Пәтуәлар

Дүниеден өткен шейхқа "рабита" жасауға рұқсат па?


Сұрақ: 

 Егер муршид өлсе, оған рабита жасауға болады ма? (Павлодар, Казахстан)

 Жауап: 

 Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
 Әссәләму ғәлейкум уа рахматуллахи уа баракатух!

 Егер «рабита» сөзінің түбінде сіз қайтыс болған шейхқа эмоционалдық бауыр басуды айтсаңыз, оның ішінде оған деген сүйіспеншілік ретінде садақа берсеңіз немесе оның атынан сауапты істер жасайтын болсаңыз, ол сізді тірі кезінде насихаттап тура жолға түсуіңізге себепші болғаны үшін онда бұған рұқсат. Бұл сіз жақсы көретін қайтыс болған адамдар үшін садақа беріп, сауапты амалдар жасағаныңызбен тең.

 Егер «рабитаның» астында сіз шейхпен рухани байланыс сақталған, ол сіздің жасаған амалдарыңызды, ішкі дүниеңізді біледі және т.б істеріңізді біледі деп санасаңыз онда оған рұқсат жоқ. Бұндай сенім көпқұдайшылыққа (ширкке) жатады.

 Алла Тағала жақсырақ білуші Уәссалам.



 Толықтыру:

 Сұрақ:

 Рабита туралы жауапты оқып, онша түсіне қоймадым, неге бұл іс ширк болып саналады, егер тариқаттың мюридтері олар мен шейхтардың жүрегінде рухани байланыс бар деп санаса және шейх Алла берген кереметке ие болса, яғни ол Алланың қалауымен мюридтің жан дүниесін білетін болса? (Татарстан)

 Жауап: 

 Аса қамқор Алланың атымен бастаймын! 
Әссәләму ғәлейкум уа рахматуллахи уа баракатух!

 Біз өткен жауабымызда жазғанымыздай:

 Егер «рабитаның» астында сіз шейхпен рухани байланыс сақталған, ол сіздің жасаған амалдарыңызды, ішкі дүниеңізді біледі және т.б істеріңізді біледі деп санасаңыз онда оған рұқсат жоқ. Бұндай сенім көпқұдайшылыққа (ширкке) жатады.

 Бұндай сенім ширк болып табылады , өйткені шейх ғайыпты біледі дегенмен тең болады. Ғайып ілімі – ол тек бір Алланың ғана білетіні, өз елшілеріне білдірткендерінен басқа. 

Жоғарыда көрсетілген рабита жайлы сенім , оны карамат ,ол жай ғана болжам деп ақтап алу көптеген қате сенімдерге есік ашады.

 Бірде-бір сахабалардан (Алла оларға разы болсын) Пайғамбарымызбен (салляллаху алейхи уа саллям) бұндай рухани байланыс жасағандығы жайлы ешбір хабар келмеген, деседе ол Пайғамбарлардың ең ұлысы еді. Және шейх кім болсада, барлық сенімдер мен сабақтар Құран мен Хадиске сәйкес тексерілуі керек. Егер олар Құран мен Хадиске сәйкес келсе онда бұл – тамаша. Ал егер оларға қарсы келсе, онда олардан бас тартқан жөн.

 Алла Тағала жақсырақ білуші. Уәссалам.

 Муфтий Сухайл Тармахомед Ханафи
 Пәтуәлар орталағы (Сиэтл, АҚШ)  
 Ғұламалар кеңесінің пәтуәлар бөлімі (Квазулу-Натал, ОАР) Q649, Q602 

Дереккөз: Askimam.ru 
Аударған: Darulahnaf.com

Комментариев нет