Пәтуәлар

Мұсылмандардың құлдырауы және олардың ең жалғыз амалы. 2-бөлім



Соңғы аяттың түсіндірмесі келесі хадистерде келтірілген:

 1. Абдулла ибн Масғуд, Алла оған разы болсын, Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізеді: 

«Сендерден бұрын өмір сүргендердің ішінде, біреу жамандық жасаса, алдын ала ескертіп «Алладан қорық!», – деп, айтатын. Ал келесі күні ол онымен отыратын, тамақ ішетін, кешегі жамандық жасамағандай онымен отыра беретін. Алла Тағала олардан сондай істі көргенде, олардың жүректерін бір-бірімен араластырып, олар бой ұсынбай, бұзақылық жасағандары үшін оларды Дәуід пен Мариямның ұлы Исаның тілімен лағынеттеген болатын. Мұхаммадтың өмірі қолында болғанмен ант етемін, сендер жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтаруларың керек, және наданды өз мойындарыңа алып, тура жолға салуларың керек. Әйтпесе, Алла Тағала біреудің жүрегін екіншісімен араластырып, алдындағыларды лағынеттегендей, (сендерді де) лағынеттейтін болады». 

 2. Хазірет Жарир, Алла оған разы болсын, Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естідім дейді: 

«Егер әлдебір қауымның арасынан біреу күнә жасайтын болса, және олар (адамдар) оны тоқтата алып, бірақ оны тоқтатпаса, онда Алла Тағала оларға өлгенге дейін жазалар жіберіп тұрады». 

Яғни Ол (Алла), оларды түрлі қиындықтарға осы өмірдің өзінде тап болдырады. 

 3. Сахаба Әнас, Алла оған разы болсын, Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын айтады: 

««Лә Иләхә ИлАллаһ» кәлимасын оның хақын таптамайынша, айтушыға пайда әкеліп және одан жаза мен қайғыны жояды». Сахабалар сұрады: «Уа, Расулаллах! Оның хақын таптау деген не?». Ол: «Күнәлар ашық жасалып, оларды кінәраттамай (яғни, жамандығынан қайтармайынша) және оны жоймаса». 

 4. Айша, Алла оған разы болсын, бір күні Расулаллах, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, оған келгенін айтады. Және ол оның бетінен бір нәрсе болғанын байқайды. Ол (пайғамбар) дәрет алып, ешкіммен сөйлеспей мешітке кетеді. Ол (Айша) қабырғаға жақындап, оның (пайғамбардың) не айтатынын тыңдай бастады. Расулаллах минбарға мініп, Алланы мадақтап былай деп айтты: 

«Ей, адамдар! Алла Тағала сендерге жақсылыққа шықырып, жамандықтан қайтаруды бұйырады. Әйтпесе, сондай уақыт келеді, сендер сұрасаңдар, бірақ сендерге жауап бермейді, сендер Одан (Алладан) сұрайсыңдар, бірақ сендерге ештеңе берілмейді, сендер Одан көмек сұрайсыңдар, бірақ сендерге көмек берілмейді». Расулаллах, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, одан басқа ештеңе айтпай минбардан түскен болатын».     

5. Әбу Хурайра, Алла оған разы болсын, Расулаллах, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін жеткізеді: 

«Оның үмметі бұл дүниені ұлықтаған уақытта, олардан Исламның ұлылығын алып кояды. Олар жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтаруды тоқтатқанда, олар уахидің игілігінен айырылады. Үммет өз ішінде бір-бірімен ұрысуды бастағанда, олар Алланың алдында дәрежелерін жоғалтып алады». 

 Егер жоғарыда айтылған хадистер туралы ойланатын болсақ, онда біз жамандықты қайтаруды, жақсылыққа шақыруды тоқтатсақ, Алла Тағаланың қарғысына ұшырайтынымыз белгілі болады. Және Мұхаммедтың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, үмметі бұл жұмысты тастаса, оларды қаһарлы қиындықтар, кемсітулер, бақытсыздық бой алып, және олар Алланың көзге түспейтін көмегі мен демеуінен айырылады. Және бұл мұсылмандардың өздерінің ең басты міндеттерін түсінбей, бұл жұмысты елемей, ең соңында сол үшін жауап берді. Сол себепті Расулаллах, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жақсылыққа шақырып, жамандақтан қайтару бұйрығын иманның бір бөлігі деп, ал оны тоқтату иманның әлсіздігі деген. 

 Әбу Саид Худриден, Алла оған разы болсын, жеткен хадисте былай делінген: 

«Араларыңда кімде-кім тыйым салынған іс жасалып жатқанын көрсе, қолымен тоқтатсын, егер күші жетпесе, тілімен тоқтатсын, егер олай істей алмаса, жүрекпен тоқтатсын. Және бұл иманның ең төмен дәрежесі болып табылады». 

 Осылайша ең соңғы амал иманның әлсіздігіне сәйкес келсе, ал ең бірінші амал – кемел амалды білдіріп, иманның кемілдігін көрсетеді. 

 Бұл жайында Ибн Масғудтан, Алла оған разы болсын, жеткен хадисте одан да тереңірек айтылған: 

«Алланың ережесі ретінде әрбір пайғамбар өзінен кейін шәкірт пен жақтаушылар тобын қалдырады. Олар оның сүннетімен жүріп, оның нұсқауларына ереді. Олар Алланың шариғатын пайғамбар қалдырған кейіпте, оған тіпті шаңның тозаңындай өзгерістерді енгізбей сақтап қалады. Алайда осыдан кейін жамандық пен азғындық заманы келіп, пайғамбар жолынан шегінген адамдар келеді. Олар өздерінің айтқандарын істемейді. Және бұйырмаған нәрсені істейді. Кімде-кім олармен ақиқат пен сүннетті қайта орнату үшін қолымен күрес жүргізсе, ол иман келтіргендерден. Ал кім оны істей алмаса, бірақ тілін қолданса, ол да иман келтірген. Ал кім тіпті осыны істей алмай, бірақ жүрегімен қарсы болса, ол да иман келтірген. Алайда одан төмен болатын иманның дәрежесі жоқ. Иман осы шекарадан тоқтайды, яғни бұданда төмен иманның сатысы бола алмайды деген сөз». 

 Бұл жұмыстың маңыздылығы мен керектігін имам Ғазали, Алла оны рақым етсін, келесі түрде түсіндірді: 

 «Жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтару – бұл діннің негізгі шарттарының бірі болып табылады және онда еш күмән жоқ, өйткені басқа діни барлық амалдар соған байланысты. Оның орындалуы үшін Алла Тағала пайғамбарларды жіберген болатын. Егерде оны ойымыздан шығарып тастап, ол туралы білімді және оны іске асыруда амал етпейтін болсақ, Алла сақтасын, пайғамбарлық тапсырма орындалмай қалады. Ізгіліктің бөлігі болған ар-намыс жойылып кетеді. Жалқаулық бәрінде пайда болады. Адасушылықтың барлық есіктері кеңінен ашылады. Надандық шыңы әлемге тарайды. Барлық істерде бұзықшылық болады. Қарым-қатынас үзіліп, бас бірікпеушілік пайда болады. Ауыл аймақтар күнәға батады. Жаратылыс (махлұқтар) жоғалып жойылады. Бұл өлім мен жойылуды түсіну, Қиямет күні аса Құдіретті Алланың алдында жауап берген уақытта ғана пайда болады. 

 Нендей өкініш, нендей өкініш. Соншалықты қауіптенген нәрсе – келді, қорыққан нәрсе – көз алдымызда тұр. 

 Білімнің ізі және бұрын барлық жерде тәжірибе жүзінде жасалатын амал діннің негізінен болған, жоғалып кетті. Оның затының әсер етуі мен ғұрпы өшіріліп қалды. Адамдардың жүрегі жек көрініш пен кемсітуге толы болды. Жүректердің Алламен байланысы үзіліп, нәпсісін қанағаттандыру үшін адамдар жануарлар сияқты дөрекі болып, ұяттан айырылды. Жер шарында шынайы ақиқаттың таралуы үшін айып пен жазғыруды шыдайтын адам табу, жәй ғана қиын немесе сәтсіз емес, ондай адам тіпті қалмаған. 

 Егер бір ержүрек адам қазіргі құлдырауды және босаңсуды жойғысы келіп, сүннетті қалпына келтіргісі келсе, және өз мойнына бұл керемет болған жүкті алып сүннетті тірілту үшін алаңға шығатын болса, онда бұл адам міндетті түрде жаратылыстың ішінен ең танымал, адамдардың ішінде жарқын патшалардың қатарынан болады». 

 Имам Ғазалидің бұл жұмыстың маңыздылығы мен қажеттілігі жайындағы сөздері бізге ояну мен ескерту болып табылады. 

 Біз бұндай маңызды міндетпен келесі себептермен елемейміз: 

 1) Бұл міндет тек қана ғалымдарға қатысты деп есептеледі, алайда Құрандағы сөздер бойынша Мұхаммед пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, үмметінің әрбіріне және сахабалардың өміріне де таралады, бұған исламның алтын ғасыры (әуелгі ізгілердің үш ғасыры) әділ дәлел болып куәлік етеді. 

 Дінді жеткізуді, яғни жақсылыққа шақыру мен жамандықтан қайтару, тек қана ғалымдарға міндет деп сену және өзі еш нәрсе жасамау – бұл надандықтың шыңы. Ғалымдардың жұмысы – ақиқатты сілтеп және тура жолды көрсету, ал басқаларды белгілі болған амалдарға алып келу және онымен Алланың жаратылысын жүргізу басқалардың жұмысы. 

 Бұл жайында хадисте ескертіледі: 

 «Шын мәнінде әрбіреуің қорғаушысыңдар, және сендер қол астындағыларыңнан сұраласыңдар. Патша – қорғаушы, және ол халқы үшін сұралады. Ер адам отбасының қорғаушысы, ол солар үшін сұралады. Әйел адам үй мен балалары үшін жауап береді, және ол сол үшін сұралады. Құл қожайынының мүлкісінің қорғаушысы, және ол да сол үшін сұралады. Сөйтіп сендердің әрбіреулерің құрғаушысыңдар, және әрбіреуің қол астындағыларың үшін сұраласыңдар». 

 Және кейінгі сөздер анық айтылған: 

 Расулаллах, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, айтты: «Дін – бұл шынайылық». Сахбалар сұрады: «Кімге қатысты?» Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жауап берді: «Аллаға, Оның Кітабына, Оның Пайғамбарына, иман келтіргендердің имамына және қарапайым мұсылмандарға». 

 Егер де мүмкін емес нәрсені болдыртатын болсақ, яғни бұл жұмыс тек қана ғалымдардың міндеті десек, онда заманның талабына сай онымен әрбір адам шұғылдану қажет, және Алланың сөзін жоғары болу үшін және дінді қорғау үшін дайындалуы керек. 

 2) Біз ойлаймыз, егер олардың имандары мықты болса, онда бізге басқалардың адасқандығы кедергі болмайды деп. Құранда айтылғандай: 

 «Уа, иман келтіргендер! Сендер өздеріңді түзелтулерің керек. Өздерің тура жолда болсаңдар, адасқан біреу сендерге кесір тигізе алмайды». [Мәида 5/105 аят.] 

 Бірақ шын мәнінде аятта сыртқы мағынасы меңзелмейді. Себебі бұл тікелей мағына Алланың даналығына және шариғаттың іліміне қарама-қарсы келеді. Ислам шариғаты қоғамдық өмірді, қоғамдық түзетуді және қоғамдық дамуды негізгі деп атаған. Және мұсылмандардың үмметі біртұтас дене деп аталған. Егер бір ағза ауратын болса, онда барлық дене қиналады. 

 Адамзат қандай да бір жоғары дәрежеге және шыңға жетсе де, бәрібір де тура жолға насихаттауды тастап, адасуға кеткендер болады. Және бұл аятта иман келтіргендерді тынышталандыру бар, олар тура жолда болып және оны насихаттаса, онда адасқандар тарапынан оларға ешқандай зиян мен қауіп жоқ. 

 Басқарудың дұрысы – бұл адам Мұхаммедтың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шариғатын толығымен барлық бұйрықтарын қабыл еткен жағдайды айтамыз. Және жақсылыққа шақыру мен жамандықтан қайтару да Алланың бұйрықтарынан. 

 Бұл сөздер Әбу Бәкір ас-Сыддықтың, Алла оған разы болсын, сөздерімен құпталады. 

 «Уа, адамдар! Сендер «Уа, иман келтіргендер! Сендер өздеріңді түзелтулерің керек. Өздерің тура жолда болсаңдар, адасқан біреу сендерге кесір тигізе алмайды», – деген, атты келтіресіңдер [Мәида 5/105 аят]. Ал мен Расулаллах, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естідім: «Сендер шариғатқа қарсы келген нәрсені көріп тұрып оны түземесеңдер, онда жақын арада Алла сендерді барлықтарыңды жазаға алады»

 Білімді ғалымдар да бұл аяттың осындай түсіндірмесін ұстанады. Имам Нәуәуи, Алла оны рақым етсін, «Шарх Муслимде» былай деп жазады: «Бұл аятқа қатысты ғалымдардың дұрыс түсіндірмесі келесідей. Сендерге әмір етілген нәрсені орындасаңдар – онда сендерге басқа адамдардың кемшілік (зияны) тимейді»

 Алла Субхана уа Тағала айтқандай: 

 «Және біреудің жүгін басқа біреу арқаламайды». Жақсылыққа шақырып және жамандықтан қайтару әмірі, орындалуы тиісті болған басқа бұйрықтары сияқты, олда Алланың бұйрықтарынан. Сондықтан біреу оны орындап жатса, яғни жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтарса, ал ол кімге соны насихат етіп және тыңдаушы оған құлақ аспаса, Алланың ашауы мен риза болмауы ол адамға (насихаттаушыға) түспейді. Себебі ол өзінің ескерту міндетін орындады. Ол оны тыңдамаған адамдар үшін жауап бермейді. Уаллаху Алям. 

3) Барлық қоғам, дін ғалымдары және қарапайым халық та үмітін үзді, яғни мұсылмандардың жетістікке жетуі мүмкін емес және қиын деген пікір қалыптасып. 

 Дұрысталу үшін бір жүйе берілген кезде, жауап біреу ғана. Қалайша мұсылмандар дами алады, егер оларда не күш жоқ, не мемлекет жоқ, не байлық жоқ, не қару жоқ, не басқару орталығы жоқ, не сан жағынан басымдылық жоқ, не бірлік жоқ, не келісім жоқ? Әсіресе діни ағымдар, олардың өз негіздеріне сәйкес қазір 14-ші хиджраның заманы деп шешті. Пайғамбарлық уақыт артта қалды, ал исламның және мұсылмандардың құлдырауы тұрақты болды. Оны өзгерту бос әурешілік. Біз пайғамбарлық шамынан алыстаған сайын, исламның ақиқат нұры одан сайын көмескі болып көрінетіні шынымен де солай. Бірақ бұл Мұхаммад, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, дінін сақтап қалу үшін барлық күш-жігерді тоқтату керек деген сөз емес. Егер де бұл шынымен де солай болса, және Алла сақтасын, біздің бабаларымыз да солай ойласа кезінде, онда бізге дінді жеткізуге жол болмас еді. Әрине біздің уақытта бұрынғымен салыстырғанда жамандықтан қайтару мен жақсылыққа шақыру үшін, көбірек қайрат пен табандылық қажет. 

 Таңғаларлығы, іс-тәжірибе амалда және толықтай ынтаға негізделген діннің ізбасарлары, қазіргі таңда абсолютты түрде әрекет етпей отыр, алайда Құран және Сүннет бізді әрекет етуге және ынтаға үйретеді. Кімді-кім тек қана ғибадатпен айналысқан, түнімен намаз оқыған, күнімен ораза ұстаған және оның тілінен Алланың аты түспеген болса да, ол адам – дұрыстауға ой жүгірткен және тура жолға біреуді салуға уайымдап мазасы кеткен адаммен салыстыруға келмейді. 

 Құранда көп жерде Алла жолында жігерлі болуды әмір етіп және қорғаушының қадір қасиеті мен артықшылығын баяндайды. 

 «Мүміндерден себепсіз (соғысқа шықпай) отырушылармен Алла жолында малдары және жандарымен соғысушылар тең емес. Алла Тағала малдарымен, жандарымен соғысушыларды дәрежеде арттырды. Сондай-ақ барлығына да игілік уәде етті. Және соғысушыларды отырушылардан үстем кеңшілікке бөлеп, ірі сыйлық берді». [Қр. Ниса 4/95 аят] 

 Бұл аятта кәпірлерге қарсы исламды көтеру мақсатындағы күрес және күпірлік пен пұтқа табынушыларды (мүшіріктерді) жеңу туралы айтылған, алайда бүгін біз бұл абыройдан құр қалдық. Бірақ бұл мақсатқа қол жеткізу жолында, қолымыздан келген нәрседен ешқашан әлсіздік танытпау керекпіз. Біздің бұл кішкентай ынтамыз біртіндеп бізді алға қарай жетелейді.  
«Сондай жолымызда күрескендерді әлбетте тура жолдарымызға саламыз. Рас Алла жақсылық істеушілермен бірге». [Қр. `Анкубат 29/69 аят] 

 Алла Тағаланың уәдесі бар, яғни пайғамбарымыздың, оған Алланың игіліг мен сәлемі бослсын, дінін қорғауға және бұнда еш күмән жоқ, және ол бар болады (қиямет күніне дейін). Бірақ оның дамуы мен (дәрежесі) биікте болуына біздің ынта жігеріміз керек. Мәртебелі сахабалар, Алла оларға разы болсын, өздерінің жан аямай қызмет көрсету себебімен өздерінің ынталарының жемісін көрген болатын, және оларға Алланың көзге көрінбейтін көмегі берілді. Егер біз олардың артынан ерушілер екенімізді толық мақтанышпен сезініп, Алла жолында ынталанып, Оның сөзі жоғары болу үшін, олардың жолдарымен жүретін болсақ, онда еш шүбәсіз Алланың көмегі бізбен де болады. 

 «Әй мүміндер! Егер Аллаға (дініне) жәрдем етсеңдер, Ол сендерге жәрдем етіп, табандарыңды бекітеді». [Қр. Мұхаммад 47/7 аят]

Жалғасы бар ин ша Алла ...


Шейх Мұхаммед Ихтишамуль Хасан

Дереккөз: askimam.ru
Аударған: darulahnaf.com