Пәтуәлар

Құран құндылығы жайлы 40 хадис. Он сегізінші хадис.


Он сегізінші хадис 

Осман бин Абдуллах бин Аус әл-Сакафи, оған Алла разы болсын, атасынан Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін жеткізді: 
«Құранды жатқа оқу мың дәрежеге тең сауап береді, ал кітаптан оқу – дәрежені екі мыңға дейін арттырады». 

Бұдан алдын хафиздің көптеген артықшылықтары жайлы баяндалған болатын. Бұл хадисте келтірілген Құранды кітаптан (мусхаф) оқудың құндылығы терең түсіну мен ойланумен қатар, тағы бірнеше ізгі амалдармен байланысты: Құранға қарау, оны ұстау және тағы сол сияқты. Сол себепті ол артығырақ. Хадистердің мағыналары әртүрлі болғандықтан, Құранды жатқа оқу, әлде кітаптан оқудың қайсысы артығырақ екендігінде ғалымдар да пікірлерінде өзара ажырасқан.

Бір топ ғалымдардың пікірі бойынша Құранды кітаптан оқу абзалырақ. Олар жоғарыда аталған хадисті негізге алады да, осындай оқудың барысында адам қателерден сақтанып, оның назары әрдайым Құранға бағытталғанын атап өтеді. Екінші топ болса жатқа оқуды артық көреді. Олар басқа бір хадисті негізге ала отырып, жатқа оқу бойұсыну мен көзбояушылықтан алыс екенін айтып, Құранды жатқа оқу Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әдеті болатындығын келтіреді.

Имам Нәуәуи, оған Алланың рақымы болсын, осыған байланысты мынадай тұжырымдама жасады: «артықшылық адамның ерекшелігіне байланысты болады. Кейбіреулер үшін кітаптан оқу абзалырақ болады, егер сол арқылы ол тереңірек ойлану мен түсінуге бейім болса. Ал кімге ойлану әрі түсіну жатқа оқумен жүзеге асатын болса, ол адам үшін жатқа оқыған артығырақ. Хафиз (Ибн Хаджар), оған Алланың рақымы болсын, өзінің «Фатхул-Бәри» кітабында осы түсініктемені құптаған».

Хәзреті Османның, оған Алла разы болсын, шамадан тыс оқуынан екі Құран жыртылғандығы айтылады. `Амр ибни Маймун, оған Алланың рақымы болсын, «Ихья» кітабының шархында кімде-кім таң намазынан соң Құранды ашып, 100 аят оқыса, оған осы дүниемен тең сауап берілетінін келтіреді. Құранды кітаптан оқу көздің көруін жақсартады деп айтылады. Хазреті Әбу `Убайда, оған Алла разы болсын, мусальсаль хадис (хадистің бір түрі) баяндайды, хадисті жеткізушілердің әрқайсының айтуы бойынша көздерімен қиындықтары болғанда, ұстазы оған Құран оқуды бұйырған. Хазреті Имам әш-Шафи`ғи, оған Алланың рақымы болсын, жиі Құранды құптаннан кейін ашып, оны тек таң намазының алдында жабатын.

ин ша Алла жалғасы бар

Дереккөз: askimam.ru
Аударған: darulahnaf.com

Комментариев нет