Пәтуәлар

ФИҚҺ | «Музыка, музыкалық аспаптар, концерттер жəне музыкалық арналар жайлы»


Шариғат Құқықтарының Энциклопедиясында келеді:

 جاء في” الموسوعة الفقهية “ ١٧٨/٣٨ : « ذهب الفقهاء إلى أن الإستماع إلى المعازف المحرمة — حرام ، والجلوس في مجلسها — حرام 

 Ислам ғұламалары мына келісімге ортақтасқан:

 • Музыкалық аспаптарды тыңдау - тыйым салынған [хара́м];

 • Музыкалық концерттер немесе музыка араласқан жиналыстарда жиналу тыйым салынған;

 دعا رجل عبد الله بن مسعود رضي الله تعالى عنه إلى وليمة ، فلما جاء سمع لهوا فلم يدخل 

 Бір кісі 'Абдуллаһ ибн Мəс'удты, Алла оған разы болсын, тойына шақырады. Тойға кірерде музыканың дауысын шығып жатқанын естіген Абдуллаһ ибн Мəс'уд кірмей кетіп қалды.

 فقال : ” ما لك ؟ “ ، – فقال : « سمعت رسول الله صلى الله عليه وسلم يقول : 

 Əлгі кісі одан сұрады: “Саған не болды?”, – сонда ол жауап берді: «Мен Алла елшісінің, оған Алланың салауатымен сəлемі болсын, былай дегенін естідім:

 ” من كثر سواد قوم — فهو منهم ، ومن رضي عمل قوم — كان شريكاً لمن عمله “ » 

 “Кім бір қауымға қосылса ол солардан! Ал кім сол істі істеушілердің разылығын алуға тырысса, ол сол іске ортақтасқан болып табылады!”» [2].

 بل إن بعض الفقهاء نص على أن من يستمع المعازف المحرمة — فاسق 

 Ислам ғұламаларының кейбірі музыкалық аспаптар тыңдаушының фасық екенін кесіп айтқан.

 قال ابن القيم رحمه الله : ” العود والطنبور وسائر الملاهي — حرام ، ومستمعها — فاسق “ » ، – انتهى 

 Ибну-л-Қайим, Алла оған рақым етсін; былай деген: “Уд, лютня / гитара тағы басқа сол сияқты кез келген музыкалық аспаптар - харам жəне оны кез-келген тыңдаушы күнəхар (фасиқ)!”», - сөзінің соңы.

 Пайдаланылған кітаптар:
 [1] Қараңыз: «Əл-Мухта́р», 221/5, «Əл-Мəуəхибу-л-Жəлил», 8/6, «Раудату-т-Та́либи́н», 228/11, «Кəшшəфу-л-Қинə‘», 183/5.
 [2] Хадисті Ибн Хажар əл-‘Асқалəни, Алла оны рақым етсін «Мата́либу-л-‘Алия» кітабында келтіреді, 42/2.

Дереккөз: «Daru al-Ittisoliyyah» Арнасы | telegram.me/ittisoliyyah

Комментариев нет