Пәтуәлар

Нығмет пен ризықты арттыратын 6 рецепт


Қасиетті Құран мен хадистерде келген кедейлікті кетіретін және ризықты молайтатын рецептілер тізімі: 


 1. Тақуалық: Алла Тағаланың бұйрықтарын орындау және ол тыйғандардан тыйылу. « Кім Алладан қорықса, оған қиындықтан шығар бір жол пайда қылады. Оған Алла ойламаған жерден ризық береді». (Құран 65:2-3)

 2. Қажылық пен умраны жиі жасап тұру «Қажылық пен умраны жиі жасап тұрыңдар. Оттың темірден, алтын мен күмістен тотты қалай кетіргені сияқты,бұл амал да кедейлік пен кемтарлықты дәл солай кетіреді». (Тирмизи, Насаи)

3. Туыстық қарым-қатынасты үзбеу «Кімде-кім ырыздығының молаюын, өмірінің ұзақ болуын қаласа туысына қарайлассын». (Бұхари)

 4. Истиғфар мен тәубе етуге асығу «Әрі өздеріңді малдар, балалармен қамдайды. Және сендер үшін бақшалар жасап, өзендер ағызады».(Құран 71:12)

 5. Алла Тағалаға шүкіршілік ету « Сол уақытта Раббыларың: " Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін. Ал, егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты"». ( Құран 14:7)

 6. Садақа беру «Алла... сауданы арттырады ». (Құран 2:276)

 Дереккөз: askimam.ru

Комментариев нет