Пәтуәлар

Имам Байхақи кәпірлерді олардың мейрамдарымен құтықтау жайында


Шейхул Ислам, Хафиз, Имам Байхақи, Алла оны рақым етсін, өзінің «Сунану-л-Кубра», кітабында Халифа Омар бин әл-Хаттабтың, оған Алла разы болсын, сөздерін келтірген:

 »ولا تدخلوا على المشركين فى كنائسهم يوم عيدهم ؛ فإن السخطة تنزل عليهم « 

 “Мүшріктердің шіркеулеріне/ғибадат орындарына, олардың мейрам күндерінде кірмеңдер, өйткені, ақиқатында оларға қаһар түседі" 


 Сосын еш уақытта сөйлеуші былай деп айтып көрмесін: "Мен пайғамбар ретінде сенетін Исаның туған күнімен оны құтықтаймын!" өйткені ол кісі христиан, ол Исаның туған күнін Пайғамбардың туған күні ретінде тойламайды. 

 Ол "Құдай ұлының туған күні" ретінде тойлап, Лука "киелі кітабының" [ I бөлім: 36-38] мына сөздерін баяндайды: “Және періште оған айтты: қорықпа Мәриям, өйткені сен Құдайдан игілікке ие болдың! Сөйтіп, сен құрсағыңда бала көтеріп, ұл туасың, және атын Иса қоясың. Ол ұлық болып және Құдай Тағаланың ұлы атанады!

 Ал біз айтамыз: «Айт: Ол Алла, біреу-ақ. Алла мұңсыз. (Әр нәрсе оған мұқтаж) Ол тумады да, туылмады. Әрі оған ешкім тең емес!!!». 

 Тіпті мен саған, бұл мәселені ашатын, мынадай бір мысал келтірейін: егер бір адамда жылдың бір күнінде арақ ішіп, зина жасау дәстүрі қалыптасып қалса, саған оны сол күнмен құттықтауға болар ма еді, тек мынадай ескертпемен: "Шындығында мен оны сондай нәрселерде қолдап жатқам жоқпын ғой?" Әрине жоқ! 

  Алла Тағала Оған тән болмаған сипаттардан аса пәк. Ал Аллаға "ұл" бекіту - Алланың алдында ең ұлы зұлымдық болып есептеледі. Кемшіліктен Пәк Алла былай деп айтты: 

 «Олар: “Алла, бала иемденді” десті. Расында өрескел нәрсе сөйледіңдер. Бұдан көктер шатынап, жер жарылып, таулар құлап түсе жаздайды…!» 

[ Имам әл-Байхақи «Сунану-л-Кубра», 234/9 ]


Дереккөз: al-fatava.com
Аударған: darulahnaf.com