламыз. Біз жәй сәннің артынан қуып жүрміз. Сіздерден Алла разылығы үшін өтініп сұраймын, өз өмір салттарыңызды өзгертіңіздер және Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетіне сай амал етуге жүректеріңізде ынтаны оятыңыздар.

  Тобықты жабу рұқсат етіле ме, егер тәкаппарлықтан жасалмаса? 

Кейбір адамдар Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, адамдарда менмендік пен тәкаппарлықтың туындауының алдын алу үшін, тобықты жаппауды бұйырды деп ойлайды. Сондықтан, егер ол тәкаппарлықтан болмаса, тобықты жапқанда ешқандай зиян болмауы керек. Олар Әбу Бәкірмен, Алла оған разы болсын, болған жағдай жайында айтылғанда өзінің пайымдауын хадиспен дәлелдейді.

Бір күні Әбу Бәкір ас-Сыддық, Алла оған разы болсын, Пайғамбарға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, киімінің жиі төмен түсіп кете беретінін айтып шағымданады. Оған не істеу керек? Сол кезде Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жауап берді: «Сенің киіміңнің түсіп кетуі тәкаппарлықтан емес, (оны орнында ұстап тұру) мүмкінсіздігінен болып отыр, сол себепті сен (мұны тәкапарлықпен жасайтындардан) олардан емессің». [Қр. Әбу Дәуд, хадис № 4085.]

Осы хадиске сүйеніп, кейбір адамдар сол сияқты өз шалбарларын тәкаппарлықтан түсірмейтіндерін айтып жатады, сол себепті бұл олар үшін заңды болуы керек. Ал енді ойланыңыз, Пайғамбарға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қарағанда басқа кімде тәкаппарлық төмен болуы мүмкін? Соның өзінде ол өмір бойы тобықтарын ешқашан жаппаған.

Жоғарыда аталған рұқсат Әбу Бәкір ас-Сыдықпен, Алла оған разы болсын, берілген, сол себепті оның денесінде төменгі киімі қайта-қайта төмен түсіп кете беретін қандай да бір қабілетсіздік болған. Сізде де осындай жағдай ма? 

Тәкаппарлыққа келсек, бірде-бір тәкаппар адам өзін тәкаппармын деп ойламайды. Ал шариғаттың бұйрықтары – нұсқау мен белгілерге қатысты болып табылады. Осы нақты жағдайда бұйрықта, егер тәкаппарлық бар болса, онда шалбарды тобықтан жоғары көтеріңдер, ал басқа жағдайда төмен түсіріңдер деп айтылмайды. Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шалбарды тобықтан жоғары көтеріңдер деген бұйрығына қарамастан оны сіздер төмен түсіресіздер. Ол бұны тәкаппарлықтан жасап жүргендеріңізді көрсетеді. Бұл барлық жағдайда да тыйым салынған болып табылады.

  Ғалымдардың дұрыс шешімі 

Білім иелері, егер шалбар тобықты тәкаппарлықпен жабу үшін төмен түсірілсе, онда бұл амал заңсыз деп айтқан. Егер бұл тәкаппарлықтың себебінсіз болса, бұл бәрібір де жағымсыз және келеңсіз болып табылады. Дегенмен ғалым-зерттеушілер, тобықты жабу үшін шалбарды түсіру кез-келген жағдайда да заңсыз болады деп келісуде. Әрқайсысында тәкаппарлықтың бар-жоғын білу оңай емес. Өзіңді күнәдан сақтаудың жалғыз жолы шалбарды тобықтан жоғары ұстау және тәкаппарлықты тамырымен қоса жоюдан тұрады. Алла Тағала бізді Өзінің Мейірімділігімен осы тыйымға сай амал етуімізге жәрдем берсін. Әмин.

Осы жағдаймен киімге қатысты төрт негізгі қағида бар: 

1. Ол әуретті жабуы керек.
2. Ол дененің шариғат шеңберіндегі әшекей құралы болуы керек.
3. Ол мұсылман еместердің киімін еске салмау керек.
4. Ол тәкаппарлық пен менмендіктің белгісі болмауы керек.

  Енді біз киімге қатысты толықтай бірнеше хадисті еске саламыз Ақ киім ұнамды болып табылады 

Абдулла ибн Аббас, Алла оған разы болсын, былай деп Пайғамбардан, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, айтқанын жеткізеді: «Ақ киімді киіңдер, өйткені ол жақсы және де марқұм үшін кебін болып табылады». Бұл хадистен Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ер адамға тек ақ киім киюді бұйырғаны көрінуі мүмкін, бірақ шынында басқа түсті киімді кию заңсыз және тыйым салынған болмайды. Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, кейде басқа түсті киім кигені белгілі. Бірақ әдетте ол ақ киімді киген. Егер адам Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әдетте ақ киім киген және оны басқаларға да мақұлдаған деген ниетпен ақ киімді киетін болса, онда ол Сүннетке сай амал еткені үшін сауапқа ие болады. Бірақ белгілі бір шарттарды сақтау кезінде ер адамдарға басқа түсті киімді киюге рұқсат етілген. Бұл толығымен рұқсат етілген.

  Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жолақты қызыл киім киген 

Барра ибн Азиб, Алла оған разы болсын, былай деп айтады: «Бір күні мен Пайғамбарды, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қызыл киімде көрдім және одан артық әдемірек адамды көрмедім». Жәбір ибн Сумра, Алла оған разы болсын, былай деп айтады: «Бір күні толған айдың он төртінші түні Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қызыл киім киіп отыр екен. Кейде мен толған айға қарадым, кейде Пайғамбарға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қарадым. Соңында шештім, айға қарағанда, Пайғамбар өте әдемі көрінеді».

  Бұл хадистер Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қызыл киім кигенін дәлелдейді. 

Киімнің толығымен қызыл түсті болмауы керек, өйткені өте қызыл түс ер адамға рұқсат етілмегенін аңғару керек. Осы хадистер тұрғысынан ғалымдар сол кездерде қызыл жолақты жамылғы Йеменнен әкелінген. Олар толығымен қызыл болмаған. Бұл қызыл жолақты жамылғылар өте бағалы және құнды болатын. Хабарлағандай, Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Йеменнен келген матадан тігілген киімді киген. Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бұл киімді үмметке осы түстегі және осы түрдегі киімді кию заңды болып табылатынын көрсету үшін киген. Бірақ әйелге ұқсаудан аулақ болу үшін, әйелге ғана арналған киімді ер адамдарға кию рұқсат етілмейді, ер адамдарға толығымен қызыл киімді киюге бұған рұқсат жоқ.

  Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сондай-ақ жасыл түстегі киімді киген 

Рифа`а Тайми, Алла оған разы олсын, Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жасыл түстегі екі киімді кигенін көргенін айтқан. Бұл хадистен шығатыны, кейде Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жасыл киім киген. Осылайша ол түрлі-түсті киімді киіп, бұл толығымен заңды екенін көрсеткісі келген. Алайда Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сүйікті түсі ақ болған деп айтқан.

  Пайғамбардың сәлдесінің түсі 

Жәбир, Алла оған разы болсын, былай деп айтқан: «Меккені жеңген (фатх) жылы Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Меккеге басына қара сәлде киіп кірген». Әртүрлі хадисте Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ақ, қара кейде жасыл сәлде кигенін дәлелдейді.

  Жеңнің ұзындығы қандай болуы керек 

Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, көйлек жеңінің ұзындығы білегіне дейін жеткен. Сол себепті ер адам үшін қолды білекке дейін жабу сүннет болып табылады. Жеңнің бұдан қысқа болуы рұқсат етілген, бірақ Сүннетке сай келмейді. Бірақ әйелдерге қолын білектен жоғары ашуға мүлдем рұқсат етілмейді, бұған толығымен тыйым салынған (харам). Әйелдер әдетте сұрайды, алақаннан жоғары барлық білек әуреттің бір бөлігі болып табылады ма? Оларды ашып қоюға толығымен тыйым салынған. Енді әйел үшін жартылай қысқа жеңді, тіпті кейде жеңсіз киімді кию сәнге айналды. Бір күні Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әйелі Асманың, Алла оған разы болсын, сіңлісін шақырып, оған қыз бала балиғат жасқа жеткенде, оның дененісің қолдың білезігі мен бетінен басқа бірде-бір бөлігін ашуға болмайды деп айтқан. Егер жең қысқа болса, бұл әуреттің бөлігі ашық тұрғанын білдіреді. Егер бұл жиі қайталанса, онда мұндай әйелдер әуретті ашу күнәсінде деп бекітіледі. Әйел адамдар өздерін мұндай күнәдан сақтау керек. Бұл сондай-ақ әйел адамның Сүннеттің тура жолында жүруі үшін қадағалау – ер адамның міндеті болып табылады.

Алла Тағала бізді Құдіретті Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетінің жолында шынайы жүруімізді нәсіп етсін. Әмин.

Авторы: Муфти Мұхаммад Тақи Усмани Ханафи (Алла оны сақтасын)

Дереккөз: darulfikr.ru
Дайындаған: darulahnaf.com