Пәтуәлар

Құран құндылығы жайлы 40 хадис. Жиырма үшінші хадис


Жиырма үшінші хадис 

Әбу Зарр, оған Алла разы болсын, жеткізгендей, Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген: «Сендер Аллаға Оның Өзінен тікелей келгеннен артық, яғни Құраннан артық нәрсемен бет бұрып, жақындай алмайсыңдар». 

Бұл тақырып басқа көптеген риуаяттармен де қуатталады: Аллаға жақындаудың ең жақсы жолы Құранның көмегімен болады, басқа нәрсемен жүзеге аспайды. Имам Ахмад бин Ханбал, оны Алла рахым етсін, оған түсінде Аллаға жақындаудың ең жақсы жолы – Құран деп айтылғанын жеткізеді. Ал «мағынасын түсінумен немесе түсініксіз бе?» деп сұрағанында, «Түсініп оқисың ба, жоқ па – екеуі де жақындау жолдарынан» деп жауап берілген.
Бұл хадистің түсіндірмесі маулана Шах АбдулАзиз Дехлеуидің тафсирінде келтіріледі. Оның негізі былай: «Сулюк иля Аллах», яғни «Мартаба ихсан» – ихсан дәрежесінде Алланы сезіну үш түрлі тәсілмен жүзеге асады:

1. Тасауур – Шариғатта ойлану мағынасында, ал сопыларда мураққаба ретінде танымал.
2. Тілмен зікір ету.
3. Құран оқу.

Бірінші тәсіл жүрекпен зікір ету болғандықтан, анығында екі тәсіл қалады: біріншісі – жалпы зікір ету, яғни жүрекпен және тілмен; екіншісі – Құран оқу. Аллаға қатысты сөздер қайта-қайта қайталануы керек – бұл зікірдің негізі болып табылады. Сонда ол Аллаға деген ықылас пен зейін салудың күшеюіне себепкер болады. Тұрақты түрде Алланы жаныңда сезіну ма`ият (бірігу) деп аталады.

Ол туралы хадисте баяндалған: Алла Тағала айтады: «Менің құлым нәпіл амалдар арқылы Маған соншалықты жақындайды, Мен ол еститін құлағы боламын, көретін көзі боламын, ұстайтын қолдары, жүретін аяқтары боламын».

Яғни, адам табанды құлшылықтары арқылы Алла Тағаланың жақын еткен, сүйікті құлдарынан болғанда, Алла оның дене мүшелерінің сақтаушы болады. Көз де, құлақ та және басқасы да – барлығы Алланың қалауына бағынады. Парыз амалдар шектелгендіктен, нәпіл амалдардың көптігі жайлы айтылған. Парыз амалды белгіленген мөлшерден артық жасауға болмайды және оған тұрақтылы ықылас керек.

Бірақ бұл тәсіл тек Ұлы Жаратушыға ғана қатысты қолданылады. Ал егер әлдекім басқа біреуге оның атын қайталап жақындауға тырысса, ол мүмкін болмайды. Себебі кімге жақындамақ болса, онда келесідей екі сипат болу керек. Бірінші, оның білімі жүрекпен не тілмен зікір етушілердің барлығын қамту керек. Тіпті егер олар әртүрлі уақытта және әртүрлі жерде жасап жатса. Екінші, ол түсінікті нұрланды күшіне ие болу керек. Шейхтердің сөздік қорында ол «дунну» және «тадалли», яғни түсіру және жақындау деген мағыналарға келеді. Бұл екі сипат тек Аллаға қатысты болғандықтан, жоғарыда аталған жақындау жолдары тек Оған қатысты мүмкін болады.

Бұл туралы Құдси хадисте де айтылған: «Кім Маған бір сүйем жақындаса, Мен оған бір шынтақ бойы жақындаймын. Кім Маған бір шынтақ бойы жақындаса, Мен оған бір құлаш жақындаймын. Кім Маған жүріп келсе, Мен оған жүгіріп келемін».

Бұл теңестірулер тек түсіндіру үшін қажет. Анығында Алла Тағала кез-келген жүру мен жүгірулерден үстем. Бұл жердегі мағына – Алла Тағаланың назары мен рахымы Оны еске алушылар мен іздеушілердің ынталары мен тырысуларын әлдеқайда асып түседі. Және де неге олай болмасқа? Бұл Жомарттың жомарттылығына лайықты. Сонымен, еске алушылардың тарапынан тұрақтылық болғанда, Алла Тағала тарапынан да рахымын жіберуде тұрақтылық болады.

Құран толығымен Алланы зікір ету болғандықтан, айтылғанның барлығы Құранға да қатысты. Алайда онда жақындаудың себебі болатын бір ерекшелік бар. Әр сөзінде Сөйлеушінің қасиеттері мен ықпалы бар. Күнәһар әрі азғын адамдардың өлең шумақтарын оқудан олардың ықпалы байқалатыны анық. Сол сияқты, тақуалардың өлеңдерінен олардың ықпалы байқалады. Осы себепті де, логика мен философиямен асыра көп шұғылдану тәкәппарлық пен менмендік туғызса, хадистерді табанды түрде үйрену бойұсынушылықты туғызады. Дәл осы себепті, парсы мен ағылшын тілдер ретінде бірдей болғанымен, авторлардың пікірлерінің айырмашығынан, оқылатын кітаптардың ықпалы да әртүрлі болады. Қорытындылығанда, сөздерде әрқашан сөйлеушінің ықпалы болатындықтан, Алланың Кәләмін қайта-қайта оқудан Сөйлеушінің ықпалы пайда болуы және онымен байланыс орнауы күмәнсіз.

Әдеттегідей ары қарай әрбір жазушыда оның шығармашылығына ден қойған оқырманға деген махаббат пен ілтипат пайда болады. Сондықтан, Алла Тағаланың Оның сөзін оқитын адамға одан бетер зер салуы – айдан анық әрі күмәнсіз. Бұл өз кезегінде Оған одан бетер жақындаудың себебі болып табылады. Жомарт Раббымыз бізге осындай рахымын нәсіп етсін!

Дереккөз: askimam.ru
Аударған: darulahnaf.com

Комментариев нет