Пәтуәлар

Құран құндылығы жайлы 40 хадис. Жиырмасыншы хадис


Жиырмасыншы хадис 

Айша анамыз, оған Алла разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқанын жеткізеді: 
«Барлығының мақтан тұтарлық нәрсесі болады және, ақиқатында, менің Үмметімнің абыройы мен мақтанышы – бұл Құран». 

Адамдар өз абыройы мен мәртебесін тектілігімен немесе сол секілді нәрселер арқылы көрсетеді. Біздің Үммет үшін мақтаныш пен мәртебенің қайнар көзі – бұл Құран, оны оқу, жатқа жаттау, оған сай амал ету, – қысқасы, – барлығы мақтан тұтуға лайықты. Және де неге олай болмасқа? Бұл Сүйіктіміздің сөздері, Құдайдың әмірі. Бұл дүниедегі ұлы құрметтердің ең ұлысы онымен тең келмейді. Ары қарай, бұл дүниедегі ең кемел жетістіктер бүгін болмаса ертең жоқ болады, ал Құранның құрметі мен кемелдігі мәңгілік әрі шексіз.

Құранның барлық қасиеттері кемел түрде екенін айтпағанның өзінде, тіпті аз қасиеттерінің өзі сондай, олардың әрбірі мақтан тұтуға жеткілікті. Мысалы, керемет құрылымы, ғажайып тақырыптары, іріктелген сөздер жиынтығы, сөз саптау мәнері, өткен және келер оқиғалар туралы хабарлар, адамдар жайлы сондай ескертпелер, тіпті егер біреу оларды теріске шығарғысы келсе де, қолынан келмейді. Мысалы, яһудилер өздерінің Аллаға деген махаббаттары жайлы қанша айтқанымен, олар өлімді қаламайды.

Ары қарай, тыңдаушы онымен әсерленеді. Оқушы адамды ешқашан жалықтырмайды, ал кез-келген басқа сөз қаншалықты ұнаған болса да, тіпті ол есті айыратын сүйікті адамыңның хаты болса да, жалықтырады; 10 рет оқығаннан кейін болмаса, онда 20 рет, 20 реттен кейін болмаса, онда 40 рет оқығаннан кейін бәрібір жалықтырады және тағы да жалықтырады. Алайда сіз Құранның бір бөлігін жаттап алыңыз және оны екі жүз рет, төрт жүз рет оқыңыз, өмір бойы оқыңыз – ешқашан жалықтырмайды. Және егер одан рахаттанудан бізге бір нәрсе тосқауыл болса, ол тек уақытша болады және жуық арада өтіп кетеді. Сонымен бірге, оны неғұрлым көп оқысаң, соғұрлым оның ләззаты мен одан рахаттану да көбейеді.

Бұл қасиеттер сондай, егер әлдебіреудің сөзінде еңкұрығанда бұлардың біреуі, – тіпті толығымен болмаса да, – көрініс тапса, онда бұл ол үшін мақтан тұтарлықтай болады. Осылайша, егер біреудің сөзінде осы қасиеттердің барлығы кемелденген түрде жинақталған болса, онда оған қанша сый-құрмет болады.

Енді осыдан кейін хафиздердің жағдайына бір сәт көз жүгіртейік. Қаншасы өзінің Құран хафизі екенін мақтан тұтады? Немесе Құранның хафизі болған адам біздің алдымызда құрметке ие ме? Біз үлкен дәрежелер мен лауазымдарды, дүниәуи сый-құрметтерді және өлімнен кейін біз осында қалдыратындарды өзіміздің мақтанышымыз бен абыройымыз деп санаймыз.

ин ша Алла жалғасы бар

Дереккөз: askimam.ru
Аударған: darulahnaf.com

Комментариев нет