Пәтуәлар

Ойдан шығарылған хадистер. 3


Хадис 14

"Алла Тағала біздің аспан әлеміне түскісі келгенде, Ол өзі Арштан түседі".1 

Бұл хадисті тек Дəжжал ғана жеткізе алады.

Түсіндірме:

1. Қр. Имам Суюти, «Зайлу-л мауду’ат»: 2 б;
Хафиз Сахауи, «Макасыт»:15 б;
Ибну-д Дайба, «Тамйиз»: 12 б;
Мулла Әли Қари, «Кубра»: 112 б;
Ажлуни, «Кашф»:1/80 б.
2. Имам Суютидің «Зайлу-л мауду’ат» кітабында айтылғандай, бұл сөздерді хадис ретінде Əбу Бакр Мұхаммад ибн Иса ат-Тарасуси жеткізеді. Тарасуси өз кезегінде бұл сөздерді  Нуайм ибн Хаммадтан жеткізгенін айтты. Ол Жəрирден, Жəрир Лəйстен, ал ол Бишрден, ал ол Əнастан. Бұдан кейін Имам Суюти хадис жеткізуші тізбекті сынға ала, былай деген:

"Нуайм ибн Хаммад бірнеше рет сенімсіз (яғни, ойдан шығарылған) хадистерді келтірген. Қалайша біз оған сене аламыз?!"

Ал Нуаймнан осы хадисті жеткізген Тарасуси жайында Ибн Əдий былай деп айтты:

"Ол жеткізген хадистердің көбінде ешқандай негіз жоқ. Ол "хадис ұрлаушылардан". Басқалар ол туралы: "Ол мұхаддис-дəжжал" деп айтқан. Сол себепті бұл хадисте анық кемшілік бар, бірақ біз одан ба немесе оның ұстазы Нуаймнен ба екенін білмейміз ".

Авторы: Имам Мулла ‘Əли əл-Қари əл-Ханафи
Кітап: «Əл-Маснуфи Ма’рифати-л-Хадиси-л-Мауду»
Түсіндірме: Шейх Əбдул-Фаттах Əбу Ғудда əл-Ханафи

Аударған: darulahnaf.com

Комментариев нет