Пәтуәлар

Құран құндылығы жайлы 40 хадис. Жиырма төртінші хадис


Жиырма төртінші хадис 

 Анас, оған Алла разы болсын, жеткізгендей, Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген: «Анығында адамдар арасынан Аллаға жақындары бар». Сахабалар: «Олар кімдер?», - деп сұрады. Ол: «Құранның адамдары. Міне солар Алланың жақындары және ерекше адамдар», - деп жауап берді. 

Құранның адамдары («Әһли әл-Құран») – әрдайым Құранмен шұғылданатын және Құранға ерекше құштар болғандар. Олардың Алланың жақындары әрі мәртебелі адамдар екені анық. Алдыңғыдан белгілі болғандай, бұл адамдар Құранмен болған уақытта, оларға Алланың рахымы жауып тұрады. Әрқашан біреудің жанында болғандар оның жақындары мен ардақты адамдары болып есептеледі. Кішкентай ыждаһаттың себебінен Алланың жақыны болу қандай үлкен мәртебе – Алланың адамдарынан болу және Оның марапатына ие болу құрметі.

Осы дүниеде небір патшалардың сарайларына кіру үшін немесе парламенттің таңдаулы мүшесі болу үшін қанша күш пен қаражат жұмсалады. Сайлаушыларға жағымпазданып, қорлыққа көну керек болады. Және бұлар соған тұрарлық деп есептеледі де, Құран оқу пайдасыз дейді.

Бір поэмада былай деп айтылған: «Қарасаңшы, тура жолдан ауытқу – ешқайда әкелмеді».

Дереккөз: askimam.ru
Аударған: darulahnaf.com

Комментариев нет