Пәтуәлар

Құран құндылығы жайлы 40 хадис. Жиырма бесінші хадис


Жиырма бесінші хадис 

Әбу Хурайра, оған Алла разы болсын, Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді: «Алла Тағала Құранды әуендеп оқитын Пайғамбардың дауысына зер салғандай, басқа еш нәрсеге былай назар аудармайды». 

Осының алдында білгеніміздей, Алла Тағала Өзінің Кітабына ерекше назар аударады. Кітапты оқушылардың арасында пайғамбарлар Құран оқу ережелерін толық, кемел түрде сақтаған. Осы себепті оларға көбірек ден қойылатыны анық. Ал егер алтын үстіне жауһар қосылғандай, осыған сазды үн қосылса, онда бұған қандай көңіл бөлінетіні айдан анық. Пайғамбарлардан кейін жақсылар ең жақсысына зер салынады.

Шейхул Хадис Мәуләнә Мұхаммед Зәкәрия Кандехлауи Ханафи

Дереккөз: askimam.ru
Аударған: darulahnaf.com

Комментариев нет