Пәтуәлар

Намазда қолды көкірекке байлау мәкрух.


Имам Мужатхид Ахмад ибн Ханбал (рахматуллахи ғәлейхи) намазда қолды көкірекке қоюды мәкрух деді, және қолды кіндіктің астына қоюға болады деген.
(Қр. «Масаил әл-Имам Ахмад» имам Әбу Дауд әл-Сиджистани төменде жеткізуімен).


Айта кетерлік, әйгілі төрт имамның біреуі де (егер олардан сахих риуаяттарды алатын болсақ): Имам Әбу Ханифа, Малик, Шафиғи және Ахмад намазда қолды көкірекке қою жайлы айтпаған. Жоғарыда айтылған пікірді мысалдармен дәлелдеу үшін, ұлы хадис Имамы Ахмад бин Ханбалдан сахих риуаятпен жеткен пәтуасын көрейік. Хадис Имамының шәкірті, "Сунан" жинағының авторы Әбу Дауд әл-Сиджистани (275 х.ж) «Масаил әл-Имам Ахмад» ( 47-48 бет) кітабында былай деп жеткізген:


 قُلْتُ لِأَحْمَدَ ” وَضْعُ الْيَمِينِ عَلَى الشِّمَالِ فِي الصَّلَاةِ تَخْتَارُهُ؟ قَالَ : نَعَمْ “.وَسَمِعْتُهُ ” سُئِلَ عَنْ وَضْعِهِ، فَقَالَ : فَوْقَ السُّرَّةِ قَلِيلًا، وَإِنْ كَانَ تَحْتَ السُّرَّةِ فَلَا بَأْسَ“.وَسَمِعْتُهُ يَقُولُ : ” يَكْرَهُ أَنْ يَكُونَ، يَعْنِي : وَضْعَ الْيَدَيْنِ عِنْدَ الصَّدْرِ 

 «Мен Ахмадтан былай сұрадым: - «Намазда оң қолды сол қолдың үстіне қою бұл сенің таңдаған ұстанымың ба?» Ол: -«Иә» деді. Және мен одан намазда қолды қою жайында сұралғанын естідім, ол айтты: «Кіндіктен сәл жоғары. Егер кіндіктен төмен болса бұда еш зияны жоқ». Жәнеде мен оның мына сөздерін естідім: «Былай істеу жазғырылады», яғни қолды көкірекке қою (индас-садр)».

 Және тағы бір әйгілі хадис имамы Исхақ ибн Рахауай (238 х.ж), Имам Ахмадтың замандасы, Имам Бұхаридің шәкірті, намазда қолды кіндіктің астына қою хадис тұрғысынан ең дұрыс ұстаным деген. Бұл жайлы Шейх Исхақ ибн Мансур әл-Каусаи (251 х.ж) «Масаил әл-Имам Ахмад» кітабына пікірсарабында айтқан.

 Дереккөз: http://ahlussunnah.boards.net/thread/23/men-hands-on-

Комментариев нет