Пәтуәлар

Көпшілік мұсылмандарға еру жөніндегі хадис түсіндірмесі



Автор: Мулла Әли әл-Қари 

Хадис шарифтердің бірінде Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын) былай деген:


 اتبعوا السواد الأعظم ، فإنه من شذ شذ في النار 
«Көпшілік (мұсылмандарға) еріңдер, шындығында кім (үмметтен) бөлінсе, тозаққа қарай бөлініпті». Ибн Мәжә 

Имам Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи «Мишкатул-Масабих» кітабына жасаған шархында бұл хадис жайында айтты1.:

 قال : قال رسول الله - صلى الله عليه وسلم : ( اتبعوا السواد الأعظم ، فإنه من شذ شذ في النار ) رواه ابن ماجه من حديث أنس ( وعنه ) : أي عن ابن عمر ( قال : قال رسول الله - صلى الله عليه وسلم : ( اتبعوا السواد الأعظم ) : يعبر به عن الجماعة الكثيرة ، والمراد ما عليه أكثر المسلمين قيل : وهذا في أصول الاعتقاد كأركان الإسلام ، وأما الفروع كبطلان الوضوء بالمس مثلا فلا حاجة فيه إلى الإجماع ، بل يجوز اتباع كل واحد من المجتهدين كالأئمة الأربعة ، وما وقع من الخلاف بين الماتريدية والأشعرية في مسائل فهي ترجع إلى الفروع في الحقيقة فإنها ظنيات ، فلم تكن من الاعتقاديات المبنية على اليقينيات ، بل قال بعض المحققين : إن الخلاف بينهما في الكل لفظي ، وقيل : المراد جمع المسلمين الذين هم في طاعة الإمام وهو السلطان الأعظم ، وقيل : الجماعة من أهل الإيمان ، وقيل : الكتاب والسنة لكثرة معانيهما ، وقيل : كل عالم عامل بالكتاب والسنة . في الأزهار : اتبعوا السواد الأعظم يدل على أن أعاظم الناس العلماء وإن قل عددهم ولم يقل الأكثر لأن العوام والجهال أكثر عددا ( فإنه ) : أي الشأن ( " من شذ " ) أي في الدين بخروجه عن متابعة الأكثرين ( شذ في النار ) رواه . . . . ) : بعده بياض وألحق ميرك شاه ( ابن ماجه من حديث أنس ) . وزاد الطيبي : وابن عاصم في كتاب السنة . 

Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын) былай деген: «Көпшілік (мұсылмандарға) еріңдер, шындығында кім (үмметтен) бөлінсе, тозаққа қарай бөлініпті».
Бұл хадисті Ибн Мəжə Хазірет Əнəстан жеткізеді. "Көпшілік" сөзінің астарында, "көпшілік мұсылмандар" деген мағына жатыр.

Сондай-ақ, ғұламалардың айтуы бойынша, бұл талап Ислам негіздерінен болған сенім мəселесіне де қатысты. Ал діннің екінші дəрежелі мəселелеріне келсек, фиқһ сияқты, мұнда барлық мұсылмандардың бір келісімде болуы шарт емес. Керісінше, əр мұсылман өзі қалаған ұлық муждахидтерге ере алады, яғни, төрт мəзхаб имамдарының біріне.

Әшғарилер мен матуридилердің арасындағы кейбір қайшылықтар - екінші дəрежелі мəселелерге жатады. Бұл жай талқылау болатын, сенім емес. Керісінше, кейбір мухаққықтер былай деген: "Расында, ол екеуінің (әшғарилер мен матуридилердің) арасындағы қайшылық - сөз жүзінде ғана".

Сонымен қатар, "көпшілік" сөзінің астарында имамға (басшыға) ерушілер жатыр. Тағы "көпшілік" дегені - бұл Құран мен Сүннет, өйткені олардың мағынасы өте үлкен. Ал имам - Құран мен Сүннетке еруші, амал етуші имам.

«Əл-Əзхар»-да жазылған: "«Көпшілікке еріңдер» сөзі көпшілік ұлы ғұламаларға еру керектігін меңзейді, көпшілік қарапайым мұсылмандарға емес. Қаншама надан мұсылмандар көп, ал ұлы ілім иелері аз болса да. «Кім бөлінсе» - яғни, кім ұлы имамдардың сөзінен шықса, «Тозаққа бөлініпті»".

1. Әли әл-Қари, «Миркатул-Мафатих Шарху Мишкатил-Масабих», 262 б. Бейрут: Дарул-Фикр: 1422/2002.

Дереккөз: darulfikr.ru 
Аударған: darulahnaf.com

Комментариев нет