Пәтуәлар

Құран құндылығы жайлы 40 хадис. Жиырма жетінші хадис


Жиырма жетінші хадис 

Убайда Мулайки, оған Алла разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізеді: «Уа Құран адамдары! Құранға сүйенбеңдер де, оны дұрыс (лайықты түрде) оқыңдар – түнде де, күндіз де. Табысқа жету үшін Құранды таратыңдар, оны әуезді оқыңдар және оның мағынасы жайлы ойланыңдар. Және оның (бұл дүниедегі) сыйымен асығыс танытпаңдар, себебі ол (Құран) үшін үлкен сый бар (ахиретте). 

Хадисте бірнеше тармақ келтірілген:

«Құранға сүйенбеңдер». Бұл сөйлемде екі мағына бар. Біріншісі – сүйеніп отырмау, себебі бұл құрметсіздік болып табылады. Ибн Хаджар, оны Алла рахым етсін, Құранға сүйеніп немесе ол жаққа қаратып аяқты созып отыру, теріс бұрылу, аяқпен басу және т.с.с. – харам деп жазады. Екіншісі – елемеуден сақтандыру. Кейде Құранды үйдегі сөрелерге немесе кейбір мазарларда, кесенелерде кездесетіндей, бас жаққа береке үшін деп қойып жатады. Бұл Құранды лайықсыз қолдану болып табылады. Құранның хақысы – оны оқу.

 «Оны дұрыс (лайықты түрде) оқыңдар» деген сөз – жиі әрі таджуид ережелерін сақтап оқу. Құранның өзі осыған көңіл бөледі.

Былай деп айтылған: «Біз Кітап бергендерден оны лайықты түрде оқығандар» («Бақара» сүресі, 121-аят).

Патшаның бұйрықтары қандай құрметпен оқылса және ғашығынан алған хаттар қандай махаббатпен оқылатын болса, Құранды солай оқу керек.

Және «оны таратыңдар», яғни күштерің жеткенше, қолдарыңнан келгенінше оны таратыңдар: ауызша немесе жазбаша, басқаларды дайындап не жеке өздерің қатысумен. Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Құранды таратуға бұйырды. Аллайда біздің оқымысты ойшылдарымыз оны оқу, зерттеуді – пайдасыз іс деп есептейді. Бірақ сонымен қатар, олардың Пайғамбарға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, және Исламға деген махаббат жайлы сөздері ауыздарынан түспейді.

Бір ақын айтқандай: «Мен қорқамын, уа бәдәуи! Сен ешқашан Қағбаға жете алмайсын деп қорқамын. Себебі сенің жолың Түркістанға қарай бағытталған».

Құранды таратыңдар – бұл Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бұйрығы. Бірақ турасында, біз оны таратуға кедергі келтіруге бір мүмкіндікті де жібермейміз. Біз зайырлы мемлекеттің міндетті білім алу жүйесі туралы заңдар қабылдаймыз. Соның салдарынан біздің балаларымыз Құран оқып үйренудің орнына бастауыш сыныптарға баруларына тура келеді.

Діни мектептер біздің балаларымыздың уақытын босқа кетіріп жатыр деп шамданамыз. Сол себепті олардың онда оқығанын қаламаймыз. Әрине, олардан кеткен қателіктер барын мойындаймын. Бірақ соның себебінен сіз Құранды тарату жауапкершілігінен немесе борышынан босатыласыз ба? Бұл жағдайда ол борыш сіздің мойныңызға жүктеледі. Ол өз қателіктері үшін өздері жауап береді. Бірақ олардың қателіктері үшін сіз балаларды еріксіз Құран медреселерінен алшақтатып жатырсыз және олардың ата-аналарына ескерту жасап жатасыз, салдарынан олар амалсыз балаларын Құран оқуға немесе жаттауға үйрете алмайды. Бұның жүгі сіздің мойныңызда.

Бұл ауруға шалдыққан адамды умен емдеу тәрізді. Өзіңіз ойлап көріңізші, ұстаздары нашар оқытты деп балаларыңызды Құран медреселерінен алып кеткеніңіз үшін, Алла Тағаланың Жоғарғы Сотында айтатын ақтау сөзіңіздің салмағы қандай болады. Саудагер болып немесе ағылшындарда шенді азамат болып жұмыс істеу үшін 2×2=4 оқыту маңызды болып есептеледі. Ал Алланың алдында Құранды үйрену ең маңызды.

«Әуезді оқыңдар» – алдыңғы хадистерде келтірілгендей.

«Оның мағынасы жайлы ойланыңдар». «Ихья» кітабында Таураттан былай келтірелген. Алла ТАғала былай деп айтқан: «Ей, Менің құлым! Менен ұялмайсың ба? Жолда саған досыңнан бір хат келгенде тоқтай қалып, шетке қарай жылжып, оңашада отырып, әрбір сөзіне зер салып, мұқият оқисың. Сенің жаныңнан Мен барлығын түсіндіріп қойған Менің Кітабым өтеді. Кейбір маңызды мәселелерді Мен онда көп рет түсіндірдім. Сен олар жайлы ойлансың деп, ал сен болсаң бейқамдық танытасың. Не? Мен сен үшін достарыңнан да төменмін бе? Ей, Менің құлым! Кейбір достарың сенімен сөйлесіп отырғанда, сен олардың айтқандарын тыңдап, түсінуге тырысып, оларға толық көңіл бөлесің. Егер біреу араласып жатса, ыммен оны тоқтатып жатасың. Мен сенімен Кітабым арқылы сөйлесемін, ал сен еш көңіл бөлмейсің. Не? Мен сен үшін достарыңнан да төменмін бе?».

Ойлану мен мағыналарды түсіну жайлы кіріспе мен 8-хадисте сөз қозғаған едік.

«Және оның (бұл дүниедегі) сыйымен асығыс танытпаңдар», яғни Құран оқу үшін ешқандай ақы алмаңдар, себебі ахиретте ол үшін зор сый алады. Егер бұл дүниеде ақы алатын болсаң, онда алтынның орнына құнсыз тиын алған іспетті боласың. Алла Елшесі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, айтқандай: «Менің Үмметім динарлар мен дирхамдарға көңіл бөлетін болғанда, олардан Исламның абыройы кетеді. Ал олар жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйюды доғарғанда, олар берекеден айырылады, яғни Құранды түсінуден мақрұм қалады».

Алла бізді мұндайдан сақтасын!

Дереккөз: askimam.ru
Аударған: darulahnaf.com

Комментариев нет