Пәтуәлар

Имам Абдулла Әл-Хаддад Жәннәт қазынасы болған — «Лә хәулә уә лә қууәтә иллә биЛләһ» сөздері жайлы


Имам әл-Хаддад Жәннәттің қазынасы —  لَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ اِلَّا بِالله  
«Алладан өзгеде күш пен қуат жоқ, барлық күш қуат Аллаға тән» сөзі туралы 

Имам өзінің «Ізденушілерге қазына» атты еңбегінде былай деп жазады:

Аса Рақымды Алланың атымен. Сен біл, өз зияндарыңнан түгел сақтанудың ең үздік жолы - «Лә хәулә уә лә қууәтә иллә биЛләһ» (Алладан өзге күш пен қуатқа ие емес) (деп айту).

Хужжатул Ислам (имам әл-Ғазали), рахимаһуллаһ, айтқан: «Күш (хаул) — бұл қуат, (қууат) — бұл қабілет».

Ешқандай жаратылыс Күш пен Қуат Иесі Алланың көмегінсіз ештеңеге қабілетті емес. Мүмінге Алланың көмегінсіз ештеңе істей алмайтындығын немесе әлденеден бас тартуға қабілетті емес екендігін мойындауы ләзім. Мысалы, бір парызды жүзеге асыру, бір амал немесе әлдебір күнəдан бас тарту болсын немесе адам ризығын табу үшін жұмыс немесе кәсіппен айналысса, тағы басқалар — мұның бәрі сол ниетті, (құлдың) амалы мен қабілеті - Жаратушы Алладан. Сондықтан, адамдар істегісі келетін амал, оларға «ие болу» («кәсб») және «амал» деп аталатын қабілет болып жазылады, сәйкесінше, соған сай марапатталады немесе жазаланады. Бірақ, олар (жаратылыстар) тек Алланың қалауымен таңдау құқығына ие болады және олар Алла мүмкіндік бермесе әлдене істей немесе әлденеден бас тарта да алмайды.

Олар (жаратылыстар) жер мен көкте зәредей де күшке ие емес және Аллаға ешбір ісінде ортақ бола алмайды.

Алланың әмірлері мен тиымдары Өзінің құлдарының қабілеті және таңдау еркіне сәйкес берілген. Алладан белгіленген және құлынан ие болынған амал үшін соған сай сый немесе жаза болады.

Абсолютті билік тек қана Алланың қолында, ал мұқтаждық пен бағынушылық Оның құлдарына тән қасиет. Сәйкесінше, «лә хәулә уә лә қууәтә иллә биЛләһ» сөзі құлдардың өзі автономды билікке ие екендігіне қарсы ең мықты дәлел және күллі амал Алланың қалауымен жүзеге асатындығын мойындау болып табылады.

Егер біреу адамның барлық іс-әрекеті өз қалауынан тыс, зорлықпен істеліп жатыр десе, ол аят пен Алла жіберген пайғамбарына қатысты өтірік айтушы детерминизмнің (мубтәди’и) жақтаушысы болып есептеледі.

Бұған қарама-қарсы бидғат иелері муғтазилиттер болса, олар Алланың пенденің амалына араласуын жоққа шығарады. Бірақ, кімде-кім:

1. мукәлләф (бойында діни жауапкершілігі бар адам) Алланың Заңдарына амал етуге таңдау еркі бар екендігіне, бірақ

2. ол өз амалдарында Аллаға толық тәуелді екендігіне сенсе, сол Сүннет жолын тауып, өзін көпшілік құтылушылар қауымына қосыпты және түрлі бидғаттардан өзін сақтапты.

Бұл мәселені терең түсінуге тырысқан көпшілік адамдар тура жолдан тайды. Мұның астарында Алла терең сүңгуге тіпті пайғамбарларына да тыйым салған жасырын тағдыр жатыр. Осылайша, бізге осының өзі, бәрі Алладан екендігіне және Оның қалауынсыз ештеңе де болмайтындығын, ары қарай ойланудың қажеті жоқ екендігін түсінуге жеткілікті. Бізден талап етілетін нәрсе тек Алланың Заңдарына амал етіп, өз нәпсімізге қарсы күрес жүргізу ғана.

Жәннат қазынасы 

Хадисте «лә хәулә уә лә қууәтә иллә биЛләһ» сөзінің Жәннәттің бір қазынасы екендігі жайлы айтылған. «Қазына» сөзінің астарында не жатқанына назар аударыңыз — оның мағынасы жасырылғандығын байқайсыз, өйткені, марапатта амалына сәйкес. Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сонымен қатар былай деген: «Қою қараңғы түндегі екі ракаат намаз – бұл артықшылықтан бір қазына». Бұлардың сый-сыяпаттары өте жасырын, себебі амалдың өзі, яғни, түннің өзі осыны меңзейді.

Қайғыға қарсы құрал

Сондай-ақ, «лә хәулә уә лә қууәтә иллә биЛләһ» сөзінің тоқсан тоғыз дерттен, ал соның ішіндегі қайғыдан қарсы құрал екендігі жеткен.

Бұл сөздер қайғыға қарсы сөздер, себебі, адам қайғыны көп жағдайда өзіне қымбат дүниесін жоғалтқанда сезінеді. Сондай кездерде, адамдар өздерінің мақсатына жетуге қауқарсыз екендігін сезеді, нәтижесінде өкініш сезімі пайда болады. Егер, мұндай кезде адам өзінің әлсіз екендігін мойындап, бар үмітін Құдіретті Аллаға артатын болса, онда оның жүрегіне тыныштық орнайды. Бұл Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сөзінен-ақ айқын: «Егер адам тағдырға иман келтірсе, оны қайғы тәрк етеді».

Алланың Күші мен Құдіреті Оның керемет Есімдерімен сипатталады; Алланың мінсіздігі мен Оның дәрежесін келесі есімдері көрсетеді: Мәртебелі (Әл-‘Аля) және Ұлық (Әл-‘Азим), мұнда Алланың адасқандардың сипаттағандарынан мүлдем пәк екендігі, Оның әрбір қалауы мен ісінде мін жоқ екендігінің белгілері жатыр. Сондықтан, өте сақ болайық! Тауфиқ Алладан.

Автор: Имам Абдулла Әл-Хаддад 

Дереккөз: darulfikr.ru
Дайындаған: darulahnaf.com




Комментариев нет