Пәтуәлар

Ауыз ашар [ифтар] уақытында қатты тойғанша тамақтануға болады ма?


Сұрақ:

Ауыз ашар уақытында [ифтар] қатты тойғанша тамақтануға болады ма, әлде ол рұқсат етілмеген бе?

 Жауап:

Түптеп келгенде, бұл шариғатпен рұқсат етілген, Рамазан айында, немесе басқа да айларда қарнын толтырып тамақтанғаны үшін, адам баласына ондай ісі үшін күнә жазылмайды.

Алайда, шариғат біздерді, тамақтануда орташа ұстамдылыққа шақырады, сондай-ақ, бұл — ауыз ашарға да қатысты. Орташа ұстамдылықпен сәресін ашу – адам денсаулығына және оның рухани халіне жасырын пайдасы бар.

 Өз заманының көрнекті ғұламасы, «Ислам дәлелі» / «Худжатул Ислам» деген атқа ие болған, Имам әл-Ғазали (оған Алланың рақымы болсын) өзінің «Иһйа улюму ддин» 1/330 кітабында, оразаны кәміл жасайтын алты құнды амалды келтіреді, соның ішіндегі бесіншісі – ауыз ашарда орташа ұстамдылықта болуды ескереді. Ол былай деп жазған:

 «… Бесінші. Сәресін ашарда рұқсат етілген аспен [халал] қарнын толтырып шектен шықпасын, өйткені кемшіліктерден пәк Алла Субхана уә Тағалаға, ең жеккөрген нәрсесі, бұл рұқсат етілген аспен толған қарын. Егер, ораза ұстаған, күндіз тамақтануын жіберіп алғанын, кешкісін ауыз ашарда тамақтанып соның орнын толтырса, Алланың жауын жеңіп, құмарлығын тоқтып және оразадан пайда көре алады ма?! Ол кейде шектен шығып, өзінің әдеттегі қалыпты жағдайынан артық дәмнен татады. Әр түрлі тағамдарды арнайы рамазан айына қалдыру және басқа айларда қолданбау — бұл адамдар арасында әдетке айналды. Бәріне белгілі болғандай, оразаның мақсаты – тамақтанудан бас тартып, құмарлықты басу және рухты тақуалыққа жақындату.

Таңнан кешке дейін, қарынды тамақтандырмай, оның құмарлығы қызбай және қалауы күшеймей тұрып, кейін оған дәмдерден таттырып және оны тойдырса, онда оның рақаттануы артады, күші көбейіп және құмарлығы артады, бұлар ұйқыда болуы мүмкін еді, егер де ол [оразаға дейінгі] әдеттегідей қалыпта болғанында. Рухани және оразаның жасырын пайдасы – құмарлықты әлсірету, ал бұл өз алдына адамды жамандыққа апаратын, шайтанның қаруы болып табылады. Оны әлсірету жолына жете алмайсың, егер оны азайтпасаң, ал бұл, ораза ұстамай тұрғанға дейінгі тамақтану, оның күнделікті кешкісін әдеттегідей тамақтанған асы. Ал егер ол күнделікті кешкі уақытта қолданып жүрген асына тағам мөлшерін қосатын болса, онда ол оразасынан өзіне пайдасын тигізе алмайды. Керсінше, оразадағы әдеп бойынша, күндіз ұзақ уақыт ұйықтау — қабылданбайды, өйткені ол аштық пен шөлді және әлсіздікті сезіне алмайды. Сол уақытта жүрек тазарады, әрбір түн өткен сайын [құмарлық] әлсірейді, сол себептен түні бой сергек болу және түнгі ғибадатына көңіл бөлуі жеңілдейді. Сонда ғана шайтан оның жүрегінің айналасында жүруін мүмкін қояр, және ол «көктегі жасырын патшалыққа» бұрылады [Малакут].

 Сондай-ақ, Лайлат әл-қадр [Қадір түні] түнінің білдірілген мағынасы — ол түні, жасырын білім Патшалығы ашылады [Малакут], және бұл Алла Тағаланың мына сөздерімен көрсетілген: إِنَّا أَنْزَلْنَاهُ فِي لَيْلَةِ الْقَدْرِ «Негізінен Құранды Қадыр түнінде түсірдік» [Құран 97-сүре, 1-аят]. Ал кімнің қарны нығыздап тамақпен толы болса, онда оның жүрегі Мәләкут Патшалығын тамашалаудан пердемен жабылады. Ал біреу өзінің қарнын босататын болса, онда ол да оған жеткіліксіз, Алла Тағаладан басқасынан өзінің алға қойған ниетін тазартпайынша. Міне, бұл ең негізгісі. Ал оның барлық бастамасы – асты азайту».

 Дерекнама: Taalib.ru
 Аударған: Darulahnaf.com