Пәтуәлар

Құран құндылығы жайлы 40 хадис. Он тоғызыншы хадис.



Он тоғызыншы хадис 

Абдуллах ибн `Омар, оған Алла разы болсын, жеткізгендей Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтты: 
«Жүректер суда темірді тот басқандай қараяды». Біреу: «Оларды не тазарта алады, уа, Расулаллах?», – деп сұрады. Ол: «Жиі өлімді еске алу және Құран оқу», – деп жауап берді. 

Яғни, күнәлардың көптігінен және Алланы зікір етуді ескермеген себебінен жүректерді тот басады, дәл судағы темірді тот басқандай. Құран оқу және өлімді еске алу тот басқан жүректі тазартады. Жүрек айна секілді. Ол қаншалықты бұлдыр болса, соншалықты онда Алланы танудың көрінісі де күңгірт болады. Ал қаншалықты таза әрі жалтыраған болса, соншалықты Алланы танудың көрінісі де айқын болады.

Сондықтан адам күнәлар, нәпсі құмарлықтары мен шайтини істермен көп айналысқан сайын, ол Алланы танудан соншалықты алыс болады. Сол айнаны тазарту үшін шейхтер тұрақты, ынталы, жеке және ортақ зікірлерді ұсынады.

Хадистерде келгендей, егер адам бір күнә істесе, жүрегіне бір қара дақ қойылады; ал егер тәубе етсе, ол дақ жойылады. Және егер ол басқа бір күнә жасаса, онда басқа дақ пайда болады. Осылайша, егер ол күнәға батқан болса, оның жүрегі көптеген дақтардың салдарынан біртендеп толығымен қараяды. Кейін ол жүректе жақсылыққа деген ұмтылыс қалмай, ол жамандыққа бейім болады. Алла бізді одан сақтасын!

Кұранда айтылғандай: «Жоқ! Олардың жүректерін істеп тапқандары [күнәлары] бүркеп алды». (83 «Әл-Мутаффифин»: 14)

Бір хадисте Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені келеді: «Мен екі насихатшыны қалдырамын – бірі сөйлейтін, екіншісі – үндемейтін. Сөйлейтіні – Құран, ал үндемейтіні – өлімді еске алу».

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сөздері шын жүрекпен қабыл алуға лайықты. Бірақ насихаты – оны қабылдап және оны қажетті деп табатындарға ғана арналған. Ал дін еш керек болмай және ілгерілеудің жолындағы кедергі деп саналса, онда насихаттардың қандай керегі бар және олардан пайда бола ма?

Хазреті Хасан әл-Басри, оған Алланың рақымы болсын, былай деді: «Бұрындары адамдар Құранды Алланың бұйрығы деп қабылдайтын. Түні бойы ол жайлы ойланып, күндіз оған сай амал ететін. Ал сендер әріптердің дұрыс айтылуында қатты тырысасыңдар. Бірақ оны Алланың бұйрығы деп қабылдамай және ол жайында ойланбайсыңдар».

ин ша Алла жалғасы бар

Дереккөз: askimam.ru
Аударған: darulahnaf.com

Комментариев нет