Пәтуәлар

Шейх Саид Фуданың маңызды ескертулері мен тезистері. 3-бөлім.


Шейх Саид Абдул-Латиф Фуданың (Алла Тағала оны сақтасын) дəрістерінен өте маңызды ескертулер мен тезистер. (17/02/2018)


жалғасы

44 - الانتساب للصحابة ليس قيداً أو شرطاً؛ لأن الصحابة انتسبوا للحق، والحق هو الذي جعلهم من أهل السنة والجماعة.
Сахабаларға таңу - шектеп қою немесе шарт нәрсе болып табылмайды. Себебі, сахабалар ақиқатта болған, ал ақиқат бұл оларды Әһли-Суннадан еткен нәрсе.

45 - انتساب الصحابة للحق بالحق هو الذي جعلهم من أهل السنة والجماعة. 
Сахабаларды ақиқатқа ақиқатпен жатқызу - бұл оларды Әһли-Суннадан еткен нәрсе.

46 - عليك أن تحتج على الخلق بالحق، لا بأعيان الخلق.
Жаратылысқа қарсы тек қана ақиқатпен дәлел келтіру қажет. Жаратылыстың өзінен емес.

47 - المنهاج الحق هو المنهاج الذي استعمله الصحابة، وليس مجرد الألفاظ الجزئية التي نطق بها الصحابة.
Ақиқат жолы - бұл сахабалардың ұстанған жолы. Сахабалардың өздері айтқан бөлек сөздер емес.

48 - الصحابة نطقوا بأقوال بناء على المنهاج والاستدلالات الصحيحة الحقة.
Сахабалар шындыққа, тура жолға және нақты дәлелге сүйеніп сөз айтқан.

49 - عندما نقول نحن من أهل السنة والجماعة فإننا لا نعود بالتاريخ إلى الوراء، بل نحن نساير التاريخ إلى يوم القيامة.
Егер біз Әһли-Суннаданбыз десек, артқа қайтқан болмаймыз. Керісінше, тарихты әрі қарай жылжытқан боламыз.

50 - عند أهل الحق لا يوجد هناك فرق بين المتقدمين والمتأخرين؛ لأنهم كلهم من أهل الحق، إلا في نحو الاستدلال وطريقة البيان ومنهج التعبير، وهذا من الأمور العارضة لا الأصلية.
Тура жолдағылардың әуелгілері (мутақаддимин) мен кейінгілерінің (мутаххирин) айырмашылығы жоқ. Себебі, олардың барлығы ақиқат жолынан. Дәлел келтіру әдісі, түсіндіру және шархтау әдістерірен басқа. Ал бұл алайда негізгі емес, екінші дәрежелі мәселе.

51 - أراد أهل السنة أن يقولوا نحن الذين ضممنا إلى اعتقادنا بالقرآن، اعتقادنا بالسنة؛ لأن جزءاً من أقوال الرسول وأفعاله بيان لما جاء في الكتاب.
Әһли-Сунна бұл: "Құранға Сүннетпен бірге иман келтірдік. Себебі, Сүннет - Құранның түсіндірмесі" дейтіндер.

52 - ورد في كثير من الأحاديث أن الحق والصدق في هذه الأمة لم يزل غالباً إلا على الجماعة.
Көптеген хадистерде келеді, шындық және ақиқат - жамағатта (көпшілік мұсылман қауымда) болады.

53 - الحق دائماً سيكون على لسان جماعة المسملين.
Ақиқат әрдайым (басқалардың емес) мұсылмандардың тілінде болады.

54 - نحن لسنا متعبدين بلفظ "أهل السنة والجماعة"، بل نحن متعبدون في أن نعمل بما هو موافق للأدلة.
Біз дінді: "Әһли Сунна уәл Жәмаға" демейміз. Бәлки, дәлелдермен бекітілгенге амал етеміз.

55 - العمل بالسنة بحسب قواعدها وأحكامها هو ما يتميز به أهل السنة والجماعة
Сүннетті ереже, қағидаға сай орындау - бұл Әһли-Суннаны басқа ағымдардан ерекшелейтін тұс.

56 - ليس كل من قال عن نفسه أنه من أهل السنة والجماعة فإنه كذلك؛ لأنه ليس مجرد الانتساب إلى هذا اللقب هو المعيار والمصداق، بل هو في الدليل.
Әһли-Суннаданмын дейтін әркім шынымен де олай бола бермейді. Себебі, өзін жай сол қатарға жатқызу - өлшем немесе анықтама емес. Бәлки, оған дәлел керек.

57 - إذا صح استدلالك فقد صح انتسابك؛ حتى وإن لم تنتسب.
Егер сенің дәлелдерің қабылданса, сен Әһли Сунна қатарынан боласың. Тіпті егер өзіңді оған жатқызбасаң да.

58 - أهل السنة والجماعة هم من اعتقدوا العقائد الحقة وإن لم ينتسوا إلى أهل السنة والجماعة.
Әһли-Суннаның ерушілері шынайы ақиданы ұстанушылар, тіпті егер өзін олай санамаса да.

59 - ليست العبرة بحال اللسان، بل العبرة بما يعتقده بقلبه ولسانه.
Тек қана тілдегі есепке алынбайды, бірақ, сенің жүрегіңдегі сенімің мен тіліңдегі есепке алынады.

60 - مثال من العقائد التي يعتقدها أهل السنة والجماعة هو كتاب الإمام الطحاوي رحمه الله.
Әһли-Сунна ақидасының дәлелі ретінде Имам Тахауидің еңбегін жатқызуға болады.

61 - لن نجعل من عنوان أهل السنة والجماعة دليلاً على ما نقول، بل سنجعل من عنوان أهل السنة والجماعة دعوى لنا.
Біз ешқашан «Әһли-Сунна» атын өзіміз айтып жатқанға дәлел етіп алмаймыз. Бірақ біз «Әһли-Сунна» атын өзіміздің (ақиқатта екеніміз ретінде) бекітеміз.

Дереккөз: Aslein.net 
Аударған: Kun saeedan | كن سعيدًا 
Дайындаған: Darulahnaf.com

Комментариев нет