Пәтуәлар

Әбу Осман ад-Даримидің сөздері жайында



Ақидадан

Әбу Осман ад-Даримидің* мына сөздері жайында:

«Сосын егерде Алла Тағала қаласа масаның арқасына орнығар еді, ол Оның құдіреті және үстемділік жұмсақтығының қолдауымен Алланы көтеріп кетер еді. Ал онда Алла Тағаланың аршыда орнығу мүмкіндігі жайында не айтса болады?!»




 Имам Мұхаммед Захид әл-Каусари, оған Алла Тағала разы болсын, айтты:

 «Ол Алла Тағала жайында міне былай деп айтып тұр! ад-Даримидің құлшылық нышанының маса арқасында орнығу мүмкіндігі бұл шешіліп қойылған мәселе және келісуге боларлық іс деп ойлап қалуға болатындай. Сонымен бұдан кейін ол масаға орнығу мүмкіндігіне сүйене Алла Тағаланың аршыда орнығуы тіптен мүмкін деген шешім шығарады, өйткені арш масаның арқысынан үлкен және кең ғой. Алла Тағала бұл арамдықтардан пәк болғай! Және мен осы ас-Сиджзи (ад-Даримиді айтып отыр), әл-Хараанилерге (ибн Таймияны айтып отыр) және олардың ізбасарларына дейін бұндай сандырақты айтқан бірде бір адамды білмеймін. Жәнеде Алла Тағаланың Қалауы (әл-Ирада) мүмкін емес нәрселерге (таралмайды) қатысты емес екенін кім білмейді? Өйткені бұл мынадай сөздерге тәріздес: "Егер Алла қаласа, онда жеп ішуші еді, жыныстық қатынасқа түсер еді, өзі тәріздесті жаратар еді", және сол сияқты Алла Тағлаға қатысты мүмкін емес нәрселер, Алла Тағала бұның барлығынан аса жоғары болғай!»

 Кітап: «Макаләтул Каусари»
 Аударған: Ұстаз Махди Шамсуддин

*Мужассим ад-Дарими және "ас-Сунна" хадис жинағының авторы екеуі екі бөлек адам, біріншісі бұл Алланы жаратылыстарға ұқсатушы мужассим Осман ибн Саид ад-Дарими (һижри 282 жылы қайтыс болған). Екіншісі бұл Әһли Сунна ғалымы Имам Абдулла ибн Абдурахман ад-Дарими (һижри 255 жылы қайтыс болған) Имам Муслимнің ұстаздарының бірі болған, ол екеуіне Алла разы болсын

Дереккөз: darulfikr.ru
Дайындаған: darulahnaf.com

Комментариев нет