Пәтуәлар

Тасбих намазы жайлы хадис


Автор: 
Шейх Абдур-Рашид Ну'мани 
Имам Хафиз Жалалуддин әс-Суюти 

Әлбани тасбих намазын [1] бидғат амал санап, оған қатысты хадистердің бұәрін әлсіз немесе жалған хадиске шығаруы белгілі.

Имам Ибн Мәжә, оған Алланың рақымы болсын, бұл хадисті "Әс-Сунан"-да келтіреді. Ханбали мәзхабының ғұламасы Ибн Жәузидің, оған Алланың рақымы болсын, пікірі бойынша бұл жалған хадис.

Сондықтан ол “Әс-Сунан”-нан жинақталған жалған хадистер жинағы “Әл-Мәудуәт”-қа осы хадисті де қосады [2].

Дегенменде, Ибн Жәузидің кейбір сахих хадистерді де мауду’ хадистер қатарына қосып қойғандығын ескерсек, оның тым астамшылдық жасағанын байқаймыз [3].

Төменде біз “Имам ибн Мәжә және оның "Әс-Сунан"-ы” атты үлкен деобанди ғұлама Мухаммад Абдур-Рашид Ну’манидің, оған Алланың рақымы болсын, өз ішіне ұлы мухаддистердің Ибн Жәузидің тасбих намазы жайлы пікірлерін теріске шығаратын дәлелдерін қамтитын кітаптан қысқа үзіндіні келтірмекпіз.

Шейх Абдур-Рашид Ну'мани, оған Алланың рақымы болсын [4], жазады:
"Ибн Мәжә "Мә жәа фи соләти әт-тасбих" бөлімінде Муса ибн Убәйдәнің иснәдімен мына хадисті келтіреді:
"Маған Са’ид ибн Әби Са’ид Мәуля Әби Бәкр ибн Амр ибн Хазм, Әби Рафиядан былай деп жеткізген:
"Алла Елшісі ﷺ Аббасқа былай деп айтты: "Мен сені дарытпаймын ба және зор пайда әкелмеймін бе?... (Жалғасында хадистің тасбих намазы жайлы мәтіні келеді [5])

Шейх Абдур-Рашид ән-Ну'мани, оған Алланың рақымы болсын, жалғастырып жазады:
"Ибн-Жәузи бұл хадисті өзінің "Әл-Мәуду’ат"-ында жалған хадистер қатарына қосқан [6]. Ол жазады:
"Муса ибн Убәйдә – әлсіз жеткізуші. Яхья айтты: "[Ол] әлсіз жеткізуші".

Имам әс-Суюти, оған Алланың рақымы болсын, [бұл жайында] "Әт-Тәккубәт"-та жазады [7]: "Әл-Хафиз (Ибн Хажар) айтқан:
"Ибн әл-Жәузидің Муса ибн Убәйдә – әлсіз жеткізуші және хадис әлсіздігінің себебі екендігі жайлы сөздері қабыл етілуі мүмкін емес. Өйткені, шындығында, жеткізуші өтірікші емес, бұл хадисті растайтын басқа хадистердің (басқа иснәдпен жеткен) бар екендігін айтпасақ та".

Шейх Абдур-Рашид ән-Ну'мани, оған Алланың рақымы болсын, жалғастыра жазады:
"Ибн Мәжә "Мә жә фи соләти әт-тасбих" бөлімінде Муса ибн ‘Абдул-Азиздің иснәдімен төмендегі хадисті келтіреді:
"Бізге Әл-Хәкәм ибн Абаан, Акрамнан, ол Ибн Аббастан, риуаят етеді:
"Алла елшісі ﷺ Аббас ибн әл-Мутталибке айтқан... (Жалғасында тасбих намазы жайлы хадис мәтіні келеді)".

Ибн Жәузи, оған Алланың рақымы болсын, "Әл-Мәудуаат"-та жазады [8]:
"Бұл жалған хадис, себебі Муса ибн ‘Абдул-Азиз бізде белгісіз (мәж’уул)".

Шейх 'Абдур-Рашид ән-Ну'мани айтады:
"Бұл хадисті Ибн Аббастан "Әл-Хисалу әл-Мукәффира"-да әл-Хафиз Ибн Хажар, жеткізушілер жайлы былай айта келе жеткізген:
"Жеткізушілер - жақсы. Мысалы, Акрамға Бухари сенім білдіреді, әл-Хәкәм – садық (сенімді жеткізуші), ал Муса ибн 'Абдул-'Азиз Ибн Мә'ин жайлы айтқан:
"Әлсіздік көріп тұрғаным жоқ (яғни, Муса ибн 'Абдул-'Азиз – сенімді жеткізуші)".

Солай ән-Нәсәи де айтқан. Хадистің бүкіл сипаттары хасан хадистің барлық талаптарына жауап береді. Ибн Жәузи, бұл хадисті "Әл-Мәудуат"-қа қосқанда қатты қателескен.

Оның (Ибн Жәузи) сөздері: "Хадистің иснәдындағы белгісіз жеткізуші – Мұса", - қателік, себебі, Ибн Мә’ин және Нәсәи тарапынан "сиқа" [9] деп аталғанға осы екі ұлы имам-мухаддистерден кейін келген, жеткізушінің дәрежесін білмейтін зиян жеткізбейді. Бұлай деп Хафиз әс-Суюти, оған Алланың рақымы болсын, "Әл-Ля'лиу әл-мәснуәт"-та жазады..."

_____________________________________________________________________________________
• 1. Тасбих намаз. Төрт ракә’аттан тұрады. Екі немесе төрт ракә’аттан оқуға болады. Сана’а дұғасынан соң, Әл-Фатиха сүресінен бұрын 15 рет тасбих оқылады: "Субханаллаһи уәлхәмдулилләһи уә лә иләһә иллә Ллаһу уаллаһу Әкбәр". Сосын «Әл-Фатиха» сүресі оқылып тағы 10 рет тасбих. Сосын 10 рет тасбих руку’де, 10 рет қайта тік тұрғанда, әр сәждеде 10 реттен сосын әр сәжде арасындағы отырыста тағы 10 рет тасбих айтылады. Ниет: "Мен Алла үшін сүннет-тасбих намазын оқуға ниет еттім, Аллаһу Әкбәр". Сонымен, тасбих әр қимылда 10 реттен, ал «Әл-Фатиха» сүресінен алдын 15 реттен оқылады. Нәтижесінде, тасбих әр ракә’атта 75 рет, ал жалпы есеппен – 300 рет оқылады.
Алла Елшісі ﷺ айтқан (мағынасы): "Тасбих намазы – Алланың ұлы сыйы және бұл намаздың сыйы – бүкіл күнәлардың кешірілуі, жаңа және ескі, құпия немесе жария, біліп немесе білмей жасалғандығына қарамастан. Сондықтан, оны күнде оқуға әрекет етіңдер, болмаса апта сайын (абзалы Жұма сайын) немесе ай сайын. Оған да шамаларың жетпесе жыл сайын, ал тым болмаған жағдайда өмір бойына бір рет" (Әбу Дәуд, Ибн Мәжә және Байхақи жеткізген). 
• 2. Шейх Ибн Жәузи "Әл-Мәудуәт"-ке Ибн Мәжәнің "Сунан"-ынан 34 хадисын қосады.
• 3. "Сахих" имам Муслимнің 3 хадисі.
• 4. 201-202 б.
• 5. Текст.
• 6. 2-том, 143-145 б.
• 7. 14-бет.
• 8. Том 2, б 143-145.
• 9. Сенімді жеткізуші.

Дереккөз: darulfikr.ru
Дайындаған: darulahnaf.com

Комментариев нет